Смайлик арқылы бағалау жүргізу
Балалардың саны
(Ж.Ж) Есептің шартын мұқият оқып, есепті сызба, сурет немесе қысқа жазба түрінде жазды.
- Балаларды лагерге жеткізу үшін неше рейс жасаған? (4)
- Әр рейсте неше автобус бар? (5)
-Әр автобуста неше орын бар? (25)
- Әр автобустағы орындардың саны белгілі болса, 5 автобустағы орын санын табуға бола ма?
- Оны қандай амал арқылы есептейміз? (Көбейту амалы)
- 4 рейсте қанша орын болғанын қалай білуге болады?
-Есептің сұрағына жауап берудің басқа қандай тәсілі бар?
Жұптар жауабын параққа жазып көрсетуіне болады. Екінші тәсілді табуға көбейтудің қандай қасиеті көмектескенін сұрау. Екі тәсілдің нәтижесінде алған жауаптарын салыстыру. Жауаптары беттеспеген жұптардың есебін тексеріп, талқылау.
Тапсырма
а) «Жасөркен» жазғы лагеріне балаларды автобустармен 4 рейс жасап жеткізді. Әр рейсте 25 орындық 5 автобус қатынады. Барлық автобус толы болса, лагерьге барлығы неше бала келген?
Жауабы:
а) Терімділік қасиеті.
1-тәсіл: 4 · (5 · 25) = 500 бала
2-тәсіл: (4 · 25) · 5 = 500 бала
ә) Төрт адамнан тұратын жанұя демалыс күндері бақта алма жинады. Бір күнде анасы мен қызы 15 кг және әкесі мен ұлы 22 кг алма жинады. Олар екі күнде барлығы неше килограмм алма жинады?
Жауабы:
ә) Үлестірімділік қасиеті.
1-тәсіл: (15 + 22) · 2 = 74 алма
2-тәсіл: 15 · 2 + 22 · 5 = 74 алма
Достарыңызбен бөлісу: |