Организм жеке басының әрбір даму кезеңінде өсу процестерінің қарқаны түрліше өзгеретіні белгілі. Сонда бойдың ұзындығы мен дене массасының ең тез өзгеру қарқыны бала өмірінің алғашқы жылдарында байқалады. Алғашқы жылдары дененің ұзындығы орташа есеппен алғанда жиырма бес сантиметрге жогарылайды, ал массасы 6-7 кг артады. Организмнің бұл даму кезеңін алғашқы созылу кезеңі деп аталады. Осыдан кейін өсу қарқыны бір шама төмендейді де, жұмырлау кезеңі басталады. Жаңа өсу қарқыны, яғни, екінші созылу кезең 5-7 жаста байқалады. Осы кезде дененің өсуі жыл сайын 7-10 см-ге жетеді. Содан кейін өсу қарқаны қайтадан баяулайды, яғни жұмырлаудың екінші кезеңі басталалы. Ары қарай дененің даму қарқыны жыныстық жетілу кезеңінде байқалады, яғни созылудың үшінші кезеңі жалғасады. Осыдан кейін өсу қарқыны төмендей түседі де қыздар шамамен алғанда 18-22 жасқа дейін, ұлдар 20-25 жасқа дейін өседі.
Қорытындылай келе,
Өсіп-даму процесінің сырт көрінісі дене пропорциясының өзгерісінен байқалады: жас жоғарылаған сайын бастың мөлшері бір шама кішірейеді де, қол мен аяқтың ұзыдығы біршама ұзарады.
Жыныстық жағынан алғанда балалардың өсіп-даму процесі шамалас болып келеді. Жобамен алғанда қыздарр мен ұлдардыңсалмағы он жасқа дейін шамалас болады. 11-12 жаста қыздар салмақ жағынан ұлдардан біршама жоғары болады, аяғни бір жылдың ішінде 4-5 кг, ал 14-15 жасында 5-8 кг салмақ қосады.