Ортағасырлық Батыс Еуропа дәуірінің мәдени мұрасы мен ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата13.10.2022
өлшемі2,18 Mb.
#42920
  1   2
Байланысты:
Kudaibergenov S. Ortagasyrlyk Batys



Ортағасырлық Батыс Еуропа дәуірінің
мәдени мұрасы мен ескерткіштері
Орындаған: Өлмесова А.Т.
Қабылдаған: Құдайбергенов С.Е.


Христиан дінінің негізгі
қағидалары
• Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі —
мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан 
діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл
атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі
мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған
жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз
әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері
үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар
санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын
жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі
болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын
алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда
үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас
білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу
соборларында христиандық діни-уағыздардың басты
қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл
қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп
жарияланды.


• Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, 
құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай
дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, 
құдай-бала, касиетті Рухжәне күнөларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне
тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне
сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің
коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы
алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан 
дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік
дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді.


• Христиан дiнi адамды жан мен тəнге бөле отырып, 
рухани бастаманы басты орынға қояды. Адамның
шынай нағыз сулұлығы оның жан дүниесiнiң 
сулұлығымен өлшенедi. Көне замандардағы өнер
ттуындыларында сыртқы сулұлыққа үлкен мəн 
берiлсе, ендiгi жерде шиыршық атқан атлеттер
бейнесiнен гөрi, адам бойындағы рухани байлықты
көрсетуге баса назар аударылды. Библия мен Исус 
Христос апостолдарының белгiленген бұл дүниеге
христиандық көзқарасты “христиандық шiркеу
қайраткерлерiнiң” дiни еңбектерiнде одан əрi
терңдетiле түстi. Олардың iшiнде Августин 
Блаженныйдың “Исповедь” жəне «О граде божьем» 
деп аталатын еңбектерi дүниежүзiлiк мəдениеттiң аса 
құнды туындыларының қатарына қосылды. 


• Христиандық адамгершiлiктiң мазмұны Исус Христостың дiни қағидаларында жан-жақты ашалп
көрсетiледi. Ең бастысы-христиан дiнi тарихында тұңғыш рет адамгершiлiкке тəрбиелеудi тыйым салу 
рухында емес, үлгiлi рухында жүргiзудi жақтады, яғни христиандық ақыл-кеңестер адамның сана-
сезiмiн, ар-ұятын оятуға, оның бойындағы асыл қасиеттердi тереңдетуге, жамандықтан бойын аулақ
салуға бағытталды. “Ар-ұят” деген сөздiң өзiн апостол Павел көне мəдениеттiң əдеби қорынан
алғандығы тарихтан, белгiлi, ондағы басты мақсаты-христиан iлiмiнiң “Сенiм” жайындағы идеяларын
нақты көрсету жəне “ар-ұят” ұғымын Исус Христос қағидаларымен өзара байланыстыра қарастыру
болатын. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет