Орта сыныптарға арналған «Қоршаған орта экологиясы»



жүктеу 1.16 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата06.03.2017
өлшемі1.16 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

1
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Орта сыныптарға арналған
«Қоршаған орта экологиясы» 
оқу-әдістемелік құралы
Ақтау 2016

2
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
УДК 373.167.1:502.1 (075.3)
ББК 20.1я72
Қоршаған орта экологиясы: Орта мектептің орта сыныптарына арналған 
оқу-әдістемелік құралы/. Актау: 2016.
ISBN 978-601-239-450-4
Орта мектептің орта сыныптарына арналған «Қоршаған орта экологиясы» 
оқу-әдістемелік құралы Маңғыстау облысының 2010-2015 жылдарға арналған 
қоршаған  ортаны  қорғау  және  тұрақты  даму  саласындағы  үздіксіз  білім  беру 
бағдарламасы негізінде дайындалған. 
Оқу  құралы  оқушылардың  экологиялық  білімдерін,  саналарын,  дағдыла-
рын қалыптастыруға  АӘТ (ақыл ой әрекетінің тәсілдері) платформасы арқылы 
тиімді педагогикалық тәсілдерді таңдауға және сабақ алгоритмін құрастыруға, 
сонымен қатар сабаққа әзірлемелерді жоспарлауға, дайындауға және оны жүргі-
зуге негізделген. 
Инновациялық педагогикалық технология көмегімен білім негізін тұрақты 
меңгеру үшін білім берудің қазіргі үдерісінде жаңа техникалық көрнекі құрал-
дар және ақпараттық ресурстардың қол жетімділігі басты рөл атқарады, бұл са-
палы білімге қол жеткізуге және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-
ды қолдану үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді. 
Оқу-әдістемелік құрал ретінде аталмыш жұмыс орта мектептің жоғары сы-
ныптары және барлық қызығушылық танытқан ата-аналар үшін пайдалы болып 
табылады. 
Орта мектептің орта сыныптарына арналған «Қоршаған орта экологиясы» 
оқу-әдістемелік құралын «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және таби-
ғатты пайдалануды реттеу Басқармасы» ММ тапсырысы және қолдауы бойын-
ша «Тұрақты дамуға көмектесу» Орталығы Қоғамдық қоры әзірлеген.  
УДК 373.167.1:502.1 (075.3)
ISBN 978-601-239-450-4
© «Тұрақты дамуға көмектесу Орталығы» ҚҚ, 2016

3
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Орта мектептің орта сыныптарына арналған  
«Қоршаған орта экологиясы» оқу-әдістемелік  
құралының бағдарламасы
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Тақырыптар атауы
Апталар
1
2
3
1
Ағза және қоршаған орта
1
2
Ауа
2-3
3
Сусыз тіршілік жоқ
4-5
4
Туған жердің топырағы
6
5
Қорытынды сабақ
7
6
Қалдықтарды табысқа айналдыру
8-9
7
Радиация
10
8
Космос: Бүгін! Ертең?
11
9
Қорытынды сабақ
12
10
Көгілдір планетадағы қара дақ
13-14
11
Автокөлік: дос немесе жау?
15-16
12
Шу және шумен ластану
17-18
13
Тұрмыстық заттар
19
14
Тағамдық қауіпсіздік. ГМА
20-21
15
Біздің денсаулығымыз өз қолымызда
22
16
Жабайы және үй жануарлары
23
17
Қорытынды сабақ
24
18
Жұмыс орнындағы еңбек шарттары
25-26
19
Мектептегі еңбек шарттары
27
20
Маңғыстау облысының мәселелері
28-29
21
Қорытынды сабақ
30
КУРС МАЗМҰНЫ
1. Ағза және қоршаған орта
Қоршаған орта дегеніміз не? Қоршаған орта компоненттерінің өзара 
байланысы. Қоршаған ортадағы адамның рөлі. 
Практикалық жұмыс: «Қоршаған ортадағы тәртіп ережелерін» үй-
рену. «Қоршаған орта» тізімін толықтыру. «Қоршаған орта» сызбасын 
қарастыру.  Адамға  және  оның  болашағы  үшін  қоршаған  орта  туралы 

4
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
білімдер неліктен қажет екенін мысалдар арқылы түсіндіру. Әлемдегі 
адамның рөлі тақырыбы туралы өз бетінше пікір беру. 
2. Ауа!
Ауа  дегеніміз  не?  Ауа  құрамы.  Фотосинтез  үрдісі.  Атмосфералық 
ауаның ластану көздері. Ауаның ластануын күшейтетін негізгі фактор-
лар.
Практикалық жұмыс: Құрғақ ауаның құрамы туралы диаграмма-
ны қарастыру. «Атмосферадағы оттегі үлесі неліктен қысқаруда және 
оған адамның қатысы бар деп есептеуге бола ма?» тақырыбын талқы-
лау.  Атмосфералық ауаның негізгі ластану көздерін  суреттер бойын-
ша  анықтау.  Маңғыстау  облысының  атмосфералық  ауасының  сапа-
сын сипаттау. «Маңғыстау облысының таза ауасы» жобасы және оны 
рәсімдеу.  
3. Сусыз тіршілік жоқ
Су дегеніміз не? Су құрамы. Әлемдегі су массасы. Тұщы су дегеніміз 
не? Адам баласына күн сайынғы тұтыну үшін қанша литр су керек?  
Практикалық жұмыс: Су құрамын анықтау. Бір жанұяға қанша су 
жұмсалатынын есептеу. Үй жағдайында суды қалай үнемдеуге болады? 
Жанұя, қоғам және қоршаған ортадағы суды үнемдеу қандай нәтиже бе-
реді деген сұрақтарға жауап бере отырып, тізімді жалғастыру. 
4. Туған жердің топырағы
Топырақтың қызметі. Топырақ түрлері. Топырақтың бұзылуы. Топы-
рақ қабатын қалай сақтауға болады?
Практикалық жұмыс: Топырақты қорғау жөніндегі ұсынылған кес-
тені оқи отырып,  таблоны толтыру. Қазақстан мен Маңғыстау облысы-
ның топырақ түрлерін анықтау. «Топыраққа адам қандай қауіп төндіру-
де?» сызбасын қарастыру. Топырақты қорғау жөніндегі бірнеше мысал-
дар келтіру. 
5. Қорытынды сабақ
Коммонер заңын түсіндіру. Жұмбақты шешу. «Біздің өлкенің топы-
рағы» тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру. Қаланың әртүрлі бес ор-
нындағы ауа сапасын анықтау. 
Зертханалық  жұмыс:  Жерді  отырғызуға  дайын  екендігін  анықтау. 
Бір оқулықты және басылымның бәрін шығару үшін қанша ағаш кесі-
летіндігін есептеу. Жеке пікіріңді жазу. 
6. Қалдықтарды табысқа айналдыру
Қалдық немесе күл-қоқыс дегеніміз не? Қалдық түрлері. Қалдықтар 
қаншалықты қауіпті? Қалдықтар көмегімен ресурстарды қаншалықты 
үнемдеуге болады? Қалдық санын қысқарту жөніндегі шетелдік тәжі-
рибелер.  

5
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Практикалық жұмыс: Қалдық түрлерін талдау. Тұрмыстық қалдық-
тарды  төмендету  тәсілдерін  үйрену.  «Мектептегі  күл-қоқыс  көлемін 
қысқарту» жобасының презентациясын дайындау. 
7. Радиация
Радиация дегеніміз не? Сәулелену түрлері. Ағзаға радиацияның ық-
палы. 
Практикалық жұмыс: Бомба типтері және олардың тасталған күн-
дері туралы тарихты еске ала отырып, берілген сұрақтарға жауап беру. 
Ядролық  полигондар  туралы  талқылау.  Зиянды  сәулеленуден  қорғану 
жөнінде бірнеше мысалдар келтіру. Адамның сыртқы және ішкі сәуле-
ленуі. «Мұхит – ядролық және басқа да қалдықтарды орналастыру ме-
кені» тақырыбы бойынша өз пікіріңді  білдіру.
8. Ғарыш: Бүгін! Ертең?
Ғарыш дегеніміз не? Ғарыштық іс-әрекеттердің қоршаған ортаға ық-
палы.  Ғарышты  игеру.  Жер  шарындағы  «ғарыштық  күл-қоқыс»  мәсе-
лесі. Зымыранның ұшуы кезіндегі жанғыш өнімдермен атмосфералық 
ауаның ластануы.  
Практикалық жұмыс: Ғарыш игерудің жағымды және теріс жақта-
рын сипаттау. \Ғарыш игеру туралы өз пікірлеріңді келтіру. 
9. Қорытынды сабақ
Қалдықтар мәселесін шешу жөніндегі табиғатты қорғау шараларын 
атап өту. Қоршаған ортаның ластануы туралы сызбаны толтыру. Аумақ-
тағы  радиоактивті  цезий  концентрациясын  қаншалықты  төмендетуге 
болатынын есептеу. Қаншалықты уақыт аралығында біз Жер планета-
сының озон қабатын тауыса алатынымызды анықтау.
10. Көгілдір планетадағы қара дақ (мұнай)
Мұнайдың  ашылу  тарихы.  Бүгінгі  мұнайдың  маңызы.  Мұнай  қан-
шалықты қауіпті? Мұнаймен ластану мәселелерінен қоршаған ортаны 
қалай сақтауға болады? 
Практикалық жұмыс: Әлемдік су қоймаларының мұнай өнімдері-
мен жыл сайынғы ластану көлемін анықтау. Мұнай өнімдерінен таби-
ғатты қорғаудың бірнеше мысалдарын жазу. «Теңіз мұнайдан қымбат»  
атты жеке жобаны ұсыну. 
Зертханалық жұмыс: Мұнайдың төгілуінен теңізді сақтау.  
11. Автокөлік: дос немесе жау?!
Көлік түрлері. Қоршаған ортаға әртүрлі транспорт түрлерінің ықпалы. 
Практикалық  жұмыс: Ірі қаладағы автокөлік магистралының жо-
баларына  түсініктеме  беру.  Автотранспорт  құралдарының  түрлері  бо-
йынша  диаграмманы  қарастыру.  Қоршаған  ортаға  әртүрлі  транспорт 
түрлерінің ықпалын анықтау. Автокөлік арқылы шығындалатын оттегі 

6
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
санын және осының салдарынан туындайтын зиянды заттардың санын 
анықтау. Автокөліктің оң және теріс жақтарын анықтау. 
12. Шу және шумен ластану
Шумен ластану дегеніміз не? Шумен ластанудың негізгі көздері. Ағ-
заға шудың әсері. Шумен ластанудан қалай қорғануға болады?  
Практикалық жұмыс: Шумен ластанудың негізгі көздерін атау. Шу 
деңгейін зерттеу. Шу деңгейін анықтау. 5 балдық шкаланы пайдалана 
отырып, шуды төмендету және бірнеше мысалдар келтіру. Қорытынды 
жасау. 
13. Тұрмыстық заттар
Тұрмыстық заттарға не жатады? Синтетикалық және химиялық зат-
тар  дегеніміз  не?  Тұрмыстық  химия  заттарының  пайдалылығы  және 
зияндылығы. Техника – тұрмыстық заттардың бір түрі. Суретке назар 
аудара отырып, қалыпты жұмыс позасын анықтау.
Практикалық жұмыс: Тұрмыстық химия заттарын атау. Адам өмірі-
не тұрмыстық химияның пайдасы мен зиянын анықтау. «Синтетикалық 
жуғыш құралдар қажет пе» деген тақырыптағы рөлдік ойын. Ғылыми-
техникалық жетістік барысында пайда болған техникаларды атау. Тех-
никаның оң және теріс жақтарын анықтау.    
14. Тағам қауіпсіздігі, ГМА туралы 
Тағам  қауіпсіздігі  дегеніміз  не?  Генетикалық-модификацияланған 
ағзалар: анықтамасы, ағзаға әсері.
Практикалық жұмыс: Әлемдегі аштық мәселелерін қарастыру. Өз 
аймағыңдағы  аштық  мәселелерінің  шешімін  қарастыру.  Генетикалық-
модификацияланған ағзаларды зерттеу. ГМА оң және теріс жақтары. 
15. Біздің денсаулығымыз өз қолымызда
Дәрі дегеніміз не? Дәрілік құралдарды дұрыс пайдалану жолдары. 
Дәрілік өсімдіктер: шырғанақ, алоэ, дәрілік бақбақ.
Практикалық жұмыс: Дәрілерді дұрыс пайдалану туралы бірнеше 
мысалдарды келтіру. Дәірі- дәрмек неден жасалатынын анықтау. Дәрілік 
өсімдіктерді  зерттеу.  Өзің  тұратын  аймақта  қандай  дәрілік  өсімдіктер 
өседі және оған қысқаша сипаттама беру. 
16. Жабайы және үй жануарлары
Жануарлар дегеніміз не? Жабайы және үй жануарлары. Маңғыстау 
облысының жануарлары. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген жа-
нуарлар. Жануарлардың жойылу қауіптілігі және осы мәселемен күресу 
жолдары. 
Практикалық жұмыс: Жұмбақты шешу. Шешілген жұмбақ бойын-
ша жабайы және үй жануарларын бөлу. Жабайы және үй жануарлары-
ның арасындағы айырмашылықтарды жазу. Сөзжұмбақты шешу. Маң-

7
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
ғыстау  облысының  жануарларын  сипаттап  жазу  және  Қазақстанның 
Қызыл кітабына енгізілген жануарларды тізбектеу. Жануарларды қорғау 
туралы шараларын жазу. «Үй жануарларын қалай күтуге болады» деген 
тақырыпта әңгіме жазу. 
17. Қорытынды сабақ 
Атмосфераға автокөлік қанша зиянды заттар шығаратынын есептеп 
жазу.  Мұнаймен ластанған  ауданды есептеу. Ғимарат ішіндегі шу дең-
гейін анықтау. Ерекше қорғалатын аумақтарды карта бойынша анықтау. 
18.Жұмыс орнындағы еңбек шарттары
Жұмыс  орнындағы  еңбек  шарттары  және  факторлары.  Жұмыс  ор-
нындағы негізгі санитарлық-экологиялық талаптар.
Практикалық  жұмыс:  Жұмыс  бөлмесінің  санитарлық  нормасын 
анықтау. Өз сыныбыңның санитарлық жағдайын нормативтер негізін-
де  бағалау. Бекітілген нормаға сәйкес санитарлық нормалардың бұзы-
лу факторларын, себептерін және жою жөніндегі шаралар жиынтығын 
анықтау. 
19. Мектептегі еңбек шарттары
Мектеп дегеніміз не? Ынтымақтастық принциптері. Құрметтеу және 
сенім принциптері. 
Практикалық жұмыс: Мектеп туралы өз ойларын жазу. Ынтымақ-
тастық,  құрметтеу  және  сенім  принциптерін  талқылау.  Әрбір  оқушы 
тәулігіне қанша шаң-тозаң жұтатынын есептеу. 
20. Маңғыстау облысының мәселелері
Табиғи-климаттық  жағдай.  Топырақтың  мұнаймен  ластануы.  Маң-
ғыстау облысы аумағындағы қалдықтар. Атмосфералық ауа, су ресурс-
тары, биоалуандылықтың бұзылуы, қалдықтармен ластану секілді мә-
селелер. 
Практикалық жұмыс: Облысқа географиялық сипаттама беру. Қор-
шаған  орта  компоненттерін  қарастыру:  топырақ  жамылғысы,  ауаның, 
жер үсті суларының ластануы.  Мұнайдың теріс әсерін қысқарту, қал-
дық  мәселесін  шешу,  топырақ  жамылғысын  қорғау  туралы  мысалдар 
келтіру. Маңғыстау облысының мәселелерін анықтау. Маңғыстау облы-
сында  тағы да қандай экологиялық мәселелер бар екендігін анықтау. 
21. Қорытынды сабақ.
Адам  өміріне  табиғи  жағдайлардың  ықпалын  анықтау.  «Каспий 
теңізі»  есебін  қарастыра  отырып,  Қазақстанға  Каспий  теңізінің  жаға-
лау сызықтарының қанша пайызы келетінін анықтау. «Қоршаған ортада 
әрбір адам өзін қалай ұстауы керек» тақырыбында жоба дайындау.  

8
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
1. АҒЗА ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортамен ұқыпты қаты-
наста болуға, жаһандық экологиялық мәселелерді көруге және оларды 
шешу жолдарын іздеуге тәрбиелеу. 
Көрнекі құралдар – проектор, экран (интерактивті тақта), тақырып 
бойынша презентация, оқушылардың жұмыс дәптерлері
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.  Журнал бойынша оқушылардың сабаққа 
қатынасуын тексеру. Сынып бойынша кезекшіге оқушылардың сабаққа  
дайындығын (оқуға қажетті заттарының бар болуы) тексеруді, оқушы-
ларды топ бойынша отырғызуды тапсыру. 
2. Жаңа тақырыпты меңгеру(1-слайд)
Жаңа тақырыпқа арналған кіріспе сұрақтар (2-слайд):
– «Қоршаған орта» түсінігін қалай түсінесіздер? 
– Сіз білесіз бе, қоғамда өзін-өзі қалай ұстай білуі керек?
– Ал қоршаған орта жағдайында өзін-өзі қалай ұстау керектігін Сіз 
білесіз бе? 
Тапсырма: Біз сабағымызды бастамас бұрын, сіздер жұмыс дәптер-
леріңізге жоғарыда берілген сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыздар. 
Мұғалімнің мәтіні: Келесідей ереже бар. «Таңертен орныңнан тұр, 
жуын,  өзіңді  ретке  келтірумен  қатар  өз  планетаңды  да  ретке  келтір» 
(3-слайд). 
Біздер қоршаған орта деген не және қазіргі уақытта адамзат бала-
сы  немесе  антропогендік  факторлар  қоршаған  ортаға  қалай  ықпал 
ететіндігі жайында білеміз. 
Мұғалімнің мәтіні:  Келесі слайдта көрсетілген мәтінді кім оқиды? 
(4,5-слайдтар). Оқушылар слайдтағы мәтінді оқиды, ауызша талқылайды. 
Тапсырма: 6-слайдта көрсетілген сызбаны түсіндіріңіз? 
Оқушылар қоршаған ортаның компоненттерін, олардың бір-бірімен 
өзара  байланыстарын,  сонымен  қатар  қоршаған  ортаға  адам  іс-әре-
кетінің нәтижелері қалай әсер ететіндігі туралы айтып береді. 
Мұғалімнің қысқаша қорытындысы: Қоршаған орта – адамзат ба-
ласының мекен ету және іс-әрекет ортасы. Сызбада сіздер көріп отыр-
ған қоршаған ортаның компоненттері – бұл ауа, су, топырақ, өсімдіктер 
және жануарлар әлемі, адам (7-слайд) көрсетілген. 
Тапсырма  (8-слайд)  –  ақылмандар  сарабы  (немесе  ой  талқысы): 
Неліктен адамзат өзінің болашақ өмірінде қоршаған орта туралы білім-
дерді білуі қажет? Жауаптарыңызды мысалмен келтіруге тырысыңыз-
дар. 

9
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, мысалдар келтіреді.  
Мұғалімнің мәтіні:  Ал енді қазіргі уақыттағы ғылымның дамуы 
мен адамдардың жетістіктері туралы әңгімелейміз. Қалай ойлайсыздар, 
қоршаған ортаға адамзат баласынан келетін пайданың немесе зиянның 
қайсысы жоғары? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер (жазбаша түрде де 
болады). 
Мұғалімнің  қысқаша  қорытындысы:  Ғылым  мен  техниканың 
дамуы  адамзат  баласын  планетадағы  ең  күшті  күшке  айналдырды. 
Оның күш-жігеріде қоршаған ортаға жоғары ықпал етуінен де көрінеді 
(9-слайд). 
Әлемде  және  қоршаған  ортаның  бұзылу  қауіптілігі  жағдайында 
адамның рөлі туралы екі қарама-қарсы пікір қалыптасқан (10-слайд): 
1.  Бірінші  көзқарас  бойынша,  қазіргі  әлемдегі  жағдайды  осы  қал-
пында  сақтау  табиғаттың  таусылу  үрдісін  тереңдетіп,  әлемді  апатты 
жағдайға алып келеді 
2. Екінші көзқарас бойынша, қазіргі технологиялық жетістіктер бар-
лық экологиялық мәселелерді табысты түрде шешуге мүмкіндік береді 
Тапсырма  (11-слайд):  Сіз  қай  тұжырыммен  келісесіз?  Әлемдегі 
адамның  рөлі  туралы  бірінші  және  екінші  көзқарастың  пайдалылығы 
туралы өздеріңіздің қорытындыларыңызды дәптерге жазыңыздар. 
3. Білімді бекіту:
Сұрақтар: 
1. Қоршаған ортаның компоненттерін атаңыз. 
2. Адам өзінің іс-әрекетімен қоршаған ортаға қалай ықпал етеді?
3. Техниканың дамуы туралы сіз не айта аласыз, ол қоршаған ортаға 
қалай әсер етеді?
4. Үй тапсырмасы(12-слайд).
Қазіргі  уақыттағы  экология  туралы  өз  көзқарастарыңызды  жазы-
ңыздар. Қоршаған ортаның жаһандық мәселелері немен байланысты? 
Адамзат – осы мәселенің басты себепшісі ме? Осы мәселелерден шығу-
дың жолдарын ұсыныңыздар.
2. АУА
Сабақтың  мақсаты:  оқушыларды  ауаның  құрамы  мен  оның 
негізгі физикалық қасиеттерімен таныстыру,
 газтектес заттар туралы 
білімді  нығайту,  бақылауға  үйрету,  танымдық  қызығушылықтарын 
арттыру, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, топта жұмыс жасау-
ға үйрету;  

10
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Көрнекі құралдар – проектор, экран (интерактивті тақта), тақырып 
бойынша презентация, оқушылардың жұмыс дәптерлері
Сабақ барысы.
1.  Ұйымдастыру  кезеңі.  Журнал  бойынша  оқушылардың  сабаққа 
қатынасуын тексеру. Сынып бойынша кезекшіге оқушылардың сабаққа  
дайындығын (оқуға қажетті заттарының бар болуы) тексеруді, оқушы-
ларды топ бойынша отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
Оқушылар өз таңдаулары бойынша қазіргі уақыттағы экология ту-
ралы  өз  пікірлерін  айтады.  Қайсыңыз  қоршаған  ортаның  жаһандық 
мәселелері туралы қандай көзқарастарды айта аласыз. Олар осы эколо-
гиялық мәселелердің барлығына адамзат баласы кінәлі деп есептей ме. 
талқылау жүргізеді және мұғалім қорытынды жасайды. 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру(1-слайд)
Мұғалімнің  мәтіні:  (2-слайд):  Сыныпта  біздер  тақтаны,  пар-
таны,  қабырғаны  және  терезе  сыртынан  үйлерді,  ағаштарды  көріп 
отырмыз.    Ал  ауаны  көре  аламыз  ба?  Біздер  қоршаған  ауаны  көре 
алмаймыз, бірақ кей жағдайда байқауға болады. Стакан қабырғасын-
дағы  ауаның  майда  көпіршіктерін  сіздер  барлығыңыз  көргенсіздер. 
Егер де суы бар шыны ыдысқа стаканды жоғары бөлігі жағынан тас-
тап және ақырындап оны аударатын болсақ, онда стаканнан ауаның 
қалай шығатынын және стакан орнына судың шығатынын байқауға 
болатынын көресіздер. 
Жер планетасы көзге көрінбейтін мөлдір жамылғы –
 атмосферамен 
қамтылған. Сіздер қалай ойлайсыздар, ауа барлық жерде бар ма, мыса-
лы, көшеде, бөлмеде, жерде, суда. Жердегі барлық еркін кеңістік ауамен 
толтырылған. Ауасыз жерде тіршілік жоқ. Егерде Жерде ауа жоғалатын 
болса, онда Айға ұқсар еді, яғни тіршіліксіз кеңістіктегі дене.
Мұғалімнің  мәтіні:  (3-слайд):  Келесі  слайдта  ауамен  танысамыз. 
Ол қайдан пайда болады екен? 
Оқушылар слайдтағы мәтінді оқиды. Сосын 2-3 оқушы осы ақпарат 
туралы өздерініңі пікірлерімен бөліседі. 
Сұрақ (4-слайд): Ауа құрамына не кіретінін кім айта алады? 
Оқушылар  сұрақтарға  жауап  береді  және  мұғалім  дұрыс  жауапты 
көрсетеді (слайдта анимация көрсетіледі). 
Мұғалім атмосфералық ауаның ластануы туралы қысқаша ақпарат-
ты береді (5-слайд). Сосын оқушыларға сұрақ қойылады. 
Сұрақ (6-слайд): фотосинтез не екенін кім айта алады? 
Оқушылар сұраққа жауап береді, мұғалім слайдты ашып (анимация 
қосылған) фотосинтез үдерісін түсіндіріп береді. 

11
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Тапсырма (7-слайд): Сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз: 

 Атмосферадағы оттегі үлесі неліктен қысқаруда?

 Осыған адамзат іс-әрекетін кінәлі деп санай аламыз ба? Қандай?
Оқушылар жауаптарын айтады және мұғалім қысқаша қорытынды 
жасайды. 
Мұғалім 8-слайдтан ауаның ластануы туралы кеңейтілген ақпаратты 
ұсынады.  
Мұғалімнің мәтіні: балалар енді топпен жұмыс жасаймыз. Сіздер 
4 топқа бөлінесіздер. Біздер қазіргі уақытта өзекті мәселелердің саны 
артып жатқандығын байқаймыз, соның бірі – ауаның ластануы. Соңғы 
слайдта  (8-слайд)  ауаның  ластануын  күшейтетін  4  негізгі  факторлар 
келтірілген.  Әрбір  топ  таңдалынған  фактор  бойынша  мысал  келтіре 
отырып, атмосфералық ауаның ластануын азайтатын нұсқаларын көр-
сетеді. 
Оқушылар мысалдар ккелтіре отырып, жағдайды қалай жақсартуға 
болатындығы  туралы  пікірлерін  көрсетеді,  сосын  топтар  шығып  сөй-
лейді, сыныпта талқылайды. 
Сұрақ (9-слайд): Неліктен ауылдық елдімекендерге қарағанда, қала 
сыртындағы ауру ағаштардың саны жоғары, ал олардың өмір сүру ұзақ-
тығы қысқа? 
Мұғалімнің мәтіні: (10-слайд): біздер ауаның ластануының табиғи 
және антропогендік ластануын білеміз. 
Тапсырма  (11-слайд):  Сәйкес  бағанға  атмосфераның  ластану  көз-
дерінің атауларын жазыңыздар. 
Мұғалім  ауаның  ластануы  неліктен  қауіпті  екендігін  түсіндіреді? 
(12-слайд). 
Сұрақ (12-слайд): Атмосфералық ауаның ластануын төмендету үшін 
сіздер не істей аласыздар? 
Жауап  нұсқалары  слайдта  көрсетілген.  Оқушылар  өздерінің  пікір-
лерін қосады.
Талқылауға арналған сұрақтар (13-слайд): Сіз тұратын өңірде қандай 
экологиялық жағдай қалыптасқандығын айтып беріңіз. Маңғыстау об-
лысының ауасы таза ма, сіз тұратын қалада ше? 

Каталог: media -> uploads
media -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
media -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
media -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
media -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
media -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
media -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
uploads -> Практикум по культуре речевого общения (Аспект «Анализ текста»)
uploads -> Бастауыш сыныптарға арналған «Қоршаған орта экологиясы»
uploads -> Русско-кыргызский словарь юридических терминов и иных понятий
uploads -> Минисетрство образования и науки кыргызской республики и. Арабаев атындагы кыргыз мамлекеттик университети


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет