кезіндегі аздаған қатенің өзі экспланттардың өсуіне тікелей әсер етеді.
Тәжірибе жұмыстары үшін қажет ыдыстардағы әртүрлі тұздардың
бір-бірімен араласып, былғанбауы үшін әр реактивті өлшеу үшін таза
шпательдер пайдаланылады. Макро- және микротұздарды шыны
стакандарда, ал витаминдерді, фитогормондарды және басқа да
коспаларды сағат шыныларында өлшейді. Қоректік ортаның көмірсу
және агар сияқты компоненттерін пергамент қағазына салып өлшеуге
болады.
Уақытты үнемдеу үшін алдын-ала дайындалған тұздардың
концентрлі ерітінділері дайындалады (маточные растворы). Ол үшін
концентациясы 10 еселік макротұздардың және концентрациясы 100
еселік микротұздардың срітінділерін дайындайды.
Концентрлі ерітінділердің қоспасын дайындау үшін макро- және
микротұздардың әрқайсысын жеке, қыздыра отырып, дистильденген
судың аздаған көлемінде дайындайды. Әдістемелік нұсқауда
көрсетілген ретпен, алғаш макротұздардың ерітінділерін, сонан соң
микротұздардың ерітінділерін бір-бірімен қосып, соңында бірінші
қоспаға екінші қоспаны құйып араластырады да, дистильденген су
қоса отырып, ерітіндінің көлемін қажетті көлемге дейін жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: