Қостанай, 017 ОӘЖ 005 (075) кбж 65. 292-93 (5Қаз)я73 у-12



Pdf көрінісі
бет37/107
Дата06.01.2022
өлшемі1,98 Mb.
#16137
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107
Байланысты:
uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy

Коэффициенттік 
әдісі 
кезінде 
нормативті 
түзету 
айналым 
құралдарының  тиісті  баптарына  сәйкес,  айналым  қаражатының  айналым 
жылдамдығы  және  сату  көлемі  өзгергенде  түзетілген  коэффициенттердің 
негізінде жүргізіледі.  
Корпорацияның  айналым  қаражатының    пайдалану  тиімділігі  кесте  1-де 
келтірілген көрсеткіштерді пайдалана отырып бағаланады. 
 
Кесте 
1-Корпорацияның 
айналым 
қаражатын 
қолдану 
тиімділігінің 
көрсеткіштері  
 
Көрсеткіш атауы 
Бұл көрсетеді 
Есептеу формуласы 
Бір  айналымның 
ұзақтығы 
Өнімді 
өткізуден 
оның 
айналым  қаражаты  ақшалай 
түсім  түрінде,  қандай  мерзімде 
корпорацияға  қайтарылатынын 
көрсетеді 
               Д
об
 = ОС*t / РП         (24) 
(мұндағы  ОС –кезеңдегі айналым 
қаражатының орташа жылдық қалдығы, 
t – күндер саны, РП – өткізілген өнімнің 
құны) 
Айналымдылық 
коэффициенті 
Корпорацияның 
айналым 
қаражатының 
белгілі 
бір 
кезеңде 
жасалған 
айналымдарының  саны  туралы 
хабарлайды. 
Операциялық 
қызметі  үшін  айналым  саны 
жоғары  болса,  қаражаты  аз 
болуы қажет.  
 
           К
об
 = РП / ОС        (25) 
 
Жүктеу 
коэффициенті 
Сатылған  өнімнің  айналым 
қаражатының  шамасын  бір 
бірлікке көрсетеді. 
 
            К
з
 = ОС/ РП               (26) 
 
Аайналым 
қаражаттарының 
рентабельділігі 
Айналым  қаражатының,  әрбір 
теңгеге  алынған  пайдасының 
шамасын сипаттайды. 
         R
ос
 = П / ОС               (27) 
(мұндағы  П – таза (жалпы) пайда)               
 
 
Айналым  қаражаттарының  айналымдылығы  жеделдеуі  немесе  баяулауы 
мүмкін.  Айналымдылықтың    бәсеңдеуі  кезінде  айналымға  қосымша  қаражат 
тартылады. Айналымдылықты жеделдету корпорацияның мұқтаждықтары үшін 
пайдаланылатын,  не  есеп-шотында  жинақталатын  айналым  активтерінің 
бөліктерін  босатуға  әкеледі.  Айналым  қаражатын  есептеу  мына  формула 
бойынша жүзеге  асырылады: 
 
                           (28) 
 
Айналым капиталының өсімін молайту көздері 5 топқа бөлінеді. 
1.  Өзіндік  қаражат.  Меншікті  көздеріне  өндірісті  кеңейтуге  әкелетін 
корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі жатады. 
2.  Тұрақты  пассивтер  –  бұл  корпорацияға  тиесілі  емес,  бірақ  оның 
айналымына    орналасқан  құралдар:  ең  төменгі  жалақы  бойынша  берешек; 
алдағы  төлемдер  резерві;  сатып  алушылар  аванстары  ;  ыдыстардың  кепілдік 
құны бойынша берешек және т. б. 
t
ÐÏ
Ä
Ä
Ý
îá
îá
îê
1
0
.
1
.
*
)
(




 
48 
 
Жалақы  бойынша  ең  төменгі  берешек  корпорацияның  жалақысы  есеп 
айырысу  шотына  өнімді  тұрақты  жеткізілімнен  түскен  түсімдер    нәтижесінде 
қалыптасады,ол  шотқа  шоғырланып,  айына  бір  рет  беріледі.  Жалақы  төлеу 
күндерінің  арасындағы,  шоттағы  қаражат  шикізатты,  материалдарды  және 
басқа  да  айналым  капиталының  түрлерін  сатып  алу  үшін  пайдаланылуы 
мүмкін.  
Кәсіпорын  өнімінің  өзіндік  құны  деңгейінде  тербелісті  болдырмау  үшін 
ұзақ  уақытқа  ақшалай  сомалардың  белгілі  бір  қорын  жасай  отырып,  кейбір 
біркелкі  жұмсалмайтын  сомаларды  резервтеуді  жүзеге  асырады.  Осы  резерв 
жұмсалған сәтке дейін айналым капиталын молайтуға жіберілуі мүмкін (28) 
          Сатып  алушылардың  аванстық  төлемдері  бойынша  ең  аз  берешегі 
айналым  капиталын  молайту  көзі  ретінде,негізінен  кәсіпорындарда  ұзақ 
өндірістік  циклмен  аяқталмаған  өндіріс  бойынша  шығындарды  жабу  үшін 
пайдаланылады. 
Ыдыстың  кепілдік  құны  бойынша  ең  аз  берешегі  кәсіпорындарда 
қайтарымды  ыдыспен  өз  өнімдерін  жөнелтетін  орынды  алады.  Жеткізуші- 
кәсіпорындар  сатып  алушыдан  айналым  қаражатын  сатып  алу  үшін,ыдысты 
қайтару сәтіне дейін оны пайдалануға болатын ыдыстың кепілдік құнын алады.  
3. Банктердің қысқа мерзімді несиесі (1 жылға дейін) 
4. Бюджеттік қаржы бөлу 
5. Өзге көздері (шетелдік инвестициялар, несиелік берешек және т. б.).  
Айналым  капиталын  қалыптастыру  көздерінің  құрылымы  кәсіпорынның 
өтімділігі мен төлем қабілеттілігіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет