Өндірістен шығатын ағынды сулар негізінен өндіріс қалдықтарымен ластанған. Олардың сандық жэне сапалық құрамы алуан түрлі және қай салаға жататын кәсіпорыннан шығатынына, оның технологиялық процестеріне байланысты; оларды негізінен екі топқа бөледі: бейорганикалық, соның ішінде улы қоспалары да бар және құрамында у бар ағынды сулар.
Бірінші топқа құрамында қышқыл, сілті, ауыр металл иондары және басқалары бар сода, сулфатты, азотты зауыттардан, қорғасын, мырыш, никель және т.б. кен байыту фабрикаларынан шығатын ағынды сулар жатады. Бүл топқа жататын ағынды суларда негізінен судың физикалық қасиеттері өзгереді.
Екінші топқа жататын ағынды суларды мұнай өңдейтін, мұнай химиялық зауыттары, органикалық синтез, коксохимиялық кәсіпорындар және басқалар бөледі. Ағынды сулардың құрамында әр түрлі мұнай өнімдері, аммиак, альдегидтер, шайырлар, фенолдар және басқа да зиянды заттар болады. Бүл топқа жататын ағынды сулардың зиянды әсері негізінен су құрамындағы оттегінің азаюынан биохимиялық қажеттіліктің артуын, соның әсерінен судың органолептикалық көрсеткіштершің төмендеуін тудыратын тотығу процестеріне байланысты.
Қазіргі таңда ішкі су қоймаларды, өзендер мен теңіздерді, Дүниежүзілік мүхитты негізгі ластаушылар мұнай және мұнай өнімдері болып табылады.
Осыған байланысты біз Каспий теңізінің өндірістік ағынды суларымен ластануын қарастыратын боламыз.
Каспий теңізі оқшауланған су алабы ретінде өзіне тән гидрологиялық режимге ие.Оған әсер ететін факторлар: климаттық жағдайлары, өзен ағыны, тереңдігі, теңіз түбінің жер бедері, жергілікті жер бедері. Теңіз деңгейінің толқуының жылдық деңгейі 30-35 см құрайды, кей жылдары 55 см-ге жетеді. Каспий теңізінің жылдық өзгерісі климат факторларының маусымдық өзгерістерімен байланысты. Негізгі ықпал өзен ағыстарынан болады, оның көбеюуі деңгейдің көтерілуін, ал азаюы деңгейдің түсуін қамтамасыз етеді. Деңгейдің көтерілуі шілде, маусым айларында байқалады, ал төмендеуі желтоқсан, ақпан айларында болады. Сәуір айынан бастап теңіз деңгейі көтеріле бастайды да маусымда шегіне жетеді. Деңгейдің орташа маусымдық тербелуі 22-30 cм аралығында сақталады.
Теңіздің солтүстік бөлігінің климаты континентальды, температураның амплитудасы үлкен және атмосфералық жауын- шашын аз түседі. Мұнда ауаның қаңтар айындағы орташа температурасы -5-60С шамасында, аяз -380С, шілде айында орташа температура 23-240С. Жылдық жауын – шашын мөлшері 100-150мм. Теңіздің солтүстік бөлігі қыста қатып калады, орталық бөлігінде судың температурасы 00С болады, теңізді мұз жаппайды, мұнда қалқыма мұздар пайда болады. Жазда судың бетінде температура біршама жоғары болады.
Каспийде жануарлардың 2000-ға жуық түрі (оның ішінде омыртқасыздар – 1069, омыртқалылар – 415, паразит жануарлар – 325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар (шаянтәрізділердің 60%-ы, моллюскілердің 80%-ы,балықтардың 50%-ы) құрайды. Каспий теңізінің балық қоры 2,9 млн.т. болса, оның 40%-ы Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді. Бекіретәрізділердің дүниежүзілік өнімінің 90%-ы осында ауланады. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі.
Каспий теңізі өте сезімтал экожүйе болып табылады. Соңғы он жылдықтағы антропогенді және биохимиялық факторлардың әсерінен экожүйенің жалпы жағдайы, әсіресе теңіздің солтүстік шығыс бөлігіндегі жағдай нашарлап кетті.
Теңіздің басты ластаушысы мұнай болып табылады. Мұнай – өзіндік иісі бар қара-қоңыр түсті тұтқыр майлы сұйықтық. Мұнай өнімдері шекті, шексіз қатарлардан тұратын көмірсутегілердің күрделі қоспасынан тұрады.
Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. тоннадан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органика пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғасыр концентрациясы мамыр – шілде айларында байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |