«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»


Ахметова И.А., Абдрашева Б.Ж., Нурланова С.С., Туткышева Г.Т



бет119/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Ахметова И.А., Абдрашева Б.Ж., Нурланова С.С., Туткышева Г.Т.


ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ МАЗМҰНЫ

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында - әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік мәселелері жайында өзінің тұжырымдарын жасаған болатын.


Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты.
Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу.
Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз керек.
Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы мәселелерін шешу – бұл әрбір қазақстандыққа әсер ететін қиын және өте маңызды міндет. Сондықтан бұл тұста әр қадам мұқият ойластырылған болуы тиіс.
Ол үшін бізге керек:

  • Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына– зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады.

  • Ұдайы әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіріп отыру, ананы және баланы жан-жақты қорғау қажет.

  • Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқын бағдарламалары болуы керек. Мемлекет жұмыссыздарға әлеуметтік қолдауды бұл санатқа жататын адам жаңа мамандық игеруіп, қайта даярлықтан өтуге бет бұрған жағдайда көрсетуі керек.

  • Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын жұмысқа белсене тартып, оларды еңбекақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажеттігі маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз. Мемлекеттік жәрдемақыны тек шынымен нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуы тиіс. Жұмысқа мүгедектерді алып, оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек [1].

Жалпы мемлекеттің әлеуметтік саясаты - қоғамның әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайыын реттеудің бір бағыты. Оның басты мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені эканомикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші шағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмысыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б. жатқызылады.
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:

  • тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;

  • негізгі әлеуметтік қателердің алдын - алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;

  • халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;

  • азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.

Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте:
1) мемлекеттік жәрдемақылар;
2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;
3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған.
Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған.
Бұдан басқа, азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін өзі ерікті сақтандыруға құқығы бар.
Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі. Әртүлі себептерге байланысты, мысалы, өндірісте жарақат алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда ол табыс табу мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда қалыптасқан пробеманы екі жолмен шешуге болады. Біріншісі - жұмыскер денсаулығынан келтірілген зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетіледі. Бірақ бір жолғы жәрдем ұзақ уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды - әлеуметтік сақтадыруды таңдаған дұрыс болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы - еңбекке қабілетсіз азаматтарға материялдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фактілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқықтық саласы.
Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды [2,18б.].
Сонымен, бүгінгі күндері Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа әлеуметтік кепілдік берудің жаңа мехенизмдері қалыптасуда. Республикалық және аймақтық деңгейде, өндіріс ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктер түрлері мен нормаларын анықтау, олардың есептеу-жоспарлау әдістемелерін жетілдіру, заң жүзінде бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік нормативтер жалпы мемлекет, өндіріс әртүрлі әлеуметтік топтар мен еңбек ұжымдары деңгейінде анықталып, бекітіледі. Әлеуметтік нормативтер жүйесін үш салаға бөліп қарастыруға болады:
1) тұрғындардың барлығына ортақ әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер мен әлеуметтік қоғаулар;
2) қоғамның экономикалық белсенді мүшелеріне, яғни еңбекпен қамтылғандар мен уақытша жұмысыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қоғау шаралары;
3) қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүддесін қорғайтын және оларға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік беретін мемлекет шаралары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты - «Қазақстан-2030» бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі. Сондықтан Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында стратегиялық міндеттердің ең бастысының бірі етіп әлуметтік сала проблемаларын алға тартты. Мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік қорғау елімізде енді қалыптаса бастады. Қаржы тапшылығы жағдайында әлуметтік қолдаудың атаулы мақсатта жұмсалуы да заңды [3, 25б.].
Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымы атаулы әлеуметтік көмек идеясының шын мәнінде тиімсіз екендігін ескертіп отыр. Дүниежүжізілік тәжірбие көрсеткендей, әлеуметтік саясатының басты бағыттары жұмыспен қамтамасыз ету, ақысыз білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту болып табылады. Біздің еліміз үшін де бұл негізгі жол. Ал атаулы әлеуметтік көмек негізінен белгілі себептерге байланысты табыс таба алмайтын, қоғамның еңбекке жарамсыз топтарына берілуге тиіс. Олар: көп балалы отбасылар, жетімдер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 7 жасқа дейінгі бала тәрбиелеуші аналар, түберкүлез, онкологиялық, басқа да ұзаққа созылған емді қажет ететін аурулар, тағы да басқа кедей топтар.
Әлеуметтік – этникалық топпен әлеуметтік жұмыс жүргізудің екі негізгі аспектілері бар:

  • Біріншіден, бұл барлық қоғам, әлеуметтік – этникалық қауымдастыққа конфликтілік жағдайлар мен құбылыстарды шешу мақсатын көздейтін іс - әрекеттер мен технологияларды тиімді қолданудағы әлеуметтік жұмыстың кең мағынасын құрайды;

  • Екіншіден, бұл әлеуметтік – этникалық топтың мәселелерін шешуде сол қоғамның территориясында тұратын халықпен тең құқық беру (ауыл, аудан, облыс, аймақ бойынша);

Әлеуметтік жұмыстың этникалық топтармен жүргізілуі - әлеуметтік – этникалық топтардың өзіндік спецификасымен ерекшеленеді. Жалпы, этникалық топтармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты үш деңгейде қарастыруға болады:

  1. Мемлекеттік –әртүрлі этникалық топтар мен олардың арасындағы қатынас мәселелерін ретке келтіретін, құқықтық қамтамасыз ететін деңгей. Бұл деңгейде азаматтардың құқық, заңдық және әлеуметтік кепілдіктері жүзеге асырылады, ұлтаралық қатынастарды тұрақтандыруда әлеуметтік саясат құрылады.

  2. Аймақтық–материалдық, әлеуметтік, медициналық қамтамасыз ету – мемлекеттің шешімдерімен жүзеге асырылады;

  3. Жергілікті – әлеуметтік-этникалық топ мүшелерінің әлеуметтік ортаға бейімделу мәселелерін шешу көзделеді.(медициналық, оқу, тұрғын – үй жағдайы және жұмыспен қамту) Бұл мәселелерді шешуде барлық жергілікті билік орындар, әлеуметтік институттар мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызмет етуі қажет.

  4. Әлеуметтік қызметкерлер – ұлтаралық қатынас мәселелерін шешуде тек жоғарғы кәсіби маман ғана емес, сонымен бірге гумандық, әділеттілік, теңдік идеяларын ұстанған, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы серіктестік қызметін атқарады.

Қазақстанның көпұлттылығы – біздің күш- қайратымыздың көзі, бірақ көпұлттылық біздің мемлекетіміздің ең нәзік те, ең осал да жері екені анық. Сондықтан да, көпұлтты қоғамда демократияның ерекше түрі көрініс алады.
Сөз жоқ, қазақ ұлты бұрын – соңды болып көрмеген қызықты да күрделі кезеңді басынан өткізіп отыр. Реформаның әлеуметтік салдары зерттеуде. Ол үш көркішке негізделген: халықтың өмір сүру ұзақтығы, білім алуға қол жеткізуі және жан басына шаққандағы табысы. Осыны ескеріп, шетел сарапшылары мен социологтары адам дамуы тұжырымдамасымен қатар екінші бір көрсеткіш енгізген: ұлттық қауымдастықтың тіршілік күш- қуаты.
Әр ұлттың саны мен сапалы, демографиялық ахуалы, ұлт өкілдерінің өмір ұзақтығы, білім деңгейі, материалдық және рухани игіліктерге қол жеткізуі, жұмыссыздық пен жұмысқа тартылуы, әр ұлттың балалары мен аналарының денсаулығы, сәбилердің шетінеуі, суицид, тіпті, әр ұлттың жекелендіру процесіндегі үлесі және басқа да мәліметтер ұлттың қуатын, күш- жігерін, нарыққа бейімділігін, оның даму үрдістерін көрсетеді.
Қазіргі таңда елімізде жұмыссыздық өзекті мәселердің қатарында болып отыр. Жұмыссыздықты жоюдың негізгі:

  • Халықты жоғары жұмыс бастылығымен қамтамасыз ету үшін экономикалық жағдайды қалыптастыру;

  • Мемлекеттік қолдау көрсету.

Жұмыс бастылықты іске асырудағы мемлекеттік бағдарламалар:

  1. Аса ірі инвестицияны қажет етпейтін орта және кіші кәсіпкерлікті қолдау;

  2. Жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарында есепте тұрғандарды қоғамдық жұмыстарда тиімді қолдану;

  3. Жұмысшыларды қайта мамандандыру негізінде, жұмыссыздардың санын азайту;

  4. Аймақтарда жұмыспен қамтамасыз ететін жеке орталықтарды кеңейту.

Жұмыс бастылықты реттеу-бұл әлеуметтік саясаттың ең басты бағыттарының бірі. Мемлекет жұмыссыздарға мынадай әлеуметтік кепілдіктер береді:

  1. Жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу;

  2. Біліктілігін арттыру, қайта даярлау;

  3. Жұмыс ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндіктері;

  4. Жұмысқа орналасу мақсатымен еңбекпен қамту орталығының орнын толтыру;

  5. 12 айдан артық емес мерзімге уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша, арнайы қордан жеңілдіктер мен төлемақылар тағайындау[4, 3б.].

Қазақстанда “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету”, жәрдемақылар тағайындау, т.б. мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. Әлеуметтік мәселелерге кеңірек келу қоғамның денсаулық сақтау, білім салаларына, жалпы әлеуметтік әділдікке әлеуметтік қажеттілігін есепке алады.
Этносаралық қатынас мәселесіне байланысты еліміздегі әлеуметтік жұмыс мазмұны - ұлттық идеяға негізделіп отыр. Қазақстан қоғамын қазіргі таңда ұлттық даму мәселесі алаңдатады. Біз 20 жылдық тәуелсіздігімізде ішкі тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтап, рухани күншуақты нығайту барысында көздеген мақсатымыз - кедейшілік пен жұмыссыздық мәселесі бойынша ұлттық идеяны жүзеге асыру.
Бұл идея мемлекет саясатына етене араласып, еліміздің азаматтарының көңілінен шығуы керек. Кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күресу аспектілері қоғам мүшелерінің қолдауына ие болары ақиқат. Бұл идея барлық ұлттарға, барлық әлеуметтік қабаттар мен жас ерекшелігінің әртүрлі топтарына жақын. Кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күрес-адамзаттық мән-мағынанға ие.
Жұмыссыздық пен кедейшілікті жою - қоғамдағы саяси мәселелерді шешуге көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, елдегі саяси, әлеуметтік тұрақтылықты қамтиды. Азаматтардың патриоттық рухы күшейеді.
Ұлттық бірлік пен татулық кең етек алып, бір-бірінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына, тіліне, діни наным-сенімдеріне деген құрмет күшейеді.
Жалпы халықты әлеуметтік қорғау саясатын жүргізу мен жүзеге асыруда, елдегі әлеуметтік саясат өзара қарым-қатынастарында тепе-теңдікке, әлеуметтік серіктестікке, ынтымақтастыққа, сұхбатқа ұмтылады. Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілетін жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады. Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизімінің орны ерекше. Жоғарыда айтқанымыздай, әлеуметтік саясаттың мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту үшін күш жұмсау.
Яғни, халықты әлеуметтік қорғау қызметі мен әлеуметтік саясаттың қоғамдағы ролі орасан зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет