Өсу деп аталады. Организмнің негізгі дене көрсеткіші бар: бойы; салмағы; 3 кеуде шеңбері. Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму



бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі31,51 Kb.
#16673
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Адам ағзас даму кезеңі

Адам өмірін кезеңдерге бөлу.

Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:

1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.

Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.



1965 жылы Москвада болған дүниежүзілік жиналыста адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.



Жас кезеңдері

Жас кезеңдерінің ұзақтығы

1

Жаңа туған сәби

1-10күн

2

Нәрестелік шақ

10 күн -1 жас

3

Сәбилік шақ (ерте балалық)

1-3 жас

4

1-ші балалық шақ

4-7 жас

5

2-ші балалық шақ

8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 жастағы қыз балалар

6

Жеткіншектік немесе жасөспірімдік шақ

13-16 жастағы ұл балалар, 12-15 жастағы қыз балалар

7

Жігіттік, бойжеткендік шақ

6-20 жастағы бойжеткендер, 7-21 жастағы жігіттер

8

Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы

21-35 жастағы әйелдер,  22-35 ерлер

9

Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы

 36-55 жастағы әйелдер, 36-60 жастағы ерлер

10

Егде жас

 55-74 жастағы әйелдер, 60-74 жастағы еркектер

11

Қариялар немесе кәрілік

 75-90 жастағы әйелдер мен  ерлер

12

Ұзақ өмір сүрушілер

 90 жас және одан жоғары

Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді.  Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.

Жас ерекшелігі психологиясының кезеңдерге сай өзгеріс пен өсудің негізгі зерттеу бағыттары болады. Ол зерттеу аймағы деп аталады. Зерттеу аймағы төрт бағытқа бөлінеді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет