Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықкөрсеткіштерін талдау кешенін қалыптастырудағы жаңа тәсіл кәсіпорынның қаржылық жағдайын бөлшектеп зерттеуді талап етеді. Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау ішкі қолданушыларға бақылау және дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажет, ал инвесторлар, жеткізушілер, несие ұйымдары сияқты сыртқы қолданушылар үшін шаруашылық субъектінің табысы мен төлемдік мүмкіндігін анықтау мақсатында қажет.
Осыларды ескере отырып, диссертация тақырыбының өте маңызды екендігін аңғаруға болады. Ғылыми зерттеу жұмыс бойынша бірнеше мәселелерді айқындау, оларды талдау және тиімді шешу жолдарын ұсыну көп ізденісті қажет етеді.
Осылайша, қаржылық сараптамашылар қаржылық коэффициенттерді кеңінен қолданады.
1 диаграмма бойынша, біз жалпы активтермен қоса, ұзақ және қысқа мерзімді активтердің оң нәтижеде өсуін көріп отырмыз. Негізгі қаражат құны да өсуде.
Осы 7-ші кесте де көргендей ұйымның қалыптастыру активтерінің көздері көбеюде. Өткен жылмен салыстырғанда есепті кезеңде 724 465 млн. теңге немесе 10,6%-ға өсті. Бұл өсім есебінен меншікті қаражатың өсуі қамтамасыз етілген, бұл арада қарыз қаражаты 8,69% өсті. Меншікті қаражаттарының үлесі 2017 жылы 51,21%-дан 52,59%-ға дейін өсіп, 2018 жылы қарыз қаражатының үлесің есебінен 52,59 %-дан 53,4%-ға азайды. Бұл көрсеткішті талдау әдебиетінде тәуелсіз коэффициент (автономия) деп атайды. Оның мәні неғұрлым жоғары болған сайын, ұйым қаржылық жағынан тұрақты, сыртқы кредиторларға да тәуелсіз болып келеді. «Ак жол сервис центр» ЖШС-нің бұл коэффициенттің деңгейі оңтайлы мәнді құрайды, бұл оның тұрақты қаржылық жағдайын көрсетеді.
Диаграмма 3 – «Ак жол сервис центр» ЖШС-нің 2016 – 2018 жылғы құрамы мен құрылымдық қарыздары
2017 жылы, алдыңғы жылмен салыстырғанда, құрамында қарыз қаражаттарының қысқа мерзімді міндеттемелері 27,18% - ден 34,7% - ге өсті, ал 2018 жылы олардың үлесі төмендеді 34,7% ден 28,82% дейін, 5,88 тармақтар үлесін арттыру есебінен ұзақ мерзімді міндеттемелердің тармағына да артты.
Айта кету керек, ұйымның ұзақ мерзімді міндеттемелері 2018 жылы 390 834 млн. теңгеге арты. Енді қандай да бір баптарының өзгерістер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерін жеке-жеке талдау қажет.
кестеде көрініп тұрғандай, 2017 және 2018 жылдардағы өзіндік қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті 0,1-н төмен. Ол дегеніміз, баланс құрылымы қанағаттанарлықсыз. Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылым жағдайында, ұйымның өзінің төлеу қабілетін қалпына келтіруде шынайы мүмкіндігін тексеру үшін, төлеу қабілетін қалпына келтіру коэффициенті 6 ай мерзіммен есептеледі. Баланс қанағаттанарлық құрылым жағдайында қаржылық жағдайының тұрақтылығын тексеру үшін төлеу қабілетін жоғалту коэффициенті 3 ай мерзімге есептеледі.
Осылайша, кестеден мынадай тұжырым жасауға болады, зерттеу кезеңінің барысында, «Ак жол сервис центр» ЖШС суреттелген жеті әдістер бойынша банкрот болудың ықтималдығы орташа болып отыр. Листің төртфакторлы моделі бойынша 2017 жылы банкрот болу ықтималдығы жоғары болса, дегенмен 2018 жылы банкрот болу ықтималдығы орташа болды. Басқа модельдер бойынша 2017 жылы да, 2018 жылы да банкротықтың ықтималдығы орташа көрсеткішті көрсетіп отыр. Бивер жүйесі бойынша 2018 жылы ағымдағы өтімділік коэффициенті және экономикалық рентабельдігі 1 тобында орналасқан – сәтті, қаржылық жағдайы жақсы, Бивер коэффициенті 2 тобына, қаржылық леверидж және активтерді өзіндік айналымдық активтермен жабу коэффициенті 3 тобына кіреді. Демек, көрсетілген модельдер өте ұқсас көрсеткіштер көрсетті, бірақ бірдей емес.
Достарыңызбен бөлісу: |