Осы әдістермен жеке-жеке танысамыз



Дата07.01.2022
өлшемі20,22 Kb.
#17928



Заттарды қоспадан бөлу үшін бірнеше әдістер қолданылады - тұндыру әдісі, сүзу әдісі, қайта кристалдау әдісі және айдау әдісі.

Осы әдістермен жеке-жеке танысамыз.

Тұндыру әдісі

Құм мен ағаш үгінділерін қалай ажырата аламыз? Бұл үшін осы қоспаны суға құямыз. Ауыр құм су түбіне түседі, ал жеңіл ағаш үгінділері су бетінде қалқып қалады.

Су бетінен ағаш үгінділерін жинап аламыз да құмды су түбінен аламыз. Осы әдіс тұндыру әдісі деп аталады. Тұндыру әдісі заттардын тығыздықтары әртүрлі болатындығына негізделген. Ауыр заттар төмен қарай, ал жеңілдері жоғарыда қалатындығына негізделген.

Тұндыру әдісі анықталатын компонентті тұнбаға түсіру арқылы бөліп

алуға негізделген, бұл әдісі жиі қолданылады.

Тұндыру әдісінде келесі операциялар орындалады:

1. Анықталатын зат өлшемесін алу (өлшемені алғанда түзілетін кристалдық тұнба 0,5г, ал аморфты тұнба 0,1г болатындай қылып есептеп алады)

2. Анықталатын ионды тұнбаға түсіру, яғни нашар еритін тұнба - тұнбалық форманы алу. Толық тұндыру үшін тұндырғыштың 1,5 есе артық мөлшерін қосады және тұндыру толықтығын тексереді (тұнбай қалған иондардың массасы m10-4 болса, тұндыру толықтығына жетті деп саналады)

3. Тұнбаны сүзу (фильтрлеу), ол үшін арнайы күлсіз фильтр қағазын пайдаланады

4. Тұнбаны шаю (шайылатын ионға теріс реакция шыққанша жүргізіледі)

5. Тұнбаны кептіру

6. Тұнбаны тигельге салып, муфель пешінде құрыштау, яғни массасын өлшеуге ыңғайлы қосылысты - гравиметриялық форманы алу

7. Гравиметриялық форманың массасын өлшеу.



Тұнбалық формаға қойылатын талаптар:

· Тұнба неғұрлым нашар еруі керек, ерігіштігі 1•10-7 – 1•10-8 моль/л-ден артпауы керек

· Тұнба ірі кристалдық немесе жақсы коагуляцияланған болып, оңай фильтрленуі керек

· Тұнба таза болуы керек



· Құрыштағанда гравиметриялық формаға оңай айналуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет