Байланысты: uakpaeva m kajyrbaeva g korporativtik karzhy
Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері
оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты.
1. Шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу. Бұл принцип кәсіпорынға
қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік
және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске
асыруға толық дербестік беріледі.
2. Өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру. Кәсіпорын өзін-өзі
өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірісті өзінің меншікті көзі есебінен
қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді. Өзін-өзі
қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай
шектеліп қалмай, керісінше, кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін
қаржы ресурсын, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық
негізде қалыптастыра алады.
3. Айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз
бойынша бөлу
шаруашылықтың
жекелеген
салаларында өндіріс
технологиясымен және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты.