Ортағасырдың араб ­парсы мәдениеті



Дата03.12.2023
өлшемі2,93 Mb.
#133577

Ортағасырдың араб ­парсы мәдениеті

Араб — ислам дінін ұстанып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және басқа да халықтар өркениеті. Ғылымда “араб мәдениеті” деген атпен белгілі. Орта ғасырларда Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Еуропада өркен жайған. Ғылымды дамытуға және оны басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып, қалыптасты. Бұрын сабей тілінде сөйлейтін Оңтүстік Арабия халқының көне мәдениеті, өзіндік жазуы болған. Сирия, Ливан, Палестина, Ирак елдеріндегі арамей халықтарының мәдениеті сияқты сабей мәдениеті де араб өркениетінің дамуына негіз болды. 4 ғасыр шамасында пайда болған араб жазуы, арамей жазуының дамытылған түрі еді. Шапқыншылық соғыстар нәтижесінде ұлан байтақ империяға – халифатқа айналған Арабиядағы қатынас құралы осы жаңа жазуы бар араб тілі болды. 


Араб жазулары  
Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының негізін қалады. Осы күнге дейін көптеген жүлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған. Араб өркениетінің негізі де, қайнар бастауы да араб философиясы болды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін анықтады. Негізін үндіден алып, санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдаланудың жолын тапты. 
Тригонометриялық функцияны (әл-Баттани, 858 – 929) енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебралық теңдеуді шығарудың бірнеше жолын тауып, бүкіл математиканың дамуына жол ашты. Медицина ғылымына, оның ішінде офтальмология саласына айрықша үлес қосты. Соның нәтижесінде геометриялық оптика үлкен жетістіктерге жетті. Медицинаның, онымен тікелей байланысты фармакологияға қажетті химияның дамуына жағдай жасады. Алхимия кең тарады. Қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру, кристалдандыру, сүзу тәсілдері де арабтардан бастау алады. Шығыста пайда болған компас, қағаз, оқ-дәрі, т.б. арабтар арқылы Еуропаға тарады. Осы сан салалы ғылым Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина мен Әбу Райхан Бирунидің араб тіліндегі еңбектерінде одан әрі дамытылды және басқа елдерге танылды.
Әбу Әли ибн Сина мен Әбу Райхан Бируни
Араб өркениетінің дәуірлеген шағы 8 – 11 ғасырлар болды. Оның көрнекті үлгілері сәулет және бейнелеу өнерінде көрінді. Мешітмедресе, тұрғын үйлердің жаңа үлгілері жобалық шешімімен, айшықты өрнектерімен, эстетикалық әсемдігімен ерекшеленді. Ислам діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Меккедегі Қағба ғибадатханасы, Иерусалимдегі 692 ж. салынған әл-Ақса мешіті (1969 ж. Израиль фанатиктері өртеп жіберген), Дамаскідегі Бани-Омейя мешіті (8 ғасыр), тұрмыс-салт тақырыбында әшекейленген Кусейр-Әмре қамалы мен Әмре мешіті (641 ж.).
Әл-Ақса мешіті 
 Кусейр-Әмре қамалы
Ал 15 ғасырда әл-Әзхар мешітінде ашылған кітапханада араб Шығысының мәдениеті мен тарихына байланысты 60 мыңнан астам кітап пен 15 мыңдай қолжазба сақталған. Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар, моншалар мен тұрғын үйлер салынған. Орта ғасырдағы араб музыкасы Испанияның, Португалияның музыка өнеріне, кейбір Еуропа елдерінің музыка аспаптарының қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде арабтардың музыка ғылымы да жақсы дамыды. 11 ғасырдың ақырына таман халифаттың ыдырауы, салжұқтардың жаугершілігі мен крест жорықтарына қарсы күрес, 13 ғасырдағы моңғол шапқыншылығы, 16 ғасырдың басындағы түрік жаугершілігі, 19 – 20 ғасырдағы Еуропа отаршылдығы араб өркениетінің дамуын күрт бөгеді. Бірақ кезінде қатты дамып, жан-жақты қалыптасқан араб өркениетінің Батыс пен Шығысқа еткен әсері өзіндік өшпес ізін қалдырды
Парсы тілі – руханият, хикмет пен мистика тілі. Ол өзінің осы тартымдылығы арқылы көптеген шекараларды асып өтіп, әртүрлі елдер мен құрлықтарға таралды. Ислам, ирандық-исламдық мәдениет пен өнер жайлы сөз бола қалған барлық жерде парсы тілі теңдессіз асыл тастай жарқырайды. Парсы тілі мен әдебиеті исламдық Иранның бай мәдениетінің түрлі түсті нақыштарын көрсетуші құрал болып табылады. Парсы тілі – руханият, хикмет пен мистика тілі. Ол өзінің осы тартымдылығы арқылы көптеген шекараларды асып өтіп, әртүрлі елдер мен құрлықтарға таралды. Ислам, ирандық-исламдық мәдениет пен өнер жайлы сөз бола қалған барлық жерде парсы тілі теңдессіз асыл тастай жарқырайды.
Құран, хадис пен фикх, философия және мистиканың ұлы тұлғаларының сөздері парсы тілі мен әдебиетінің ажырағысыз бөлігі болып табылады. Парсы әдебиетінің барлық құнды туындылары адам баласының болмысымен астасып, оның рухын биіктете түсетін рухани тартымдылыққа толы. Моулави "Маснавиінің" әрбір парағы, Хафиз өлеңдерінің әрбір құнды бейті, Сағдидің хикметке толы насихаттары, Фердоуси "Шахнамасының" даналыққа толы нұсқаулары – осының барлығы бүгінгі адамды парсы әдебиетінің миуалы бағына кіргізіп, шындық, дұрыстық пен рухани биіктіктен дәм тарттырады.
Парсы тілі жазуы 
Қазақтың ұлы ойшылы әрі ақыны Абай Құнанбаев араб-парсы тілдерін біліп, дін ілімі мен Шығыс әдебиеті, әсіресе ежелгі парсы әдебиеті, Фердоуси, Сағди, Хафиз, Моулави және Низами сынды парсы тілдес шайырлармен таныс болған және өз өлеңдерінде ақындық талантын ұштау үшін осы ұлылардан медет сұраған. Абай мен басқа да қазақ ақындарының шығармашылығын зерттеген кезде қазақ-парсы ақындары арасында мазмұн-мағыналық тұрғыдан көптеген ортақтастықтардың барлығына көз жеткізуге болады",-деген пікірде.
Фердоуси
Хафиз
Сағди
 Низами

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет