Қорытынды Аталған программада құрмалас сөйлемнің ең алдымен салалас түрін жасайтын түрліше амал-тәсілдер саралана көрсетілген. Ал сабақтас сөйлемнің жасалуы программада, негізінен алғанда, қатыстық сөздері бар шартты рай тұлғалы етістіктерге негізделген (Кімді айтсаң, сол келеді; Ол қандай болса, мен де сондай). Осыған орай да бағыныңқылар сөйлем мүшелерінің атымен аталған ( бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы, т.с.с.).
Қазақ тілінің өзге салалары тәріздес, проф. Қ. Жұбанов тіліміздің синтаксистік құрылысын зерттеуде үлкен теориялық білімінің кеңдігін танытып отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1.Құдайберген Жұбанов. Шығармаларының толық жинағы. — Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2019.-584 бет.
2.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-өңд.,3-бас.Алматы:Мемлекеттік тілді дамыту институты ,2010.-608 бет