Нәтижелері. 1839 жылы кенеттен қайтыс болған сұлтан ІІ Махмұт бастаған реформалау жұмыстарын одан кейін билікке келген сұлтан Абдулмежид билікке келген бойда-ақ жалғастырды. Танзимат реформалары 1839 жылдың 3 қараша күні Гүлхане сарайының саябағында көпшілік алдында салтанатты түрде жарияланды (Seyitdanlioğlu:1998, 155). Бұл жарияланған жаңа эдикт «Гүлхане Хатт-и-шерифі» деп (Gülhane Hatt-ı Şerifi) аталып, ол аса құнды мемлекеттік құжат саналды. Гүлхане Хатт-и-шерифі сол уақытта Осман империясының Сыртқы істер министрі, атақты дипломат, халықаралық істердің жетекші маманы Мұстафа Решид Паша жариялады. Бұл фирман (жарлық) ІІ Махмұт сұлтаннан кейін таққа жаңадан отырған сұлтан Абдулмежид атынан «Гүльхане хатт-и-шерифі» деген атпен жарияланды. Жарлықта қарастырылған тақырып негізінен реформалар жинағы болып, бұл реформалар жинағы «Танзимати-Хайрие» («Игілікті реформалар») деп аталды. Танзимат атауын иеленген бұл реформа 1839 жылдан кейінгі жүзеге асырылған өзгерістердің атауы болып, ол тіпті осы реформалар кезеңінің де есімі болды.
Танзимат реформаларының басталуы Осман империясында модернизация процестерінің бастамасы, ескірген мемлекеттік жүйені жою, зайырлылық және батыстың артықшылығын ресми мойындау, батыстану сияқты идеяларды өмірге әкелді. Осы және өзге де салаларды модернизациялау, жаңа тәртіп енгізуде көптеген идеялардың туындағаны мәлім. Реформаларға байланысты жаңа заманауи иделарды жүзеге асыру үшін Осман империясында арнайы жарлық дайындау жұмысының өзіндік саяси мәні болғаны белгілі. 1837 жылдың маусым айында Осман империясында Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Мұстафа Решид Паша осы реформаны қабылдап, оны жүзеге асыру үшін Лондоннан елшілік қызметтен оралуға мәжбүр болды. Ол онда 1836 жылдан бастап Портаның1 елшісі қызметін атқарған. Үш жыл бойы Еуропада өмір сүруіне байланысты Решид Паша еуропалық рухтағы реформалардың жақтаушысына айналды.
1837 жылдың соңында Решид Паша ІІ Махмұт сұлтанға Еуропадағы тәртіп пен даму жолы туралы мәліметтерді егжей-тегжейлі жазылған жазбаларын ұсынады. Оның көпшілігінде елшінің Парижде, Венада және Лондонда болған сыртқы саяси тақырыптардағы әңгімелері туралы баяндамалар жазылған. Сонымен қатар, жазбада Британ империясының Сыртқы істер министрі лорд Палмерстонның империя жетекшілеріне берген ұсынысы көрініс тауып, оған сәйкес Портаға әскерді қайта құруды жалғастырып, ауыл шаруашылығы мен сауданың дамуына ықпал етуі керек деп көрсетілген. Решид паша ағылшын министрі лорд Палмерстонмен жақсы қатынста болған (Dönmez:2011, 4-5).
Решид паша өз жазбаларында бұрынғы қойылған карантиндерді ашу, халық санын көбейту туралы ұсыныстар айтылып, ол елді жақсарту және сауданы кеңейту үшін маңызды фактор ретінде осылардың қажеттілігіне назар аударды. Решид Паша қысқаша түрде өндірісті кеңейту, зауыттар салу, сонымен қатар оларға еуропалық мамандарды тарту туралы айтты. Жазбада Еуропада жүргізілетін реформалардың әрқайсысының үлкен резонансқа ие екендігі айтылды, реформалар империяның өркендеуіне оң әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге сыртқы саясатқа оң әсерін тигізетіні айтылған.
II Махмұттың мақұлдауымен Решид паша реформалар туралы арнайы жарлық дайындай бастады. Олардың ұйымдастыруы негізінен Решид пашаның жұмысы болды. Ол кімнің қолдауымен жүргенін бағалау қиын. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Решид паша реформаларды дайындау кезінде француздар кеңестеріне құлақ асқаны туралы айтылады. Реформацияға қарсы оппозиция, өз кезегінде, маңызды болды және империяның белгілі адамдарының қолдауына ие болды. Олардың ішінде ең маңызды кеңесті басқарған атақты Хусрев Паша Құқықтық мекеменің Жоғары Кеңесінің адамы болды.
Сонымен қатар, бұл кезде 1830 жылдары Мысыр билеушісі Мұхаммед пашаның жасаған көтерілісі аса үлкен ішкі қарама-қайшылықтардың бірі болып, оны басу үшін Осман билігі еуропалық империялардан көмек сұрады (Kuran:2010, 50-54). Бірақ, Решид паша мен ІІ Махмұт сұлтан бұған мән бермеді. Сыртқы істер министрі болып алған Решид Паша Англиядан саяси қолдау табу үшін Лондонға жіберілді. Лондонда жүргенде, ол өзінің реформалық жобасы бойынша жұмысын жалғастырды, тіпті оны меморандум түрінде Палмерстонға ұсынды (Subaşı:2011, 1732-1736). Ол туралы тараптар арасында талқылау жұмыстары жүргізілді. Решид Паша Англияда бір жылға жуық болып, II Махмұт қайтыс болғаннан кейін Стамбулға қайта оралды. Ол қайтадан Сыртқы істер министрлігін басқарды және реформа туралы жарлық жобасын әзірлеуді белсенді түрде жалғастырды.
Мұндай саяси процестер II Махмұт дәуірінен бастау алғанын көріп және Танзимат реформаларының алдыңғы кезеңдегі сабақтастығын Гүлхане Хатт-шерифімен басталғаныдығы көрсетілді. Хатт-и Шериф Осман империясын жақсы басқару арқылы қол жеткізілетін артықшылықтармен қамтамасыз етуі керек деп жаңа заңдар енгізуді ұсынды. Қажетті нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететін факторлардың ішінде, Осман империясының провинцияларының географиялық жағдайы, топырақ құнарлылығы, халықтың тұрмысы мен білімі және т.б аталған. Хатт-и-шерифті қарастырған кезде, әсіресе, төмендегілер назар аударады. Біріншіден, азаматтардың өмірі, абыройы мен меншік кепілі болып табылатын қоғамдық тыныштық пен игіліктің артықшылығы туралы нақты айтылған идея. Екіншіден, салықтарды белгілеудің және өндірудің әділ әдісі қажеттілігін негіздеу. Үшіншіден, әскери қызметшілерді мерзімді жалдау және оқу мерзімін анықтау қарастырылған.
Осы мәселелердің әрқайсысына егжей-тегжейлі тоқтала отырып, жарлық авторлары тиісті заңдардың қабылдануы ерікті үкім шығаруға, сотталғандардың мүлкін тәркілеуге, посттар мен лауазымдарды сатуға тыйым салатындығын баса айтты. Сұлтанның аталған жеңілдіктері барлық діни субстанцияларға, діни көзқарастарына қарамай қолданылатындығы туралы ескертіледі. Реформалар арнайы құрылған кеңестерде дайындалып, талқыланып отырған, тек содан кейін ғана оларды сұлтан мақұлдаған. Сұлтан Хатт-и-шерифінің шешімдеріне қайшы келетіндерге ештеңе жасамауға уәде береді және барлық мемлекеттік билеушілерден осыны талап етті. Хатт-и-шерифке қарсы шыққандардың бәріне құдайдың қарғысы ілінеді деп айтылды. Осылайша, Мұста Решид пашаның жасаған жаңа реформалық құжаты сұлтан мен билік тарапыан қолдау тапты. Бұл қысқаша айтқанда, Гүлхане Хатт-и-шерифінің негізгі мазмұны болды. Көріп отырғанымыздай, жарлық нақты іс-қимылдардың егжей-тегжейлі бағдарламасы емес, керісінше неғұрлым жалпы принциптерді белгілейтін және белгілі бір шараларды қабылдау қажеттілігін негіздейтін мемлекеттік акт сипатында болды. Сонымен бірге, бұл принциптерде сұлтан II Махмұттың басшылығымен жүргізілген реформалардан басқа ешқандай айтарлықтай жаңа идеялар болмады (Ramazan: 2014, 161-162).
Еуропалық қоғамда Гүлхане Хатт-и шерифі жарияланғаннан кейін оны Осман империясының конституциясы ретінде қарсы алды. Решид Пашаның өзі, Хатти-и-шерифті жарияланғаннан екі жыл өткен соң, оны Батыс конституционализмінің көріністерімен салыстырды. Шынында да, Гүлхане хатт-и-шерифінің идеялары мен оны құрастыруда қолданылатын терминология сол кездегі Батыста қалыптасқан идеяларға, атап айтқанда Францияның Адам құқықтары туралы декларациясында жазылған идеяларға терең ұқсастығын көрсетеді. Осман империясының провинцияларында бұл идеялар сәйкесінше өзгертілді. Осылайша, Батыста таралған идеялар Осман империясындағы әлеуметтік теңдік идеясы мен діндер мен ұлыстардың идеясына айналды. Біз бұған қарай отырып Мұстафа Решид паша мен оның пікірлес адамдарының сөзсіз және үлкен еңбегін көреміз. Ұзақ уақыт дайындық және орындау кезеңінен өткен реформалық қозғалыс күрестегі әртүрлі қозғалыстардың орнына тең және заңды қабылдай отырып, әлеуметтік дамудың баламаларының біріне айналды. Сұлтанның шексіз күшін реттеуге, империядағы абсолютизм режимін жұмсартуға бағытталған бұл әрекет белгілі бір дәрежеде өзінің әлеуметтік жобасына ие болды. Мұстафа Решид осы тұста еуропалық саяси жүйені қолдағаны анық көрініп тұр.
Айта кетерлігі, Гүлхане Хатт-шерифін дайындап оны жариялайтын тұста сұлтан ІІ Махмұт қайтыс болып, ол Осман империясындағы саяси ахуалды және империяның еуропалық империялармен қатынастарын бұзып жіберуі мүмкін еді. Оның басты мысалдарының бірі сұлтан II Махмұт қайтыс болғаннан кейін, арадан көп ұзамай Решид Паша Палмерстонға Осман империясындағы ахуал туралы 1839 жылы 12 тамызда меморандум жібереді. Бұл меморандумда Мұстафа Решид паша өзінің алдағы уақытта жариялайтын реформаларының мазмұны халықаралық қатынастарға сай және еуропалық мемлекеттердікіне ұқсас екендігін жеткізеді. Тамыз меморандумы мен 3 қарашадағы Гүлхане Хатт-и-шерифінің мазмұнының ұқсастығы жарлықты әзірлеуде Решид Пашаның авторлығын сенімді түрде дәлелдейді. Осман империясының өте қиын жағдайын сипаттайтын екі құжаттың кіріспе бөлігінде, тіпті жекелеген өрнектер де сәйкес келетіндігі таңданыс тудырады (Edgar:1942, 184).
Осылайша, Решид Паша шешкен реформа туралы жарлық екі мақсатты ұстанды: бір жағынан, ол тұтастай алғанда реформа қозғалысын ынталандырды, ал екінші жағынан, барлық әкімшілік субъектілерінің мүдделерін қорғайтын құқықтарының кепілдемесін жариялады». Решид паша өзінің ұстанымын нығайтуға тырысты, оған үлкен құқықтар беріп қана қоймай, сонымен қатар белсенді және тәуелсіз көрінуіне жағдай туғызды. Шенеуніктердің жаңа кадрлары алдында ол реформалар қозғалысының қолдауын көрді. Гүлхане Хатт-и шерифтің негізгі шабыт берушілерінің бірі болып саналған Рифат Паша мемлекеттік қызметкерлерге белгіленген сыйақы мөлшерін белгілеп, олардың әлеуметтік мәртебесін мемлекеттік және әскери лауазымымен теңестіру қажет деп санады.
Танзимат реформалары мен оның негізі ретінде жарияланған Гүлхане Хатт-и-шерифінің заңнамалық баптарында батыстық үлгідегі заң актілері енгізіліп, ол ағылшын тілінде жазылды. Хатт-и-шерифтің заңнамаларында батыс елдерінің конституцияларынан, оның ішінде Франция мен Англияның конституцияларынан бірқатар баптар мен тараулар алынды. Бұл әрине, батыс елдерімен болған дипломатияның тікелей нәтижесі деп саналады. Гүлхане эдиктсін жариялайтын салтанатты шараға еуропалық өкілдердің қатысуы осының басты дәлелі және империяның батыстық үлгіде даму жолы ретінде түсіндіріледі.
Мұстафа Решид пашаның Танзимат реформаларының мазмұнын Еуропа мемлекеттерінің заңдарымен ұқсастыру немесе бірегейлендіруінің негізгі себептерінің бірі – Осман империясы мен Еуропа мемлекеттері арасында бұл кезде халықаралық маңызы бар тығыз байланыстар орнап, ол екі мемлекеттің заңнамалық құжаттары негізінде жүзеге асырылды. Ол үшін екі жақтың заңдары бір-біріне жақын және сәйкес келуі керек еді. Екіншіден, сол заманда Англия мен Францияның саяси-экономикалық даму үлгісі сол кездегі көптеген дамушы мемлекеттер үшін дамудың «моделі» іспеттес болды. Тура осы секілді Осман империясы да осы мемлекеттердің конституциясын өзіне жақын тартты.
Бұл дәуірде Лондон, Париж, Вена саясат пен экономиканың, білім мен ғылымның мәдениет пен өркениеттің негізгі орталықтары саналды. Мұны түсінген Мұстафа Решид паша мемлекеттің заңнамасын дайындауда осындай қадамдарға барған. Решид пашаның Осман реформасы мен заңнамасын еуропалық заңдарға негіздеп жасауы негізінен элита өкілдерінің біразының көңіліне қонымды болды. Қоғамды еуропаша дамыту және сол арқылы заманауиландыру көптің пікіріне айналды.
Бұл кезде Осман империясы өзінің Мысыр провинциясының басшысы Мұхаммед (Мехмет) Алимен соғысып жатқандықтан Решид Паша осыны да тақырыпқа қосқысы келді. Дәлірек айтқанда, осындай дипломатиялық байланыстардың негізінде және еуропалықтармен жақсы қарым-қатынастардың арқасында Мұстафа паша Мысыр мәселесін біржолата шешіп алғысы келген болатын (Yildirim: 2018, 171-173). Жалпы, Гүлхане хатт-и шерифінің түзілуі Осман империясының сыртқы саяси қиындықтарына, әсіресе түрік-мысыр қақтығысының шиеленісуіне тікелей байланысты болғаны да күмән тудырмайды. Мұстафа Решид пашаның саяси жоспары мен ниеті мұнда тек сыртқы саяси дағдарысты шешуге негіз болған жарлықтың жариялануы емес, сонымен бірге дағдарыстық жағдайынан шығатын реформалар туралы арнайы қаулы қабылдау болды.
Расында да, ІІ Махмұт сұлтанды осындай жарлық шығаруының тиімді екеніне сендіре отырып, Решид паша өзінің мұндай қадамының болашақта сыртқы саясатқа қолайлы әсерін тигізетінін дәлелдеді. Ол мұны 1837 жылы сұлтан II Махмұтқа жазған хатында айтқан. Решид паша империяның ішкі және сыртқы жағдайы үшін мұндай әрекеттің пайдалы екендігіне аса сенімді болған, сондықтан ол 1839 жылы 12 тамызда Палмерстонға жасалған меморандумда ағылшындарды да сендіруге тырысты. Сыртқы істер министрі үлкен күштердің бірлескен мәлімдемесіне мұқтаж болса, Порта өзінің субъектілеріне өмір мен мүлік кепілдіктерін беру туралы ұсыныс жасады. Мұстафа Решидтің пікірінше, мұндай әрекеттер тек сыртқы араласуды ғана білдірмейді, сондай-ақ мемлекеттердің арасында өзара сенім мен жақындықтың ізі қалатынын айтқан (Edgar:1942, 185).
Жоғарыда келтірілген материалдар Мұстафа Решид паша белсенді түрде және барлық мақсаттарымен реформалар бағдарламасын әзірлеуге және қабылдауға қол жеткізуге ұмтылды деген ғылыми тұжырымды растайды. Сонымен бірге оның Осман империясының сыртқы істер министрі ретінде сыртқы саясат мәселелерін тез әрі тиімді шешуге бағытталған әрекеттері табиғи болып көрінеді. Сонымен бірге Решид паша Мысыр провинциясының басшысымен жанжалды реттеуді әкімшілік аппаратты қайта құруға қажетті шарты деп санаған. Міне, Решид пашаның өзі оны әрекетке итермелеген себептерді осылайша бағалады. Ол Австрия билеушісі Меттернихке арналған жазбасында елдегі жалпы саяси ахуал мен халықаралық мәселеелр туралы жеткізген (Miroslav: 2012, 2563-266)
Келесі билікке келген сұлтан Абдулмежидтің билікке келуі жағдайды біршама реттеуге мүмкіндік берген. Жаңа сұлтан, жас және тәжірибесіз болғандықтан реформалар заманының қыр-сырын үйрену оңайға соқпады. Решид Паша үшін екінші рет Мұхаммед Әлиге қарсы қолайсыз соғыс қимылдары, империяның қиын қаржылық жағдайы және т.б. министрлерді қоғамдық әл-ауқат мәселелерімен белсенді айналысуға мәжбүр етеді деген болжам пайда болды. Ақыры, соңында Мұстафа Решид Паша өршіп тұрған Мысыр мәселесі Портаны «империялық фанатизммен күресуге және жоюға мүмкіндік беретін еуропалық күштерге көбірек көңіл бөлуге» мәжбүрлейді деп үміттенді.
Көрініп тұрғандай, Гүлхане эдиктін әзірлеуде Решид Пашаның еуропалық көзқарасы мен батыстық ұстанымдары басым болып, өте жақсы қызмет етті. Ендігі кезекте осы заңнаманың мазмұнын жариялау маңызды болды. Өз қызметі үшін заңды негізді қамтамасыз ете отырып, Решид паша және оның жақтастары өзінің реформалық бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді кірісіп кетті. Бұған дейін атап өткендей, осы уақытта қайта құрулар жалпы алғанда, алдыңғы кезеңнің реформаторлық саясатының жалғасы болып табылады. 1840 жылдың наурыз айында ІІ Махмұт заманында жасалған заң ұйғарымдарының II Жоғары Кеңесі негізгі кеңесшілік және заң шығарушы ұйым болып қайта құрылды, оның айрықша ерекшелігі - азаматтық іс болды. Жоғарғы Кеңеске ең алдымен Решид-паша және оның жақтаушылары сүйенді. Әскери істер арнайы әскери кеңеспен қаралатын болды.
Бірқатар заңнамалық актілерді әзірлеуге де көп көңіл бөлінді. (Karal:2011, 171-173). 1840 жылдың мамырында жаңа қылмыстық заң қабылданды (Kanun - 1 ceraim). Оның баптары француз заңнамасының әсерін көрсетсе де, шариғат қылмыстық заңының қаулыларына жақын болды. Бірақ оларда екі жаңа өзгеріс байқалды. Біріншіден, барлық бодандық империяның заң алдында теңдігі расталды, ал екіншіден, алғаш рет осы заңды дайындап, жария еткен заң шығарушы ұйым құрылды. Айта кетерлігі, Мұстафа Решид пашаның аса ірі қызметінің арқасында жасалған бұл заңнамалық құжат француз тілінде де жарияланды. Себебі, Осман империясында француз тілі халықаралық тіл ретінде кең қолданыста болды (Stanley, 252-254 p.)
Коммерциялық құқық саласында да кейбір өзгерістер болды. 1840 жылы сауда министрлігінің жанында коммерциялық сот (Ticaret Meclisi) құрылды. Коммерциялық кодексті әзірлеу жұмыстары басталды. Оның 1841 жылдың наурызына дайындалған жобасы негізінен ұқсас Француз кодексінен алынған. Алайда, улемдер жоба шариғатқа қайшы келеді деген сылтаумен билікке қарсы шығып, ол осы баптың жүзеге асырылуын бұзды. Сонымен қатар, коммерциялық кодексті қабылдау үшін күрес Решид пашаның Бас уәзір қызметінен отставкаға кетуіне себеп болды. Решид пашаның құлауы дипломатиялық шеңберде реформалармен аяқталғанына және реакция кезеңі басталғанына сенімділік тудырды.
Гүлхане заңнамасының жариялауынан кейін бірден әскери заңнаманы әзірлеу басталды, бірақ оны түпкілікті қабылдау тек 1843 жылы ғана жүзеге асырылды. Мемлекеттік қорғаныс пен әскерді оқыту, жабдықтау, қару-жарақ және ұйымдастыру бұдан былай еуропалық үлгі бойынша жүзеге асырылды. 1843 жылы ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті және көлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған, Мұстафа Решид паша бастамасымен II Махмұт заманында құрылған егіншілік кеңесі (Ziraat Meclisi) қалпына келтірілді (Güran: 1980, 273-274)
Сұлтан хатының пайда болуы немесе жариялануы тек халықта және қоғамда емес, Үкіметте басталған үлкен өзгерістердің белгісі ретінде қабылданды. Шын мәнінде, 1845 жылы қазанда Решид паша Осман империясында қайта Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ал 1846 жылы Бас уәзір (1858 жылға дейін осы бекетте бірнеше үзілістермен қалды). Осы уақыттан бастап Осман империясының реформаларының дамуындағы жаңа саяси кезең басталады, ол 1852 жылға дейін болмашы үзілістермен жалғасты.
Мұстафа паша тұсында еуропалық негізде ең алдымен қылмыстық және коммерциялық "құқықты қозғаған заң саласындағы реформалар жалғастырылды. 1847 жылы Осман империясы бодандарының және шетел азаматтарының қылмыстық істерін қараған аралас азаматтық және қылмыстық соттар құрылды. Соңғы жағдайда сот құрамы түрік азаматтары мен шетелдіктерден тең дәрежеде орнатылды. Сот ісін жүргізу толығымен еуропалық үлгі бойынша жүзеге асырылды (Lewis: 2001, 110-115). 1851 жылы 1840 жылы қылмыстық заңға қосымша қабылданды. Бірқатар Батыс Еуропа елдерінің дипломатиялық өкілдерінің қысымымен коммерциялық кемелерді қайта құру басталды. 1847 жылы аралас коммерциялық кемелерді (Kasma ticaret mahkemesi) құруға кірісті, ал бір жылдан кейін олардың қызметі реттеледі. Түрік және шетелдік көпестер арасындағы қақтығысты реттеу үшін құрылған бұл соттар бірте-бірте мұсылмандар мен діні мұсылман емес адамдар арасындағы кез келген азаматтық ауыртпалықтарды қарастыра бастады
Аталып отырғандай, Танзимат реформаларын қабылдауда Мұстафа Решид паша мен оның жақтастары сияқты жас, талантты және білімді адамдар көп еңбек сіңірді. С. Шоу "Танзимат қайраткерлері" деп аталатын тақырыпқа назар аударады, олардың салыстырмалы жақсы дайындығына және шынайы ниеттеріне қарамастан, өзінің әлеуметтік шығу тегіне айтарлықтай әсер етті. Олардың көпшілігі, біз бұрын анықтағанымыздай, жағдайы мен табысы реформаларды соңына дейін жеткізген жағдайда айтарлықтай қысым жасалған және шектеулі болатын ескі үстемдік сыныбы қатарынан шықты. Сондықтан олардың тек аз ғана " түбегейлі әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге дайындығын көрсетті (Shaw:1968, 36-40).
Қайраткерлердің көпшілігі әртүрлі канцелярия түрінде мемлекеттік шенеуніктер ретінде арнайы еуропалық оқу орындарынан білім алды және тәжірибеден өтті. . Онда Бас уәзір – 8, Сыртқы істер министрлерінің 15-і дайындықтан өтті, олардың құрылуына қатысты мәліметтер бар. Қаржы министрлері – 19, Ішкі істер министрлерінің 9-ы дайындықтан өтті. Диван кеңсесінен (Divan-1 Hümayunkalemi) 4 адам, Бас уәзір және 8 Сыртқы істер министрлері шықты, олардың ішінде Али-паша және Мидхат-пашалар болды. Бас уәзірдің кеңсесінде Османлының бас уәзір, үш Сыртқы істер министрі, бес Қаржы министрі оқыды. Олардың қатарында Мұстафа Решид паша және Мехмед Садық Рифат паша бар еді. Жеті Қаржы министрі білім алды.
1840-шы жылдардың басында зайырлы, ағарту саласының мамандар даярлайтын бірінші оқу орнында шамамен 200 оқушы болды, ал 100-ге жуық тыңдаушылар өздерінің дайындық деңгейін осында көтерді. Кейінірек, 1849 жылы Валиде сұлтанның колледжі (Darül maarif) деп аталатын орталық мемлекеттік аппараттың шенеуніктерін дайындау үшін арнайы орта білім мекемесі ашылды. 1859 жылы ашылған арнайы екі жылдық мектепті (Mekteb-I Mülkiye) ашып, мемлекеттік қызметке лайықты мамандарды осы жерден бастап дайындады. Дей тұрғанмен, ең маңыздысы Танзимат реформасы аясындағы білім саласындағы қабылданған шешімдер бойынша түрік жастарын еуропалық режимге үйрету мақсатында сонда оқуға жіберілуі болды.
Мысалы, сұлтан II Махмұттың басқару кезеңінде Еуропаға 150-ге жуық адам оқуға жіберілгені белгілі. Бізді қызықтыратын тұлғалардың арасында тек жеті туралы ғана белгілі, олар Батыс Еуропаның оқу орындарының бірінде білім алды. Білімі туралы мәлімет бар алты адамның арнаулы білімі жоқ және жас кезінен әскери мансабын сайлаған. Еуропаға барған адамдар туралы мәліметтер түбегейлі болып саналмайды, дегенмен, олар олардың арасында сыртқы істер министрлерінің табиғи басымдылығы туралы куәландырады (Karal: 2011, 164-167). Осылайша, Осман империясының барлық қайраткерлері империя жағдайында барынша дайындықтарын еуропалық үлгіде алды. Бұл дайындық империяның саяси қайраткерлерінің алдыңғы буындарынан аз да болса ерекшеленді. Жастар арасында патриотизм күшейіп, елдегі абсолютизмге қарсы идеялар қалыптасты. Осман империясындағы билеуші элита саяси қызметке дайындық бойынша өз ізашарларынан белгілі бір деңгейде ерекшеленді. Білім туралы мәліметтер Танзиматтың бірінші және екінші кезеңдеріндегі қайраткерлерді оқытудағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік берді.
Осман империясындағы реформалар үшін қозғалысты еуропаландыру процесінің ерекше көрінісі ретінде қарастыру XVIII ғ.басынан бастап оның ішкі бірлігі мен сабақтастығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандай, авторлардың назары ең алдымен саяси реформалар мен оған негізделген бағдарламаның қалыптасуын қарауға және оны орталықтан өткізуге бағытталды. Бұл ретте XVIII ғ. басынан XIX ғ. 40-шы жылдардың ортасына дейінгі кезеңнің тұтастығын, үздіксіздігін негіздеуге әрекет жасалды. Ішінара реформалардың кезеңі ретінде, ең алдымен әскери салаға және кең ауқымды еуропаландыру процесінен келесі кезеңге баса назар аударылады. ХІХ ғасырдың екінші ширегінде жүргізілген реформаларды талдау олардың өзара байланысын және олардың империяның ішкі дамуымен шарттылығын ашады.