Қосымша материалдар, қалдықтар. Жалпы технология бұл табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары. «Технология»



Pdf көрінісі
бет1/44
Дата28.03.2023
өлшемі1,26 Mb.
#76777
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
ОХТ ОТВЕТЫ



1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: 
химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, 
қосымша материалдар, қалдықтар.
Жалпы технология бұл табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті 
өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары. «Технология» (грекше «technos» – 
өнер, кәсіп және «logos» – ғылым, білім) сөзінің шығу тегі де, оның мазмұнына 
сай келеді: бастапқы затты пайдалы өнімге айналдырып өңдей білу туралы 
ғылым. Технология – жүру процестеріне байланысты механикалық және 
химиялық болып бөлінеді.
Механикалық технологияда – материалдың пішіні немесе сыртқы түрі және 
физикалық қасиеттері өзгеретін процестер қарастырылады.
Ал химиялық технология – зат құрамының, қасиеттерінің және ішкі 
құрылымының түбегейлі өзгеруімен өтетін процестерді қамтиды.
Химиялық технологияның:
зерттеу пәні – химиялық өндіріс;
зерттеу мақсаты – адамға қажетті заттардың тиімді өндіру жолдарын 
табу;
зерттеу әдістері – тәжірбиелік, моделдеу және жүйелік талдау. 
Химиялық технология салалары бойынша екі топқа бөлінеді:
1) бейорганикалық химиялық технология (негізгі бейорганикалық синтез; 
нәзік бейорганикалық синтез; металлургия; силикаттар технологиясы; 
ядролық-химиялық технология);
2) органикалық химиялық технология (мұнай және газ өңдеу; мұнайхимиялық 
синтез; негізгі органикалық синтез; нәзік органикалық технология; 
биотехнология; жоғарғы молекулалық технология).
Химиялық технологияның негізгі ұғымдарын қарастыратын болсақ, 
олар:
1) химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер 
жолымен өңдеуге арналған машиналар мен аппараттарда жүзеге асырылатын 
процестер мен операциялардың жиынтығы.
2) технологиялық процесс – шикізат және материалдарды өнімдерге дейін 
өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығы.
3) химия-технологиялық процесс – бастапқы затты өнімге айналдыру 
кезіндегі химиялық және физико-химиялық процесстердің тізбегі. 
Сонымен қатар химиялық технология көптеген ғылымдармен байланысты. 
Олар: математика, физика, физикалық химия, биохимия, органикалық химия, 
бейорганикалық химия, инженерлік ғылымдарда, минералогия және т.б. 
Химиялық технологияда өңдеудің әртүрлі кезеңдерінде келесі технологиялық
компоненттерді бөлуге болады: шикізат, аралық өнім, жанама өнім, мақсатты 
өнім және қалдықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет