Орта ғасырлық индонезия. МҰсылмандардың келуі 6В01516 – География-тарих «Орта ғасырлар тарихы


Индонезиядағы Нидерланд Ост-Инд компаниясы



бет6/11
Дата01.06.2023
өлшемі1,34 Mb.
#97675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ұзақбай А.Т., Баубекұлы Б., Жексенбаев А.А. Орта ғасырлар тарихы Жоба 3

1.4 Индонезиядағы Нидерланд Ост-Инд компаниясы

Голландықтар және ағылшындықтардың Шығыс елдеріне енуі үш кезеңнен тұрады: сауда немесе базар; фактория - жағалаудағы экстерриториалды жерлер; басып алынған жерлер. 1602-1799 жж. Индонезияда Голландияның Ост-Инд компаниясы үстеемдік етті. 1602 ж. Нидерланды Бас Штаттары Индонезияда сауда жасайтын барлық коммуникациялардың Нидерланд Ост-Инд компаниясына бірігуіне рұқсат етті. Осы жылы 6 қалалық сауда палатасы: Амстердам, Мидлбург, Делфта, Роттердам, Хоорна, Энкхюйзен НОИК-ке капитал құйды. Әр палата дербес әрекет жасады және кемелерін өздері қамтамасыз етті.


НОИК Добрая Надежда мүйісінен (Оңтүстік Африка Республикасы) Магеллан бұғазына (Оңтүстік Америка) дейінгі жерлерден ШЫҒЫС бағытындағы барлық елдермен сауда монополиясын жасауға құқық алды. Компания құжатында бұл елдердің Бас Штаттың атынан келіссөздер жасау, соғыстар жүргізу, бекіністер салу, әскер ұстау, қызметкерлерді жауапқа тарту құқықтары анықталды. Голландықтар 1605 ж. бастап португалдықтардың бекіністерін басып Индонезиядағы алды. Бастапқыда компанияның пайдасы зор болды. Айталық, 1610 ж. компания акционерлерге 3 мәрте дивиденд төледі, бұл салынған қаржының 132% құрады. Ағылшын-голланд қатынастары португалдықтарға қарсы бағытталды. XVII ғ. 20-30 жж. Индонезияда (Ява, Суматра) антиголландық және антифеодалдық қозғалыстар күшейді. ХѴІғ. соңында Матарам, Бантам, Гова аралдары Голландия вассалына айналды. Осылайша, португалдықтардан бастау алатын Индонезиядағы жергілікті сауданы жою ісін голландықтар аяқтады. Компанияның экономикалық саясаты Индонезияда сауда монополиясын орнатуға, қанаудың жаңа түрлерін енгізуге, құл саудасын жұргізуге, тауарларын сатып алушылар ауқымын кеңейтуге бағытталды. Компания Индонезиядағы феодалдық құрылыстың дамуына кедергі жасамады, тек мемлекеттің қондырмасы ретінде әрекет етті. Ява феодалдары кампанияның регенттері қызметін атқарды. ХѴІІ ғ. басында Нидерланды Ост-Инд компаниясы сауда отарлау компаниясынан территориялық отарлау империясына айналды. Елді аяусыз қанаған Ост-Инд компаниясы ХѴШ ғ. соңында экономикалық құлдырауы басталды. Оған үздіксіз соғыстар, халық наразылықтары, контрабандалық сауданың өсуі, коррупция, сауда монополиясының әлсіреуі, ағылшын-голланд бәсекелестігі себеп болды [4].
1780-1784 жж. болған төртінші ағылшын-голланд соғысы кезінде ағылшындар Суматраның едәуір бөлігін басып алды. Бұл голландықтардың Еуропамен байланысын үзді, бұл соғыс ағылшындардың пайдасына шешілді. 1798 ж. Батава Республикасы (1795 ж. бастап Нидерланды осылай аталған) Нидерланд Ост-Инд компаниясын жою туралы шешім қабылдайды. Компанияның барлық мүлкі, қарыздары Нидерланды үкіметіне өтеді. 1799 ж. 31 желтоқсанда Нидерланд Ост- Инд компаниясы өмір сүруін тоқтатты. Алайда, компанияның күйреуі Индонезияны голланд үстемдігінен толық құтқара алмады. Бұдан кейінгі жылдары Индонезияның голланд отарлаушыларына қарсы азаттық күресі жүз елу жылға созылды.



Сурет 4 - Хаутман, Корнелиус де (1565-1599) - нидерландылық теңізде жүзуші, неоотаршыл қайраткер. Еуропадан Малай архипелағына жаңа теңіз жолын ашқан Индонезия аумағына бірінші голландиялық сауда экспедициясын (1595-1597) баскарған. 1598 ж. Ост-Индия аралдарына Хаутманның екінші экспедициясы келді. Суматра аралында Ачеха облысының сұлтанымен қақтығыста Корнелиус қаза тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет