Байланысты: uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy
Қарыз капиталы қайтарымды негізде корпорациясының дамуын
қаржыландыру үшін тартылатын ақша қаражаттарын немесе басқа да мүліктік
құндылықтарды сипаттайды.
Қаржы міндеттемелері қазіргі шаруашылық тәжірибеде былайша
сараланады:
1) ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер: ұзақ мерзімді банк несиелері
мен ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары;
2) қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер: қысқа мерзімді банк
несиелері, қысқа мерзімді қарыз қаражаттары, әр түрлі кредиторлық берешек
түрлері.
Шаруашылық қызметін кеңейту үшін корпорацияға тартылатын қарыз
капиталы құрамында басты рөлді банктік және коммерциялық кредиттер алады.