125.Мойын шандырының жапырақтары арасындағы шелмай кеңістіктерді ата:
Ситуациялық есептер
Есеп №1 Шап-үма жарығы бойынша45 жастағы ер науқас хирургпен жоспарлы отаға дайындалуда. Беткей шап сақинасының және шап өзегінің алдыңғы қабырғасының пластикасы жоспарланды. Шап өзегінің алдыңғы қабырғасын және беткей шап сақинасын құрайтын анатомиялық структураларды атаныз.//
Жауабы:Алдыңғы қабырғасы:іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозынан. Беткей шап сақинасы: а) медиалды және латералды қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозының медиалды аяқшасы ,crus mediale мен латералды аяқшасын ан , crus lateralis және ә) аралық қабырғасы: аяқшааралық дәнекер тінді талшықтардан, fibrae intеrerurales және иіліп доға тәрізді байламадан, ligamentum reflexum тұрады.
Задача №2 Шап-үма жарығы бойынша45 жастағы ер науқас хирургпен жоспарлы отаға дайындалуда. Беткей шап сақинасының және шап өзегінің жоғарғы қабырғасының пластикасы жоспарланды. Шап өзегінің жоғарғы қабырғасын және беткей шап сақинасын құрайтын анатомиялық структураларды атаныз//
Жауабы:оғарғы қабырғасы : ішкі қиғаш бұлшықет пен көлденең бұлшықеттің төменгі жиегінен. Беткей шап сақинасы: а) медиалды және латералды қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозының медиалды аяқшасы ,crus mediale мен латералды аяқшасынан, crus lateralis және ә) аралық қабырғасы: аяқшааралық дәнекер тінді талшықтардан, fibraeintеrerurales және иіліп доға тәрізді байламадан, ligamentum reflexum тұрады.
Задача №3 Іштің алдыңғы қабырғасының кесілген жарақатымен хирургия бөліміне науқас госпитализацияланған. Іштің оң жақ тік бұлшықетінің кіндіктен жоғары проекциясында ісік байқалады.Геморрагиялық сүйықтықтың оң жақ тік бұлшықетінің қынабында жиналғаны анықталды. Осындай жергілікті өзгерістеріне қандай қынаптың анатомиялық ерекшеліктері түсіндіреді?//