Өшпес мұра қалдырған ұлы ақын – Мағжан Жұмабаевқа



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата22.09.2023
өлшемі0,99 Mb.
#109719
  1   2
Байланысты:
мағжан туралы



Өшпес мұра қалдырған ұлы ақын
– Мағжан Жұмабаевқа
125 жыл
Әл-Фараби атындағы
кітапхана
Кітапхана қорының
топтамасы


Мағжан Жұмабаев Бекенұлы - Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893 жылы 25 маусымда
Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында
дүниеге келген.
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық
жұлдызы. Мағжанның атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті
адам болған. Анасы – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910
жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы,
мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен
ашылған медреседе оқыды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде
білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер
С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен
танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер
баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын
шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы
мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып,
“Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін
қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық
қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде
Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды.


Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші
жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына
депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола облысының
комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір
айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде
қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918 –
1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923
жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана”
журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына
белсене араласады. Ақын 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда
оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын
ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10
жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен
бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен
әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің
меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен
босатады. 1937 жылы наурызда мағжан Бекенұлы Алматы қаласына келеді. Аударма
ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.


Ташкенттегі қазақ зиялылары. Екінші қатарда –
Мағжан Жұмабаев, үшінші қатарда бесінші тұрған
М.Әуезов. 1923 ж.
Бірінші қатардағылар: (солдан оңға қарай Фаина
Сергеевна, Мағжан Жұмабаев, Сегізбай Айзұнов,
Кәрім Жәлелов, Мәдина Қасымова және Гүләйім
Байбөрина.
Мағжан Жұмабаев (оңнан солға қарай екінші қатарда екінші
отырған) қазақ мектебіне мұғалімдер дайындау курсының
тыңдаушылары ортасында. Омбы қаласы. 1919 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет