Тынық мұхиты аралдарына, , Жаңа Гвинея аралына, Аустралияға зерттеулер жүргізілді
Н.Н Миклуха - Маклай
1909 ж
Солт. Полюсті
Оңтүстік полюсті
Р Пири
Р. Амундсен
1939 ж
Қазақстанда арнай География секторы құрылып,, оны Н. Баранский басқарды.. Ол
Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді.
Н. Баранский
Картажәнеглобус Карта – математикалық негіздерге сүйеніп жасалған. Картада жер шарының, күн жүйесіндегі басқа ғаламшардың, аспан денелері және т.б кішірейтіліп, жинақталып шартты белгілермен көрінісі берілген. Мазмұнына қарай карталар жалпыгеографиялық,тақырыптықболып екіге бөлінеді.
Көп жағдайда тақырыптық карталар бірнеше компоненттердің байланысын бірге көрсетеді бұны кешенді карталардеп атайды.. Жер бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеуді - картографиялықпроекция– деп атайды.
- Солтүстіктен белгілі бір бағытқа бағытталған бұрыш аралығы Азимут д.а Азимут тек компаспен анықталады.
Азимут 00 – 3600 аралығында есептеледі
Айналадағы көзге көрінетін кеңістікті – көкжиек деп аталады.
Қағаз бетіне обьектіні кішірейтіп түсіруді – масштаб деп атайды. Масштаб 3 ке бөлінеді : Сандық (1: 1000 000), Атаулық (1см : 10 км), Сызықтық.
Әр параллель шеңбер тәрізді болады, ал Меридиан доға пішіндес болады.
Бастапқы меридиан мен берілген нүктеге дейінгі градус шамасы – географиялық бойлық деп аталады.
Экватордан солтүстікке жне оңтүстікке қарай тартылған градус шамасы –географиялықендікдеп аталады.
Жер бетінің мұхит немесе теңіз деңгейінен қосып есептегендегі биіктікті – абсолютбиіктікдейді.
Жер бетіндегі бір нүктемен екінші нүкте аралығындағы биіктік айырмашылығын - салыстырмалыбиіктікдейді.Оны нивелир немесе тіктеуіш немесе деңгейлегішпен өлшеп анықтайды.
Ылдидың бағытын горизонтальға кесе – көлденең қойылған сызықша –Бергштрихдеп аталады.
Экватордың ұзындығы - 40 000 км
Жердің ортасынан экваторға дейінгі арақашықтық – 6378 км
§ 3 ТАБИҒАТ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЛИТОСФЕРА
Табиғаткомпонеттеріне: Ауа, су, топырақ, өсімдік, жануар, күн сәулесі жатады.
Барлық табиғат компоненттерінің өзара байланыста болып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір бөлігі немесе өзара әрекеттескен аумақтың бір бөлігі – Табиғат кешені деп аталады.
Мысалы орман, шөл, өзен, өзеннің жағасы, Тау алды, тау.
Бірақ табиғат кешенінің ең ірісі – географиялыққабықболыптабылады. Географиялық қабық – литосфераның жоғарғы , атмосфераның төменгі бөлігі. Ол гидросферамен биосфераның өзара байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады.
Географиялық қабықтың 4 заңдылығы бар:
Тұтастығы 3. Зат және энергия айналымы
Ырғақтылығы 4. Зоналылығы
Зат алмасу деген- табиғаттағы су айналымы ( су буланады, жаңбыр болып қайта жауады), атмосферадағы ауа айналымы (адам СО2 шығарып өсімдіктерге берсе, Өсімдік О2 ні шығарып адамғабереді, организмдер қалдықтарын -шірігін топыраққа берсе, шірік өсімдікті қоректендіреді) жатса, Күн мен Жердің ішкісыртқыэнегиясыдаосығанжатады. Ал ырғақтылық – (ритмділік) Күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің ауысуы т.б Біртұтастылығы – табиғаттағы барлық процестер бір – бірімен тығыз байланысты. Мысалы Топырақ - өсімдікке, Өсімдік - топыраққа, Өсімдік - жануарға, Жануар - өсімдікке не береді? (Өзің ойланып көр)
Географиялық қабықтар қабаттары да төртеу;
Литосфера – жердің қатты қабаты. Атмосфера - ауа қабаты. Биосфера – тіршілік қабаты. Гидросфера – су қабаты
Адам әрекетінен өзгеріске ұшыраған жерлер – антропогендікфактордеп аталады. Антропос– қазақша
адам деген сөз.
Адам орман егіп парк ашуы мүмкін немесе орманды өртеп сол жерді батпаққа айналдыруы мүмкін.