Микропротез, науқас қант диабетімен ауыратындықтан микропротез қолданған тиімдірек.
3. Таңдалған құрылымның клиникалық-лабораториялық дайындау кезеңдерін баяндаңыз.
1-клиникалық кезең – қалыптық массаның және қасықтың көмегімен қалып алу, болашақ микропротездегі тіс түсін анықтау.
1- лабораториялық кезең – мүсін құю, мүсінде балауыз көмегімен болашақ микропротез базисін мүсіндеу және жасанды тісті орнату. Осыдан соң балауызды пластмассаға ауыстыру.
2-клиникалық кезең – дайын болған микропротезді ауыз қуысында шақтап көру,
2-лабораториялық кезең – микропротезді соңғы өңдеу, жылтырату.
3-клиникалық кезең – науқасқа тапсыру, ақыл – кеңес беру.
№6 СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП
Науқас И, 65 жас. Протез салдыру мақсатымен келген. Анамнезінен 6 ай бұрын 43, 42, 41, 31, 32 33 тістеріне имплант орнатылған. Импланттар тұрақты, шырышты қабық жағдайы қанағаттанарлық.
Сұрақтар және тапсырмалар:
1. Диагнозды қалыптастырыңыз;
Төменгі жақсүйек тіс қатарының Кеннеди бойынша 4 класс ақауы
2. Ортопедиялық емдеу жоспарын құрыңыз және негіздеңіз;
Импланттарға металдыкерамикалық сауыттарды орналастыру
3. Таңдалған құрылымның клиникалық-лабораториялық дайындау кезеңдерін айтыңыз.
Клиникалық кезеңдері
|
Зертханалық кезеңдері
|
1. Екі жақсүйектен анатомиялық қалып алу
|
1. Ғаныштан мүсін құю, жеке дара қасық дайындау
|
2. Жеке дара қасықты шақтап көру, жұмысшы қалып алу, орталық окклюзияны анықтау
|
2. Жұмысшы мүсін құю, артикуляторда бекіту;
Абатменттерді таңдай және фрезерлеу
Протез қаңқасын мүсіндеу
Протез қаңқасын құю, өңдеу
|
3. Протез қаңқасын ауыз қуысында шақтап көру, керамика түсін таңдау
|
3. Керамиканы жағу, өңдеу
|
4. Протезді шақтап көру, тапсыру, кеңес беру
|
|
№7 СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП
Әйел адам, 21 год. Дәрігер-стоматолог-ортопед 21 тіске салма дайындауды жоспарлады. 5 класты ауыз қуысында жалпақ түбін қалыптастыруда инфильтрациялы жансыздандыру жүргізгеннен кейін үлпа камерасын тесіп алды.
Сұрақтар және тапсырмалар:
1. Дәрігер қателігінің себебін көрсетіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |