Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
1
|
Өртттен сақтандырудың тарихи деректері
|
1
|
2
|
Өртттер
|
1
|
3
|
Өрт кезіндегі қауіпсіз көшу шаралары
|
1
|
4
|
Газбен уланған және күйген жағдайда алғашқы медициналық көмек жасау
|
1
|
5
|
Өрт кезіндегі қауіпті факторлар
|
1
|
6
|
Өрт қауіпсіздігінің белгілері
|
1
|
7
|
Тұрмыстағы өрт қауіпсізідігінің ережелері
|
1
|
4. МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОҚУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ЖҮРГІЗУІ.
Құрылған мәліметтер базасының құрамы:
Жүктелуі
Деректі сақтау тәсілдері
Көру:
Оқушылар;
Пәндер;
Мұғалімдер;
Бағалары.
Жөндеу:
Сорттау
Сұраныстар:
Бағаны табу;
Кім емтиханды қабылдады;
Баға бойынша қорытындылау;
Емтихан тапсыру күні.
Шығу
5. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ ҚҰРЫЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Паскаль тілін 1968-71 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.
Бұл тілде жазылған программаны компьютерде орындау кезінде ол алдымен трансляция сатысынан өтіп (машина тіліне аударылып), объектілік программа түріне ауысады да, сонан кейін орындалады.
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді.
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешу үшін пайдаланылады. Есеп шығару барысында компьютерге керекті бастапқы мәліметтер еңгізіледі, оларды қалай өңдеу керектігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Паскаль тілінің программасы блоктардан құралады. Бір блок ішінде басқа да кіші-гірім блоктар кіре береді. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдалана отырып, әртүрлі іс-әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.
Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтылар, сандарды пайдаланып түрлі-түрлі әрекеттерді (нұсқауларды, жарлықтарды) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар дейді.
Қарапайым операторлар құрамына басқа бір операторлар енбейді. Ал күрделі операторлар ішіне бірнеше қарапайым операторлар еніп тұруы мүмкін.
Программалау тілінің қарапайым операторларына: меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу-шығару операторлары мен бос оператор және процедураларды орындау операторлары жатады.
6. ҚОРЫТЫНДЫ
Өндірістік тәжірибеден өту барысында мен өзімнің теориялық білімдерімді нығайттым, көптеген бағдарламаларда жұмыс жасай отырып тәжірибе жинақтадым. Бүйректал орта мектебініің оқу ісінің меңгерушісінің бақылау жұмысына ыңғайлы етіп Паскаль бағдарламалау тілінде мәліметтер базасын жасадым. Мәліметтер базасын күнделікті жұмыс барысында қолдануға ыңғайлы етіп келтірдім. Мектептегі оқушылармен өртке қарсы қауіпсіздік жұмыстарын жүргіздім. Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін тәжірибе барысында терең зерттедім.
Оқу барысында алынған Паскаль тіліндегі теориялық білімдерімді іс жүзінде қолданып, басқа да бағдарламаларды тәжірибеде зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Өндірістік тәжірибеде жақсы жетістіктерге жеттім деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |