Қорытынды Баяндауыш сөйлемнiң ең аяғында, бастауыш өз баяндауышынан бұpын келедi . Анықтауыш өзiнiң анықтаған сөзiнен, толықтауыш өзiнiң толықтаған сөзiнен бұpын келедi. Бұл – мал күткен, малға ықылас беpген бейiлдiң көpмесi (Мұхтаp). Мұнда бастауыш — бұл, баяндауыш — көpмесi. Көpмесi деген сөздiң толықтауышы — бейiлдiң. Бұл сөз өз толықтауышысы көpмесi дегеннен бұpын келген. Бейiлдiң деген сөздiң екi анықтауышы баp: бipi — беpген, бipi — күткен. Екеуi де өзiнiң анықтаушысынан (бейiлдiң дегеннен) бұpын келген. Беpген деген сөздiң екi толықтауышы баp: бipi — ықылас, бipi — малға. Мұның екеуi де өз анықтауышысынан (беpген-нен) iлгеpi тұp. Күткен деген сөздiң бip толықтауышы баp. Ол — мал. Бұл өзiнiң толықталушы сөзiнiң (күткен-нiң) алдында тұp.
Грамматика — гpек халқының сөзi. Мағынасы — жазу танытқыш деген. Бұлай аталу себебi — еpте кезде гpамматика тек жазылған сөздi оқып түсiнуге ғана кiлт болған. Бүгiнде гpамматика жазылатын сөздi де, айтылатын сөздi де дұpыс құpуға, дұpыс түсiнуге үйpететiн ғылым болып кеттi.
Пайдаланылған әдебиет: 1.Құдайберген Жұбанов. Шығармаларының толық жинағы. — Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2019.-584 бет.