Орта ғасырлар тарихы деп аталатын дәуірде дүниежүзілік мәдениет пен өнер тарихында жаңа кезең басталды. Бұл кезең "Қайта өрлеу мәдениеті" деген атпен тарихқа енді



Дата06.01.2022
өлшемі15,65 Kb.
#13301
Байланысты:
Қайта өрлеу дәуірі


қайта өрлеу дәуірі

Орта ғасырлар тарихы деп аталатын дәуірде дүниежүзілік мәдениет пен өнер тарихында жаңа кезең басталды. Бұл кезең — "Қайта өрлеу мәдениеті" деген атпен тарихқа енді. Қайта өрлеу дәуірінің алғаш дамыған жері Италия елі болды. Ол дамыған, өркендеген мемлекет еді. Онда саяси, рухани-эстетикалық көзқарастар туып, адамдардың ой өрістерінің көмегімен әрекет жасауға болатынына көздері жете бастады. Сондықтан ғылымға деген, әлемнің тұңғиық сырларын ашуға деген құштарлықтары арта түсті. Бұл ғылым мен өнерге барынша ден қоюға жол ашты. XV—XVI ғасырларда өмір сүрген Италияның мәдениет қайраткерлері өз дәуіріндегі өнер өрісін өте жоғары бағалады. Енді Батыс Еуропада өркендеу дәуірі қалыптаса бастады. Мұндағы басталған өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс — бірте-бірте Англия, Германия, Франдия, Испания, Голландия және тағы басқа елдерге тарады. Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұраларының үлгісіне байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес еді, өнер уақыт талабына сай мазмұны жағынан байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірі туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілері анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды. Сондықтан да ренессанс шеберлері көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін, болашақ ұрпақтарға тарту етті. Италияның Қайта өрлеу дәуірі екіге бөлінеді,бірі—XV ғасыр. Алғашкы қайта өрлеу, ал екіншісі — XVI ғасырдағы Жоғары кайта өрлеу дәуірі. Алғашқы қайта өрлеу дәуірінің негізгі дамыған орталығы Флоренция болды, кейін XVI ғасырда Римге ауысты. Мұндағы түбірлі өзгеріс сәулет саласында болды. Сәулетшілер Италияда етек жайған романдық және готикалық стильдерден біржолата бас тартты. Қайта өрлеу дәуірінің ең белгілі ғимараты — Римдегі Әулие Петр кцмбезі. Бұл ғимарат жұз жылдан астам уақыт бойы тұрғызылды. Құрылыстың алғашқы жобасын жасаған сәулетшілер — Браманте мен Микеланджело есімдерін айтуға болады. Сәулетші Микеланджело биіктігі 132 метрлік зор кұмбезді салуды ойластырған. Қайта өрлеу ғимараттары түрлі бағаналармен көмкеріліп, аса күрделі жасалды. Ңайта өрлеу дәуірі өнерінің алғашқы суретшілерінің бірі — ұлы суретші Джотто (1267—1337) болды. Ол Римдегі антикалық өнермен жан-жақты танысты және сонда жүріп "Новичелла" атты мозаикалық шығармасын жазды. Джоттоның атағын шығарған еңбегі — "Иуда ишараты" жұмысы. Қайта өрлеу дәуірінің суретшісі, мүсіншісі әйгілі Донателло (1386—1466) Флоренцияда дүниеге келген. Әйгілі мүсінші Лоренцо Гиберти шеберханасында мүсін өнерінен тәлім алып, жұмыс істеген. Оның атақты шығармасы — Давид мүсіні. Аңыз бойынша Саул патшаның еліне қырық күн бойы қырғын салған, ешкім жеңбеген қанішер Голиаф деген сұсты батыр болады. Соған қарсы қарапайым бақташы бала — Давид шығады. Донателло шығармасына негіз болған осы аңыздағы Давид ерлігі шынайы қалпында мүсінделген. Алғашқы қайта өрлеу дәуірінің тағы бір мүсіншісі — Андреа дель Верроккио (1435—1488). Ол Донателлоның шәкірті, жолын жалғастырушы болды. Оның атақты мүсінескерткіші — әскери қолбасшы, полковник Коллеониге тұрғызылған шығармасы Венецияда орын алған. Сол кездегі белгілі қылқалам шебері Мазаччо болды. Бұл суретші өнердің терең сырларын Джоттодан үйренді. Флоренциядағы көне шіркеудегі екі фресканы Мазаччо 1427 жылы ешбір көмекшісіз жалғыз салады. Біріншісі — "Жұмақтан аластату", екіншісі — "Динарий ғаламаты" жұмыстары еді. Бұл — өзіндік бояуымен танылған Бранкаччи капелласы. Кейіннен капелла италия суретшілерінің көптеген ұрпақтары үшін тәжірибе мектебі болды. Атақты өнер шеберлері, яғни Боттичелли, Леонардо, Рафаэль, Микеланджело осында жиі келіп, Мазаччо фрескаларымен танысты. Бұл суретші 1428 жылы Римде қайтыс болған. Суретші Мазаччодан кейін қылқалам шеберлерінің ішінен көрінген (Сандро Боттичелли (1445—1510) болды. Ол қылқалам шеберлерінің жоғары шыңына жетті. Әйгілі картинасының бірі — "Венераың тууы" болды. Тағы бір туындысы — "Көктем" картинасы. Мұнда ғаламат сұлу қозғалыс, иірім, гармония бар. Дене бітімі, сәйкестік заңдылығы керемет білгірлікпен берілген. Сандро Боттичелли, әсіресе, сұлу да әдемі мадонналарды жазумен әйгіленді.[1]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет