7. Lesson Study-ден кейінгі талқылау Ұсынылатын іс-әрекеттер Lesson Study тобына мүмкіндік болса сабақтан
кейін бірден жиналу қажет (әрине, сабақ
өткеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей). Сіз
топ мүшелерін
Lesson Study-ден кейінгі
жетістікті
талқылау
критерийлерімен
таныстыра аласыз:
1.
сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
2.
бақылаулар нәтижелерін қабылдау және
сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау;
3.
сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту
әдісі ретінде бағалау;
4.
бақылау
кестесінде/жоспарында
нақты
мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;
5.
талқылаудың «модераторын» (талқылауға
позитивті бағыт беріп отыратын төраға)
тағайындау,
бұл
рөлді
ол
адамның
қызметімен байланыстыруға болады;
6.
Талқылау барысында
Lesson Study тобының
білім алғандығын жазып алып отыратын
және соңында осы топ мүшелеріне немесе
топқа кірмейтін адамдарға түсініктеме
беретін «кеңесшіні» (соңғы түсініктеме
беретін адам) тағайындау. Бұл адам мектеп
қызметкері болмауы да мүмкін. (Takahashi,
2005).
Ең
бастысы,
талдауды
оқытудан
емес,
бақылаудағы
оқушылар
(мен
басқа
оқушылардың)
оқуын,
білім
алғандығын
қадағалаудан бастау керектігін ұмытпау керек
(3-суретті қараңыз). Бұл реттілік оқушылардың
білім алуына баса назар аударып, мұғалімдердің
оқытуын талқылауға ойысып кетуге жол
бермеуге көмектеседі, себебі талқылаудың
соңғы түрі мұғалімдерге субъективті және
кәсіптік дамуға ықпал ете алмайтындай болып
көрінуі мүмкін (3-суретті қараңыз).
Қол қойып, күнін жазыңыз.
Түсініктемелерді мұғалімдер бөлмесіндегі
кәсіби даму журналында сақтаңыз.
Түсініктемелер «…Өз ойларыңызбен бөлісу кезінде жаңадан қаншама нәрсе білетініңіз таңғалдырады. Сондықтан, күрделі жағдайларда мен бұл мәселені неліктен дәл осылай шешу керектігімізді дәйектеуім қажет. Соның нәтижесінде менің білімім де нығайып, өз бетімше істей алмаған нәрсені түсінуіме мүмкіндік туады.