Ми—мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйекпен паналы, қуысында орналасады. Мидың үш ірі бөлігін ажыратуға болады: үлкен ми-cerebrum, мишы- cerebellum, және ми сабауы- truncus encephalicus. Мидың ең көп бөлігін үлкен ми сыңарлары алып жатады, одан кейінгі үлкені мишық, қалған шамалы бөлігін ми сабауы құрайды.
Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен,сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық нерв жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.