СУ ҚОЙМАСЫ
|
КӨЛЕМІ
|
Желқуар
|
34,0 млн. м3
|
Жоғарғы Шортанды
|
3,6 млн. м3
|
Жоғарғы Тобыл
|
816,6 млн. м3
|
Қызыл-Жар
|
9,73 млн. м3
|
Қаратомар
|
586,0 млн. м3
|
Сергеевск
|
5,0 млн. м3
|
Аманкелді
|
6,75 млн.м3
|
Осы 7 су қоймасының ішіндегі су мөлшері жағынан ең көлемдісі Жоғарғы Тобыл мен Қаратомар су қоймалары облыс тұрғындарының тең жартысынан астамын қамтамасыз етіп отыр.
3.Су проблемасы.
«Костанайводхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Жамбылбек Райымқұлов мамыр айында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан 100 миллион текше метр су жіберілгенін, ал Каратомар су қоймасында қар суының аздығынан және күннің ыстығынан су мөлшері күрт азайып кеткенін айтып, дәл осы су қоймасының суын Рудный мен Костанай қалалары және 82 елдімекен пайдаланып отыр дейді.
Балыққа жақпаған су солтүстік өңірді мекендеген кісілерге де жақпай қалуы әбден ықтимал. Инженер-гидрогеолог, ҚР минералдық ресуртар Академиясының мүшесі Виктор Дейнека облыста қолайсыз геохимиялық жағдай қалыптасып отыр дейді.
Оның айтуына қарағанда, «көп жерде, әсіресе, Тобыл және Әйет өзендері бойында кейбір микроэлементтердің концентрациясы белгіленген норма шегіне тақау, кейде одан да асып кетеді. Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының қалдықтары әртүрлі жолдармен өзен суына қосылып, суды ластап отыр, оның құрамында металдардың көптігі белгілі. Лисаковта боксит өндіріледі, оның қалдықтары да өзенге ағызылады. Тобыл өзені жағасында орналасқан қалаларда жауын суына арналған арналар жоқтықтан тұрмыстық қалдықтар да өзенге құйылады. Ал өзен жағалаулары өте лас. Сүйтіп, өздері ішетін суын адамдар өздері былғап отыр».
Мамандардың пікіріне қарағанда, қазіргі уақытта қолданылып отырған суды тазарту технологиясы бүгінгі күн талабына сай емес.
4.Су сапасы
Эколог ғалым Людмила Музычконың сөзіне сүйенсек, Қазақстанда су сапасы қырыққа жуық көрсеткіш бойынша анықталады екен. АҚШ-да бұл сан 150-ден асып жығылады. Батыс ғалымдары кейбір ата-аналардың қанынан табылған диоксин суда да кездесетінін айтқан болса, Қазақстанда оны анықтау үшін білікті мамандармен қатар арнаулы преператтар керек екен.
Жоғарғы Тобыл су қоймасы жағалауы 60 метрге дейін тартылып қалды. Қостанай облысы, шілде, 2009 жыл.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, оған Қазақстан дәл қазір дайын емес дейді мамандар. Ауыз суды Тобыл өзенінен емес, жер астындағы бастаулардан алу мәселесі де толық шешімін таппай келеді. Гидрогеологтар Қостанай облысында 150-ден астам жерасты суларын тапқан.
Совет үкіметі тұсында олар жақсы қолданысқа ие болса да, кейін қараусыз қалған. «Қостанайсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Игорь Киселевтің сөзіне қарағанда облыс орталығында қазіргі уақытта төрт скважина жұмыс істейді.Бірақ, оның өзіндік құны өте жоғары екен. Өйткені, жаз айларында су бау-бақша суаруға пайдаланылады.
Облыста бір миллионға жуық халық болса, соның тең жартысы өзеннің ағын суын ішіп отыр, ал оның сапасы қандай екенін біреу білсе де, біреу білмейді.
5.Су қоймаларының проблемасые шешу жолдары.
1.Суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану.
2.Өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану (тұйық цик)
3.Ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты.
4.Ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол бермеу..
5.Суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмеңдетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |