Қазақ халқы ерекше қонақжай екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткерлер, президенттер, мемлекет қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызда Президенттің ақыл-ойының жемісі деп едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес? Мен Президентімізді жақсы коремін және соған ұқсағым келеді.