Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
9- тақырып
Зат есім және оның лексика-грамматикалық сипаты, семантикалық топтары. Көмекші есімдер. Зат есімнің грамматикалық категориялары.
Жоспар:
Зат есімжәне оның лексика-грамматикалық сипаты
Зат есімнің семантикалық топтары
Көмекші есімдер, қызметі
Зат есімнің грамматикалық категориялары
Пайдаланатын әдебиеттер: 1. Қазақ грамматикасы (фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис). - Астана: Астана полиграфия, 2002. - 783 б.
2. Қасабек Қ., Мұхамади Қ. Қазіргі қазақ тілі /морфология/. Алматы, 2004.
3. Момынова Б. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. Алматы, 2014
4. Оразбаева Ф., Сағидолда Г., ...Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2005. – 535 б.
5. Сыздықова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012
6. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы: Қайнар, 2007. – 390 б.
7. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. 384 б.
8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 144 б.
Зат есім
Грамматиканың морфология саласының теориялық әрі практикалық жағынан маңызды мәселелерінің бірі - тілдегі сөздерді сөз таптарына қарай бөлу, лексика-грамматикалық сипатын айқындау.
Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай түрліше топтастырылады. Мұндай көзқарастар грамматикалар мен А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Н.Оралбай, т.б. ғалымдар зерттеулерінде кездеседі.
Сөз таптарының ішінде семантикалық сипаты, грамматикалық құрылысы, синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленетін негізгі өз таптарының бірі - зат есім. Зат есім - бізді қоршаған ортадағы түрлі жанды, жансыз заттардың, заттық ұғымдар мен түрлі құбылыстардың, оқиғалардың атын білдіретін есім сөз таптарының бірі. Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшелігі: олар лексика-семантикалық жағынан тек заттардың атын ғана білдірмей, сонымен қатар сапалық, қимылдық, мезгілдік мәнді әртүрлі атаулардың да атын білдіреді: жақсылық, тоқшылық, оқу, көсеу, оймақ, т.б.
Қазақ тілінде зерттеушілер зат есімдерді бірнеше мағыналық топтарға бөліп, соның негізінде оның грамматикалық сипатын анықтайды.
А.Байтұрсынұлы:
«Зат есім - нәрселердің атын көрсететін сөздер. Нәрсе деп не түрлі де болса бір заттарды айтамыз. Зат тегінде екі түрлі, біреулері - көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар; екіншісі - көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар. Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз».
Деректі, дерексіз
Жалпы, жалқы
Семантикасына қарай:
Жалпы, және жалқы зат есімдерді “біреулері нәрсенің дербес басына ғана қойылған, екіншілері нәрсенің біріне емес, барлық табына қойылған” деп ажыратады. Тағы бір назар аударатын пікір: ғалым адамзат және ғаламзат есімдерін зат есімдердің дербес мағыналық тобы ретінде бөліп көрсетпесе де, оларды “Кім? деп сұраймыз адам туралы, Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы” деген анықтамамен сипаттайды.