1. Техникалық H2SО4 (купорос майы) - 92,5 %,
2. Олеум-18,5 % SО3 моногидрат құрамында
бос қалпында болады,
3. Мұнара қышқылы 75% H2SО4 (нитроза әдісімен өндірілген).
Күкірт қышқылын өндіру әдістері
X ғасырда алғаш рет 940 л күкірт қышқылын табиғи купорос сланецімен
темір купорос қоспасын қыздыру арқылы өндірген, осы себептен өндірісте
техникалық купорос майы деп аталады.
XV ғасырда күкірт қышқылын камерада күкірт
пен селитра қоспасын
өртеу арқылы өндіре бастады. Осы әдісті «камера» немесе «нитроза» әдісі деп
атайды.
Қазіргі кезде күкірт қышқылын негізгі екі әдіспен өндіреді: контакталық
(жанасу) және нитроза әдістері.
Күкірт қышқылын өндіру үшін өнеркәсіпте, алдымен күкірт ангидридін
(SO3) алады. Өнеркәсіпте өндірілетін газ күкіртті ангидрид (SО2) күрделі
қоспа, құрамында күкірт ангидридінен басқа: азот, оттек және т.б. қоспалар
болады.
Күкірт қышқылын контакт әдісімен өндіру
Күкірт қышқылын өндірудің 25%-ға дейінгі шамасы түсті металлургия
зауыттарынан шыққан газдардан алынады.Күкірт колчендандары FeS, CuFeS₂,
көбінше түсті металдардың сульфидімен бірге жатады, сондықтан мыс, цинк
(мырыш) және т. б. түсті металдардың концентраттарын жаққан кезде, онда
күкірт қостотығы бөлініп шығады, ол өндірістік қалдық болып есептелінеді.
Оны екінші шикізат есебінде күкірт қышқылын алу үшін пайдаланады. Бұл
өндірісте SO₂, газын SO₃-ке айналдыру үшін контактілік әдіс қолданылады.
Күкірт қышқылының контакт әдісімен алу жолы мынадай сатылардан тұрады:
l) Газды зиянды қоспалардан тазалау. Күйдірген газдан тозаңдарды бөліп
алғаннан кейін оны катализаторға
зиян келтіретін мышьяк, селен, фтор т.б.
заттардан тазартады. Осымен қатар газдан өте қымбат қоспалар селен, теллур
және т.б. бөліп алады
2) Күкірт диоксидін тотықтыру (қатты катализатормен контакт жасау).
Катализатор ретінде: Pt, темір оксиді, ванадий (V) оксиді қолданылады. Ең
активті катализатор – Pt, бірақ құны өте жоғары және тез уланады. Күкірт
қышқыл зауыттарында промоторланған 7% V2O5-ді, промотр ретінде сілтілік
металдар оксиді (К2О) қолданылады. Ванадийді
катализатор ретінде
қолданғанда бастапқы температура 580-6000 С-тан соңында 450-4000 С
температураға дейін төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: