Осман билігі тұсындағы сирия мен ливан Дайындаған: Ташеменов К. Н



Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#12763
Байланысты:
Осман билігі тұсындағы Сирия мен Ливан

Осман билігі тұсындағы сирия мен ливан

Дайындаған: Ташеменов К.Н

Тексерген: Хибина З.Н

Осман түріктерінің жаулауы араб елдерінің әлеуметтік жағына көп әсер етпеді.Мамлюктерді қолдаған Ливан және Сирия феодалдары түрік билігі шешімімен жерлерінен айырылды.Осман билігін қолдаған феодалдар жерлерін кеңейте түсті.Осман империясының әскери қатаң билігі тек Халеб аймағында орнатылды.Бұл аймақ сириялық көтерілісшілерге қарсы арналған әскери плацдарм айналды.


1517 жылы Египеттен Ыстамбұлға қайтып бара жатқан Селим І сұлтанға Халебтегі сириялықтар көтерілісі,Сирия аумағындағы аштық пен аурулар,ал бастысы жаулаушы түріктердін аяусыз қанаушылығы туралы баяндалады.Осман билігінің алғашқы жылдарында жаулаушылар Дамаск қаласын тонап бітті.

Осман билігі тұсында Сирия 4 провинцияға бөлінді:

ДАМАСК(орталық)

ТРИПОЛИ

САЙДЕ

ХАЛЕБ

П А Ш А (бейлер-бей)

Я Н Ы Ч А Р

СИПАХИЛЕР

Аймақтын басты табыс көзі САЛЫҚ болды.Халықтан жиналған салық Ыстамбұлға жіберіліп отырды.Ал пашалар өзінің жек қажеттіліктерін өтеу үшін мөлшерден тыс салық жинады.Олар пашалықтың экономикалық әл-ауқатына және халық төлей алу мүмкіншілігініне мүлдем бас қатырмады.

Сириядағы ауылшарушылығы мен сауданың дағдарысқа ұшырауы

Түрік билігі кезінде өзінің біршама тәуелсіздігін сақтай алған Ливан болды.Оларды қару күшімен бағындыру қиын еді.Жүз жылдық көлемінде Ливан аумағында үлкен ықпалға ие болған феодалды әулет Маанидтер болды.Оларды әлсірету үшін жергілікті Түрік билігі оларға басқа феодалдарды қарсы қойып отырды. Бірақ бұл жымысқы саясат іске аспады.


1584 жылы ливандықтардың қарулы отряды Сирия мен Египеттен жиналған алым салықты ыстамбұлға алып бара жатқан керуенге шабуыл жасады.Сұлтан үкіметі бұл шабуылды Маандар ұйымдастырды деп жала жауып,Египет бейлер бейіне оларды талқандауға бұйрық береді.Түрік әскерлері Маандир иелігіне басып кіріп,талқандайды.Маан эмирі тауда қорғаныс ұйымдастырып,берілмеді.Ақыры сол қамалда өлтірілді.Ливанның кейбір феодалдары Ыстамбұлға пара апарып,өз бастарын әрен коргап қалды.

Түрік үкіметінің мұндай зорлық-зомбылығына қарсы халық наразылығы қалыптасып,көтерілістер болып тұрды.Бұл көтерілістерді Маанидтер Ливанның толық тәуелсіздігін жариялау үшін тырысты.Бұл әрекет ІІ-Фахреддин эмирдің атымен тығыс байланысты.Оны Ливан феодалдары 1585 жылы 13 жасар кезінде барлық Маанидтер иеліктерінің билеушісі деп мойындады.


Ол билікке іс жүзінде ХҮІ ғасырдың аяғына жуық ие болды.Иелікті 1635 жылға дейін басқарды.Алғашында ол түрік сұлтаны алдындағы міндетін толық орындап отырды.Иелігі өскен сайын салықты да көп мөлшерде төледі.Сондықтан түрік үкіметі оның иелігінің кеңеюіне қарсылық көрсетпеді.Фахреддиннің қарулы күштерінің саны бірте-бірте 40 мынга жетті.

Осындай қуатты қарулы күші мен бай қазынасы бар Фахреддин Түрік үкіметінің рұқсатынсыз шет елдермен дипломатиялық қатынас орната бастады.Ол Италия және Франциямен қарым-қатынас орнатты.Флоренциямен сауда қатынасын жасады.Бұл Осман үкіметіне ұнамады. 1609 ж. Дамаск пашасы болып Ахмед Хафиз тағайындалды.Оның қарамағына әскер бөлініп,түріктер билігін қалпына келтіруді тапсырды.Бірақ ол бірден орындай алмады. Тек 1613 ж. Фахреддин күресін тоқтатып, Француз кемесімен Италияға барды.Онда ол Франция мен Италияны Осман империясына қарсы бірігуге шақырды.Бірақ 5 жыл енбегінен түк шығпаған сон Ливанге қайтып келді.Фахреддин еліне оралған сон қол астына 100 мын әскер жинап Түрік билігіне қарсы шықты.5 жыл ішінде Фахреддин Дамаск пашасын талқандап,Антихониядан Сафадқа дейінгі аралықта Түрік ұстемдігін жойды.Көп кешікпей Палестинаны да басып алды.

Ұланғайыр аумақты басып алу Фахреддиннің күшін ыдыратты.Осындай жағдайды түрік үкіметі пайдаланып,Фахреддинді женеді. 1635 жылы өлім жазасына кеседі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1.История Востока Т.Ш Восток на рубеже средневековья и нового времени ХҮІ-ХҮІІІ вв.-М.: Восточная литература РАН.1999.-67-98 бб. 2.Иванов Н.А. Османское завоевание арабских стран(1516-1574). –М.: Наука,1984.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет