Осы құжат «Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы
Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен маңызы бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от
7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
2.3.1. 3.1.1 б.б. қарастырылған айларға саналған оқу жылының ұзақтығына қарамастан оқу
жылы бойына Студенттер үйінде
тұру ақысын төлеуге;
2.3.2. Білім алушыға Студенттер үйінде тұрғаны үшін Университет тарапынан төленетін
дотация (демеуқаржы) туралы;
2.3.3. 3.1.3 б.б. бекітілген, Студенттер үйінде
тұру кезінде төлемақы жасауға;
2.3.4. Студенттер үйінің бекітілген ішкі тәртіп Ережесін сақтауға;
2.3.5. Бөлмені тікелей белгілеген тәртіпте пайдалануға;
2.3.6. Бөлмені
тиісті жағдайында ұстауға, сол сияқты, ұсынылған бөлмедегі анықталған
ақаулық, жарамсыздық жөнінде Студенттер үйінің әкімшісіне
дер кезінде хабарлауға;
2.3.7. Келісілген келісім-шарттың аяқталу мерзіміне орай, бөлмені ұсынылған жиһаздарымен
және құрал-саймандарымен тиісті жағдайында Акт бойынша өткізу (Келісім-шартқа №1 Қосымша);
2.3.8. Студенттер үйінің бөлмелерінде пайдалануға рұқсат берілген, электр құралдарының
тізімінде көрсетілген электр құралдарын белгілі бір шектікте қолдана отырып, электр энергиясын
үнемдеу (Келісім-шартқа №2 Қосымша);
2.3.9. Студенттер үйінің ішкі тәртіп Ережесін сақтамаудың және Келісім-шарттың шарттарын
орындамаудың нәтижесінде келтірілген материалдық шығынды 10 күн
көлемінде өтеу;
2.3.10 Білім алушының бастамасы бойынша Келісім шартта қарастырылған мерзімнен бұрын
бөлмені босатқан жағдайда ол жайында бөлмені тапсырғанға дейін 3 күн бұрын Студенттер үйінің
әкімшісін хабардар етуге және Студенттер үйінен өз еркімен шыққан жағдайда «қызметкерлер
мен білім алушыларға қызмет көрсету орталығының» сайты арқылы «Студенттер үйіндегі орыннан
бас тарту» бойынша онлайн өтініш қалдыруға;
2.3.11. Заңнамада және Келісім-шартта көрсетілген негіздеме бойынша Универстеттен
шығарылған кезде бөлмені 3 күн
мерзім ішінде босату;
2.3.12. Оқу аяқталғаннан кейін бөлмені тиісті санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жағдайда
тапсыруға;
2.3.13. Университет әкімшілігінің және студенттік өзін-өзі басқару органдарының талаптарын
орындауға;
2.3.14. Студенттер үйі бөлмесінде Конкурстық комиссия берген жолдамаға (қатаң түрде) сәйкес
тұруға;
2.3.15. Студенттер үйіне кіру және шығу кезінде міндетті түрде студент өзінің ІD картасын
қолдануға;
2.3.16. Студенттер үйіне орналасқан күннен бастап, шыққан уақытқа дейін «№1 Студенттік
емханада» тіркеуде тұруға;
2.3.17. Білім алушы Студенттер үйінің мекенжайы бойынша уақытша тіркеуге тұруға.
Достарыңызбен бөлісу: