Шыңғыс:Әліппе-білім бұлағы,
Әліппе –өмір шырағы.
Әліппе-білім көзі,
Әліппе – мұғалімнің асыл сөзі.
Томирис:Әке-шеше атын сен
Бізге үйреттің әліппе.
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.
Салауат:Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны «Әліппе».
Аяулым:Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ән: «Әліппе»
Мұғалім: Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе, ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөзден сөйлем пайда болыпты.
Қазақ тілінде қанша әріп бар?
(42)
4. У дыбысы қандай дыбыс?
(Дауысты да, дауыссыз да)
5. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата
(ю,я,ё)
6. Дыбыс бермейтін әріптер
(ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі)
Дыбыстар неше түрі бар?
(дауысты, дауыссыз дыбыстар)
Дауысты дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?
Дауыссыз дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?
Сөз неден құралады?
(Буындардан, дыбыстардан, әріптерден)
Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.
Аружан: Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Әкежан: А Еркежан:Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз - Астана,
Алматымыз - бас қала.