Гносеология (гр. gnosis – білім, таным+logos – түсінік, ілім) – таным туралы ілім, таным теориясымен айналысатын философияның тарауы, бөлімі. Эпистемологиядан (ғылым теориясынан) айырмашылығы таным процесін таным субъектісінің (зерттеушінің) таным объектісіне (зерттелетін объектіге) қатынастары тұрғысынан қарастырады. Танымды талдаудың негізгі гносеологиялық сұлбасы (схемасы) ақыл мен ерік (жігер, қайрат) берілген субъект пен оған қарсы тұратын, субъектінің санасы мен еркінен тәуелсіз және онымен тек танымдық (немесе практикалық-танымдық) қатынаспен байланысқан табиғаттың объектісін қамтиды.

Таным адамның практикалық іс - әрекетінің рухани жағы болып табылады. Ол еңбек құралдары – табиғат жүйесінің аясында іске асады, өйткені, адам еңбек құралдарының көмегімен заттардың мәнін жауып, көлеңкелеп тұратын сыртқы қабығын алып тастауға тырысады. Оны ашып, әлемнің құпиясына үңіледі.

Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі.
Таным – адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылық іс - әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.