Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата27.03.2017
өлшемі3,4 Mb.
#10473
1   2   3   4   5   6   7   8

 Бүкіл отбасымен бір компанияда 

жұмыс істеу өте ыңғайлы 

«БАЗИС»  компаниясында  аға-жеңгесімен 

бірге Қайрат Мұхамадиев те еңбек етеді. Інісі 

туралы  әңгімелегенде  Келдібайдың  жүзінен 

әкелік  мейірім  мен  қамқорлық  сезіледі.  «Біз-

бен  бірге  інім  Қайрат  жұмыс  істейді  –  1982-

ші жылы туған. 2004-ші жылы оны алғаш рет 

құрылысқа алып келдім. Мен ол кезде Аман-

гелді  Айманбетовтің  бригадасында  жұмыс-

шы  болатынмын.  Қайратты  бірден  бригадаға 

алды. Ол отбасымыздың ең кенжесі, барлығы 

жақсы  көріп,  еркелететін.  11  жылдан  бері  ол 

«БАЗИС»  компаниясының  қызметкері.  Өте 

адал және жауапкершілікті жігіт, үнемі шебер-

лігін шыңдап келеді», – дейді Келдібай інісі әрі 

әріптесі жайында. «Қайраттың отбасы бар – екі 

бала тәрбиелеп отыр. Үлгілі отағасы, балала-

рын өсіріп, адал еңбек етеді. Үй салды. Балалар 

оқуда. Бақытты болу үшін бұдан артық не ке-

рек?», – дейді Келдібай. Бұған қоса, Қайрат өте 

сыпайы. Өзіне назар аудартқанды ұнатпайды. 

Әріптесіміз отбасы болып бір компанияда 

еңбек еткен өте ыңғайлы дейді. «Біздің осын-

да жұбайым және ініммен бірге жұмыс істей-

тініміздің пайдасы көп. Жұмысқа бірге келіп, 

үйге бірге қайтамыз. Балалар шиеттей кезінде 

аздап қиындау болды – жұмысқа кеткенде ба-

лаларды  үйде  жалғыз  тастап  кетуге  мәжбүр 

болатынбыз.  Уақыт  өте  келе  балалар  өсіп, 

есейді.  ұлым  биыл  9-шы  сыныпты  бітіреді. 

Қазірдің  өзінде  өз  тірлігін  өзі  жасайды.  Са-

бақтан  келгеннен  кейін  үйдің  шаруаларын 

атқарады», – дейді Келдібай Мұхамадиев. Ол 

отбасында да, жұмыста да тұрақтылықтың бо-

луы өте маңызды дейді. 

«Қазір әлемде негатив көбейіп кетті – түр-

лі дағдарыстар туып жатыр, адамдар жұмыс-

сыз қалуда. Ал, бізде Аллаға шүкір, барлығы 

тұрақты.  «БАЗИС»  компаниясында  жұмыс 

істеп  үйреніп  қалдық,  біз  мұнда  өзімізді  өте 

жайлы сезінеміз, өзге жерде жұмыс істей ал-

маймыз. Бізге жалақыны ай сайын уақытында 

кідіріссіз беріп отырады. Айта кету керек, біз-

де барлығы заңды. Бұл бағалайтын нәрсе», – 

дейді Мұхамадиев.

Өзіңмен және табиғатпен бірге 

үйлесімділікте 

Компания басшылығы барлық уақытта өз-

дерінің тек білікті маман ғана емес, сонымен 

бірге, сенім артуға болатын азаматтар екенін 

жұмысымен  дәлелдеген  қызметкерлерді 

мақтау қағаздарымен және дипломдармен ма-

рапаттап отырады.

«Астанада жұмыс істеген кезімізде бригада-

да шамамен 15 адам болды. Көлік және байла-

ныс Министрлігінің қарсысындағы ғимараттың 

конференц-залының  төбесін  жасадық.  Төбесі 

әжептеуір  биік  болатын  –  11  метр.  Маған  екі 

жігітті  беріп,  жұмысты  атқару  мерзімін  бел-

гілеп, үшеуіміздің жұмысты осы уақыт ішінде 

аяқтауымыз  қажеттігін  айтты.  Біз  алдымызға 

қойылған  міндетті  ойдағыдай  орындап,  бар-

лық  жұмысты  құрылысшылар  Күніне  дейін 

бітірдік.  Мерекеге  шамамен  екі  күн  қалғанда 

серіктесім  Нарымбек  екеуімізді  конгресс-хол-

лға шақырды. Ойымызда ештеме жоқ, бардық, 

бізге  «БАЗИС»  компаниясының  күміс  мақтау 

қағаздары мен компанияның 10 жылдығы құр-

метіне алғаш шығарылған төсбелгілерді табыс 

еткенде  таң  қалдық.  Бұл  –  менің  «БАЗИСте» 

алған  алғашқы  мақтау  қағазым  болатын.  Сол 

күні  қатты  қуанғаным  есімде.  Қазір  әрине, 

құрылысшылар  Күніне  орай  компания  бас-

шылығының  атынан  алған  мақтау  қағаздары-

мыз аз емес және еңбегіміздің елеусіз қалмай-

тынына қуаныштымыз», – дейді Келдібай. 

Бос уақытта Келдібай Мұхамадиев ауылға 

ата-анасына барғанды ұнатады. 

«Ауылда  өскендіктен  менің  хоббиім  – 

жылқы.  Әке-шешем  ауылда  тұрады.  Уақыт 

болғанда соларға барып, атпен серуендеймін. 

Бәйгелерге  қатысамын.  Ол  жақта  екі  асыл 

тұқымды ағылшын тұлпары бар. Жазда аламан 

бәйге өтіп, жүйрігіміз бірінші орын алды. Бұл 

– менің сүйікті ісім. Құрылыста жұмыс қайнап 

жатады,  қыруар  жұмысты  бітіріп,  көптеген 

міндеттерді шешу керек – уақыт зымырап өтіп 

кетеді.  Ал,  ауылда  тыныштықтан  рахат  таба-

мын. Қымыз ішемін, атқа мінемін, табиғат ая-

сында демаламын», – дейді Келдібай жымиып. 

«Бос  уақыт  болып  жатса  отбасымызбен 

туыстарымызға  қонаққа  барамыз.  Балалар 

кішкентай кезде қыста әр демалыс сайын со-

лармен  сырғанақ  тебуге  баратынбыз,  жазда 

қыдырып, табиғат аясында тынығатынбыз», – 

дейді әріптесіміз.



BN-нен:

Адамдардың бір компанияда бүтін бір от-

басымен  жұмыс  істеуі  компанияның  сенімді 

әрі тұрақты екендігін көрсетеді. Тұрақты жұ-

мысы  мен  қомақты  айлығы  бар  адамдардың 

керексіз  дүниелерге  алаңдамайтыны  құпия 

емес.  Ертеңгі  күніне  сенімді  олар  өзін-өзі 

жетілдіруге, кәсіби дағдыларын көтеруге, қа-

шанда  бәсекеге  қабілетті  және  сұранысқа  ие 

маман болу үшін шеберлігін шыңдап, білімін 

толықтыруға, отбасына және компанияға пай-

да әкелуге тырысады.  

27

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



26

МЕН ЖӘНЕ МЕНІң ОТБАСЫМ



Сергей  Федорович.  Комиссия  мүшесі  –    бас 

энергетик  Семченко  Альберт  Александро-

вич. Ол өте білікті маман, электр қауіпсіздігі 

бойынша бесінші топ рұқсатнамасы бар. Бұл 

кез-келген  маман  ала  бермейтін  ең  жоғарғы 

деңгей.  

Өнеркәсіптік  қауіпсіздік  бойынша  –  жүк 

көтергіш  механизмдерге  –  мұнаралы  кран-

дарға,  жүк  көтергіш  және  қармау  меха-

низмдеріне  Әлімбаев  Болат  Құрманғазыұлы 

жауап береді. 

Өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау инже-

нерлері  тәжірибелі  және  біліктілігі  жоғары 

мамандар  –  бұрынғы  өрт  сөндірушілер.  Өрт 

қауіпсіздігі  ережелері  жайында  қызметкер-

лерімізге Омаров Бекболат Сайлауұлы айтып 

береді.  Ол  төтенше  жағдайлар  қызметінде 

істеген, барлық қауіптілігі жоғары нысандарға 

жетекшілік еткен және қадағалаған.

Олар  қауіпсіздік  техникасы  бойынша 

емтихан  қабылдау  комиссиясының  мүше-

лері.  Бұған  қоса,  біз  оқу  орталығының  ба-

стығы  қызметін  енгіздік.  Ол  кестелер  мен 

дігінше көбірек қатысуы үшін 12 000 орындық 

Мұзды аренада оқу семинарын өткіздік. Биыл 

инженер-геодезистер  қазіргі  заманғы  қонды-

рғымен жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті. 

Сондай-ақ,  компаниямыздың  қызметкерлері 

жылына бір мәрте өрт-техникалық минимум-

нан өтеді. Еңбекті қорғау, сейсмика, геодезия 

бойынша сертификат берілетін оқытудан ком-

панияның жоғарғы басшылығы мен «БАЗИС» 

ҚК  ЖШС  Алматыдағы  филиалының  инже-

нерлік-техникалық құрамы да өтіп жатыр. 

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясына  жұ-

мысқа  орналасып  жатқан  қызметкер,  оның 

ішінде компаниямыздың құрылыс нысанда-

рында  тәжірибеден  өтіп  жатқан  студенттер 

де  қауіпсіздік  пен  еңбекті  қорғау  бойынша 

білім алуға міндетті. Бізде тәжірибеден өтіп 

жатқан  оқу  орындарының  студенттеріне 

қойылатын  талаптар  бұдан  да  қаталырақ. 

Себебі, олардың көбі құрылыс нысандарына 

алғаш  келіп  жатады  және  құрылыстағы  қа-

уіптер жайынан мүлдем хабарсыз. Бізде жыл 

сайын  тәжірибеден  өтіп  жүрген  студенттер 

еңбекті қорғау бойынша оқу міндетті екенін 

біледі.  Көпшілігі  алдыңғы  сабақтарды  да 

ұмытпаған.  

Адамның  мамандығы  қандай  болмасын 

(арматурашы,  дәнекерлеуші,  тас  қалаушы, 

мұнаралы  кран  машинисі,  сылақшы-бояушы 

және т.б.) және еңбек өтілі қандай болмасын 

– тіпті, адам бір мамандық бойынша 20 жыл 

жұмыс істеген және біліктілігі жоғары болсын 

ол  адам  оқығаны  туралы  сертификатсыз  жұ-

мысқа жіберілмейді. 

Кіріспе нұсқамадан өту кезіндегі дәрістер-

де  қауіпсіздік  және  еңбекті  қорғау  инженері 

қызметкерлерге  барлық  құрылысшылардың 

міндетті түрде жұмыс барысында пайдалануы 

қажет жеке қорғаныш құралдарымен – қорға-

ныш каскаларымен, қолғаптармен, монтаждау 

белдіктерімен және т.б. қамтамасыз етілетінді-

гін түсіндіреді. 

Нысандардағы  кіріспе  нұсқамадан  басқа 

прорабтар,  участок  бастықтары,  шеберлер 

нұсқаманы тікелей жұмыс орнында әр маман-

дық бойынша жеке өткізеді.  

2014-ші  жылы  компаниямызда  «БАЗИС» 

ҚК  оқу  орталығынан  348  адам  аттестация-

лау мен қайта аттестациялаудан өтті. 2015-ші 

жылы  283  қызметкер  оқыды.  Барлығы  өтіп 

бара жатқан 2015-ші жылы Алматы филиалы-

ның 415 қызметкері оқып, сертификаттар мен 

жұмысқа рұқсат алды. Жаңа 2016-шы жылдан 

бастап оқуға сертификатының мерзімі аяқта-

лып жатқан мамандарымыздың үлкен легі ке-

леді және олар қайта аттестациялаудан өтеді. 

BN-нен: 

Бүгінгі заманда өз мамандарын оқыту мен 

қайта даярлауға осыншалықты назар аударып 

жатқан  компанияны  табу  өте  қиын.  Алматы 

мен  Астанада  жоғары  білікті  оқытушылары 

бар екі оқу орталығының болуы «БАЗИСтің» 

бірінші орында қызметкерлерінің денсаулығы 

мен  қауіпсіздігі  тұратын  сенімді,  жауапкер-

шілікті және әлеуметтік бағытталған компания 

екенін тағы бір дәлелдейді. 



алМаты Мен астанадағы жеке 

сертификатталған оқу орталықтары 

Құрылыс алаңдары қауіптілігі аса жоғары орын болып табылады, сондықтан, құрылыста жұмыс істейтін әрбір адам 

еңбекті қорғау ережелерін білу тиіс және қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауы қажет. «БАЗИСте» қауіпсіздік алдыңғы 

орында  тұратындықтан,  компаниямызда  екі  оқу  орталығы  құрылды.  Онда  біздің  қызметкерлеріміз  қауіпсіздік 

техникасы мен еңбекті қорғау жөнінен дәріс алады, біліктілігін дәлелдеп, сертификаттарға ие болады. Астанадағы 

білім беру орталығының жұмысы жайында «БАЗИС» ҚК Астанадағы филиалының қауіпсіздік және еңбекті қорғау 

департаментінің директоры Саида Ұзақбаева, Алматыдағы дәл осындай орталықтың жұмысы туралы «БАЗИС» ҚК 

Алматыдағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы департаментінің аға инженері Татьяна Майорова айтып береді. 

оқу бағдарламаларын жасаумен айналысады, 

тәжірибелік сабақтар өткізетін мамандардың 

уақытын үйлестіреді – материалдың игеріл-

ген, игерілмегенін міндетті түрде тексереміз. 

Егер  мамандандырылған  ұйымдарда  жұ-

мысшыларды оқу сыныптарына шақыратын 

болса, бізде олардың оқуды өздерінің жұмыс 

орындарында  өткізіп,  білімін  бірден  қолда-

нуға мүмкіндіктері бар. 

ИТҚ,  орта  буын  басшылары  және  қа-

уіпсіз  өндіріске  жауаптылардың  барлығы 

жылына  бір  мәрте  өнеркәсіптік  және 

электр  қауіпсіздігі  бойынша  оқып,  емти-

хан тапсырып, рұқсат тобын алуға міндетті. 

Адамдардың  компанияда  неше  жыл  еңбек 

ететіні маңызды емес, егер олар қауіптілігі 

жоғары  жұмыстар  атқарылып  жатқан  уча-

стокқа  жауапты  болса,  заңмен  белгілен-

ген  мерзімде  оқытудан  өтуі  керек.  Біз  бұл 

мерзімді  қадағалап  отырамыз,  сертификат 

уақыты  аяқталғандардың  барлығын  оқуға 

жібереміз.  Инженерлік-техникалық  қыз-

меткерлер тиісті куәлігі болмаса өз міндет-

терін  орындауға  жіберілмейді.  Егер  рұқсат 

мерзімі аяқталса – адам рұқсат алғанға дей-

ін жұмыстан аластатылады. 

Төл оқу орталығын құру арқылы біз «Бір 

оқпен  екі  қоян  алып  отырмыз»:  қызметкер-

леріміздің  білім  деңгейін  үнемі  жетілдіріп 

отырамыз және оқытуға жұмсалатын шығын-

ды айтарлықтай азайттық. Нарықта жоғарыда 

аталған мәселелер бойынша бір адамды оқыту 

ақысы орташа 15 – 16 мың теңге. Біз бүгінгі 

күнге  дейін  мыңға  жуық  адамды  оқыттық. 

Биылғы жылдың мамыр айынан бері шамамен 

8 миллион теңге үнемдедік. 

Үкіметтің ИТҚ арналған оқу және білімін 

тексеру  мерзімін  реттеген  соңғы  қаулысы 

бойынша олар үш жылда бір мәрте оқып, қа-

уіпсіздік пен еңбекті қорғау жөнінде сертифи-

кат алуға міндетті. 

Біздің орталыққа 20.11.2015 жылы «Аста-

на қаласының еңбекпен қамту және әлеумет-

тік қорғау Басқармасы» ММ №66 бұйрығымен 

ТҚ  және  ЕҚ  мәселелері  бойынша  оқытуға 

рұқсат  берілді.  Осы  арқылы  оқу  орталығы  3 

жылға қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша 

сертификаттар беру құқына ие. Бұл өз кезегін-

де қаржылық шығындарды айтарлықтай азай-

туға мүмкіндік береді.

ҚТ бойынша оқу барлығына міндетті

татьяна  Майорова:  –  Алматыдағы  оқу 

орталығының  жұмыс  істеп  келе  жатқаны-

на  7  жыл.  2014-ші  жылы  лицензия  мерзімі 

аяқталған  кезде  «БАЗИС»  ҚК  ЖШС  фили-

алының  директоры  Анатолий  Степанович 

Фальков «БАЗИС» ҚК оқу орталығының ли-

цензиясын  ұзарту  туралы  идеяны  қолдады. 

Оқу  орталығында  тұрақты  жұмыс  істейтін 

комиссия бар, төрағасы – Анатолий Степано-

вич Фальков, ал, комиссия мүшелері – Сергей 

Борисович Барсуков пен мен, Татьяна Анато-

льевна Майорова. 

Біздің  оқу  орталығымыз  инженер-

лік-техникалық қызметкерлердің, нысан ди-

ректорлары  мен  компания  басшылығының 

өтінішімен жұмыс істейді. Біз топ жасақтай-

мыз, оқытамыз, емтихан өткіземіз, сертифи-

Оқытамыз және сертификаттаймыз 

саида  ұзақбаева:  –  Біздің  оқу  орта-

лығымыз  қауіпсіздік  пен  еңбекті  қорғау, 

өнеркәсіптік  қауіпсіздік,  электр  және  өрт 

қауіпсіздігі  саласындағы  заңдарға  енгізіл-

ген  өзгертулердің,  сондай-ақ,  «Азаматтық 

қорғау»  заңының  пайда  болуының  арқа-

сында  құрылды.  Бұл  заң  өнеркәсіптік  қа-

уіпсіздік  жөніндегі  аттестат  алуымызға 

мүмкіндік  берді.  Онда  өнеркәсіптік,  өрт, 

электр қауіпсіздігі саласы бойынша маман-

дар  оқытуға,  дайындауға  және  қайта  даяр-

лауға  құқымыз  бар  екендігі  көрсетілген. 

Осы үш аспектіні біріктіретін сертификатты 

2014-ші  жылы  Алматыдағы  әріптестеріміз 

алды.  Кейін  біз  оқытудан  өтіп,  бағдарлама 

әзірлеп оны Астанаға енгіздік. Біздің орта-

лығымызда тәжірибелік білім беретін жоға-

ры  білікті  мамандар  еңбек  етеді.  Жылына 

бізде 693 адам білім алады. 

Оқу  орталығында  тұрақты  жұмыс  істей-

тін комиссия бар. Оның төрағасы – «БАЗИС» 

ҚК ЖШС филиалының директоры Гутовский 

каттар  тапсырамыз.  Жаңадан  қабылданған 

қызметкерлер еңбекті қорғау мен қауіпсіздік 

техникасы  бойынша  оқуға  жіберіледі.  Оқу 

процесіне біз «БАЗИС» компаниясында жұ-

мыс  істейтін  мамандарды  тартамыз.  Мәсе-

лен, мұнаралы кран құрылысын білетін қы-

зметкер жүк ілушілерге жүкті қалай дұрыс 

іліп, бекіту керектігін ұғынықты етіп айтып 

бере алады. «БАЗИС» ҚК Алматыдағы Фи-

лиалының бас механигі Аманжол Әлжобаев 

компаниямыздың  қызметкерлерінің  «жүк 

ілуші»,  «адамдарға  арналған  лифт  маши-

нисті»  мамандықтары  бойынша  үйрететін 

және  электрлі  өзі  көтерілетін  бесіктерде 

істейтін жұмысшыларға арналған оқуға қа-

тысуда. Дәрістердің біразын оқу жоспарына 

сүйене отырып өзім оқимын. Оқу бағдарла-

масынан бөлек біз тікелей компаниямыздың 

құрылыс алаңдарында тәжірибелік сабақтар 

өткіземіз. 

Биыл  қауіпсіздік  пен  еңбекті  қорғау  сер-

тификатын  Алматы  филиалының  инженер-

лік-техникалық  қызметкерлерінің  барлығы 

алды.  Әр  үш  жыл  сайын  инженерлік-техни-

калық  қызметкерлер  қайта  аттестациялаудан 

өтеді. 


Алматы қаласы – сейсмологиялық тұрғыда 

қауіпті аймақ, сондықтан, біз  ҚазҚСҒЗИ-мен 

ынтымақтастық орнатып келеміз. Біздің қыз-

меткерлеріміз Қазақстанның сейсмологиялық 

қауіпті  аймақтарында  құрылыс  жұмыстарын 

жүргізуге құқық беретін сертификаттар алуда. 

Біздің  орталықта  құрылыс  саласында  қа-

растырылған оқудың барлық түрі жүргізіледі. 

2015-ші  жылы  82  инженерлік-техникалық 

қызметкер қауіпсіздік техникасы мен еңбекті 

қорғау бойынша оқып, үш жылға сертификат 

алды  (геодезия  бойынша  да,  сейсмика  бой-

ынша  да  сертификаттар  бес  жыл  мерзімге 

беріледі). 

Қр  еңбек  кодексінде  инженерлік-техни-

калық  қызметкерлер  еңбекті  қорғау  жөнінен 

оқып, сертификат алуы тиіс екендігі жазылған. 

2015-ші  жылы  біз  компаниямыздың  қызмет-

керлері еңбекті қорғау бойынша оқуға мүмкін-

29

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



28

ҚАУҒАНЫң АСТЫНДА ТұрМА



сәлима  жүнісова  «базис»  компани-

ясында  қабат  бойынша  кезекші  болып 

істейді. оның еңбек тәжірибесі 2011 жылы 

«триумфальный»  тұрғын  үй  кешенінен 

басталды. 2012 жылы сәлима Q-2-ге жауап-

ты болды, 2013–2014 жылдары «престиж» 

тұрғын үй кешенінде жұмыс істеді, ал, 2015 

жылы оны «италиялық орам» тұрғын үй 

кешеніне аға кезекші етіп ауыстырды. 

– Қабат бойынша кезекшілік етуді ішкі кү-

зет деп атауға да болады. Нысанның құрылы-

сы аяқталып жатқан кезде ешкімнің есіктерді, 

терезелерді сырмауын қадағалаймыз. Жайлар-

дағы тазалықтың сақталуын бақылаймыз. Күн 

сайын таңертеңнен кешке дейін құрылысшы-

лардың жанында болып, олардың құрылыстан 

қалған  қоқыстарды  тазалап  отыруын  қадаға-

лаймыз. Пәтер иелері келіп орналасқанға дей-

ін жауапкершілік біздің мойынымызда. 

Қазір мен 10 кіреберісі бар тұрғын үй ке-

шені  «Италиялық  орамда»  жұмыс  істеп  жа-

тырмын. Пәтер иелеріне әлдене қажет болған 

жағдайда – мәселен, оларға электрикті, сантех-

никті, сыпырушыны немесе өзге бір маманды 

шақыру қажет болса, біз олардан осы жөнінде-

гі өтінішті қабылдаймыз да басшылыққа баян-

дап, барлық мәселелерді шұғыл шешіп отыра-

мыз. Техникалық жайлар, лифтілер және тағы 

басқалардың кілттері бізде. Біз кілтті алушы-

ның  қолын  қойдырып  барып  қана  береміз. 

Былайғы  жұрт  қабат  кезекшісінің  жұмысы 

оңай деп ойлайды, оның қаншалықты жауапты 

екендігін аңғара бермейді. Біз нысанға монолит 

құйылғаннан кейін кіріп, ол жақтан тұрғындар 

көшіп келгеннен кейін ғана шығамыз. Мен әр-

бір нысанға өз перзентімдей қараймын. 

Жолдасым  да  ҚМБ-5-те  жол  салушы  бо-

лып жұмыс істейді. Үлкен ұлым да колледжді 

бітіргеннен  кейін  компанияға  жұмысқа  келді. 

Кәсібімді мақтан тұтамын және өзіме ұнайды. 

Мен  «БАЗИСті»  жақсы  көремін.  Маған  ком-

паниямыздың,  ұжымымыздың  үлкен  болған-

дығы,  мұнда  көптеген  адамдардың  еңбек 

ететіндігі  ұнайды.  Жігіттер  де  қандай  да  бір 

мәселені шешу қажет болып жатса сол орын-

далмайынша дәрежесі мен атағына қарамастан 

ешкімге тыныштық бермейтінімді біледі.

әлфия  имашева  алматыдағы  12  000 

орындық  Мұзды  аренада  кілтші  болып 

қызмет етеді. оның жұмысы ерекше ұқып-

тылық пен тәртіпті қажет етеді, себебі, әр 

есіктің кілтін біліп қана қоймай, сонымен 

қатар, үнемі оның қайда жатқандығын қа-

дағалап отыру керек. 

–  Менің  қызметім  «қабат  кезекшісі»  деп 

аталады,  ал,  қарапайым  тілмен  айтсақ  –  кіл-

тшімін.  Нысанның  барлық  есіктерінің  кілті 

менде. Құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын 

жасау керек болған жайдайда құрылысшылар 

маған келеді де оларға кілтті қолын қойдырып 

барып бермес бұрын  арнайы журналға кілттің 

алынған күнін, оны алған адамның аты-жөнін, 

қай  бригадада  жұмыс  істейтінін,  оның  ұялы 

телефонынының  номерін  жазамын.  Кілтті 

қайтарған кезде де алған адам қол қояды. 

Әрбір бау кілттің өзінің номері мен қай қа-

баттағы қай есіктің кілті екендігінен хабар бе-

ретін  мәлімет  жазылған  салпыншағы  болады. 

Кілттерді әзірлеуге көп уақыт кетеді – әр кілтке 

мәлімет жазылған қағазды жапсыру қажет. Бұл 

нысанда менде әзірге небәрі екі бума кілт бар – 

олар «В» блогының кілттері. Жақында бұларға 

«А» және «Б» блоктарының кілттері қосылады. 

Менің жұмысымдағы ең басты нәрсе – жіті 

көңіл  мен  тәртіп.  Әр  кілт  өз  орнында  ілулі 

тұруы тиіс – егер екі-үш кілттің орнын ауы-

стырып алатын болсаң былық басталады. 

Мұзды  аренаға  дейін  мен  Mega  Tower 

Almaty тұрғын үй кешенінде компаниямызда 

ақтық әрлеу жұмыстары жөніндегі прораб бо-

лып еңбек ететін анам Фарида Асылбековамен 

бірге кілтші болып істедім. Біз соңғы үш үйдің 

пәтерлерін иелеріне тапсырдық. 

Құрылыстың ауқымы тұрғысынан қараған-

да кілтшінің жұмысы аса маңызды емес болып 

көрінуі мүмкін, себебі, ол құрылысшылар, әр-

леушілер, тас қалаушылардың жанында елен-

бей де қалады. Бірақ, кілттер мен кілтші болма-

са нысандарда бей-берекетсіздік басталар еді. 

расын айтқанда, «БАЗИСте» жұмыс істеп 

жатқаныма  қуаныштымын  –  бұл  жалақыны, 

жәрдемақыны,  барлығын  уақытында  заңға 

сәйкес  төлейтін  бүгінгі  күні  аяғынан  нық 

тұрған компания. 

нұрлан  сұлтамұратов  астанадағы 

еХро-2017  қатысушыларына  арналған 

ктк  құрылыс  алаңдарында  өндірісті  дай-

ындау инженері болып еңбек етеді. алдына 

қойған мақсаты бар, жауапкершілігі мол жас 

жігіт  тапсырылған  міндеттерді  бұлжытпай 

орындайды және өмірден не күтетінін біледі. 

–  «БАЗИСке» 2015 жылдың бірінші нау-

рызында  кірістім.  Биыл  Еуразиялық  ұлттық 

Университетті бітірдім. Оқып жүргенде басқа 

мекемеде  жұмыс  істедім,  кейін  «БАЗИСке» 

тәжірибеден өтуге келдім, екі аптадан соң мені 

жұмысқа алып, нысанға жауапты етіп бекітті. 

Біз,  ӨДБ  инженерлері  жобалау  институ-

тымен, өндірісті-техникалық бөлімімен және 

смета  бөлімімен  жұмыс  істейміз.  Егер  жо-

бада қандай да бір ескертулер болса біз оны 

жобалау  институтымен  бірлесе  шешеміз. 

Барлық  жобалық  келісулер  мен  түзетулер 

біз  арқылы  енгізіледі.  Біз  жұмыс  өндірісі 

кестесін,  басшылыққа  арналған  есептерді 

жасаймыз,  қанша  жұмыс  атқарылғанын  қа-

дағалаймыз. Бөліміміз бригадалардың қозға-

лысын  реттейді,  оларды  қандай  участокқа 

қою қажеттігін бақылайды. Өндіріс процесі 

кезінде шұғыл шешуді қажет ететін көптеген 

мәселелер туындап жатады. Бұл маған ұнай-

ды  және  жұмысыма  көңілім  толады.  Менің 

еңбек  ететін  нысаным  да  өзгеше.  Маған 

еліміздің беделін арттыратын осындай маңы-

зды  нысанда  жұмыс  істейтінімді  айтқанда 

қатты  қуандым.  ЕХрО  –  бұл  халықаралық 

көрме,  еліміз  үшін  үлкен  оқиға.  Біздің  на-

сынымыз  үлкен  –  үш  орам,  21  үй.  Мұндай 

нысанда еңбек ету әрине, қиын, бірақ, соған 

қарамастан қызық та. 

«БАЗИС»  компаниясы  –  бұл  тағылымы 

мол мектеп. Менің осында жұмысқа келуімнің 

себебі  –  «БАЗИС»  Қазақстандағы  ең  ірі 

құрылыс компанияларының бірі, құрылыс са-

ласының көшбасшысы. Құрылыс алаңын көр-

геннен кейін ойымды өзгерттім және оған еш 

өкінбеймін – қазір мен «Екі қоянды бір оқпен 

атып», жобалармен де, өндіріспен де айналы-

сып жатырмын. Мұнда мен үнемі қозғалыста 

боламын,  адамдармен  көп  араласамын  және 

бұл маған мейлінше  ұнайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет