«Қазақ биі» билейтін қыздар тобы.
Рахмет өнерлерің өрге жүзсін қыздар!
Ұлнар:
Әуені бар шарлайтын кең даланы,
Шырқаса бәріңізде таң қалатын.
Данамыздай әнші қыз ортамызда,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыз,
Әли Дананың орындауында «Әліппеге рахмет » атты әнді қарсы алыңыздар.
Ән: «Әліппеге рахмет »
Рахмет Дана ,шапалақ достар!
Ботагөз: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әдемі әнмен келген Арайлымды
Қол соғып ықыласпен қарсы алайық! Ортада Базарбай Арайлымның орындауында «Әліппе» әні. Қарсы алыңыздар.
Арайлымға ду қол шапалақ!
Ұлнар:
Мерекеге арналады бүгін билер
Көтерілсін қанекей,көңіл күйлер,
Алдыңызда би билеп ұлдар шықты
Таң қалдырып , қанекей, би билеңдер,- дей келе 1 сынып ұлдарының биін қабыл алыңыздар. Қарсы алыңыздар жігіттер тобының орындауында «Жігіттер» биі
Жарайсыңдар жігіттер,тек алда болыңдар!
Ботагөз:
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Ұстаздарға арналады бұл әнім! деп барша ұстаздарымызға арналған «Мың алғыс саған ұстазым» атты әнімізді қабыл алыңыздар.
Ұлнар:
Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Әдемі би билейтін - дегендей сынып оқушылары өздеріңізге арнап «Жаңа жыл» биін билейді
Тамаша , бәрекелді өте тамаша биледіңдер балалар !
1-жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналсын,
Балалардың өнері бар әлемге таралсын
Тойларыңыз әрқашан тойға ұласып, ағайын
Ырым етіп сондықтан тойбастарлар таралсын
«Тойбастар» әні қойылады. Залда отырған қонақтарға тойбастар тәттілері таратылады.
Ботагөз:
Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Тәрбиелеп өмірге жол сілтеген
Барша жанға құрметті жан- мұғалім, демекші сөз кезегі мектебіміздің директоры Балғымбаева Ғалия Ысқаққызына беріледі.
Келесі сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржигитова Ляззат Қожахметқызына беріледі.
Ұлнар:
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын
Аналарға сөз кезегін береміз –демекші сөз кезегін сынып ата-аналары атынан сыныптағы Арайлым мен Айару,Аяулым мен Ақеркенің ардақты әжесі атанған, ұлағатты ұстазымыз Абдрахманова Гүлнар Оразқызына береміз
Мұғалімнің бүлдіршіндерге тілегі мен сыйлығы.
Ботагөз:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.
Құрметті қонақтар! Осымен 1 сыныптың «Қош бол,сүйікті Әліппе!»! атты ертеңгілігі аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |