7 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиет. XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі.
Сабақтың мақсаты:
XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиетті, оның дәстүрінің ғылыми жүйеленуін саралау, талдау, бағалау, өз пікірлерін, ұстанымдарын білдіруге дағдыландыру.
Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. "Сал-сал", "Зарқұм", "Сейфүлмәлік", "Бозжігіт", "Мұңлық-Зарлық", "Шәкір-Шәкірат", "Жүсіп-Злиха", "Жұмжұма",т.б. Ежелгі нәзира дәстүрінде қайта жаңғырған қисса-дастандар. Қисса-дастандардағы "Құран", "Мың бір түн", "Тотынама", "Дахнама" желілері. (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта). (1 топ). 10 минут
2. XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі. Қисса-дастандардың түрге бөлінуі. Ш.Уәлиханов, В. Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Р.Бердібаев, М.Мырзахметұлы, Қ.Өмірәлиев, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубайқызы, Б.Әзібаева, А.Жақсылықов, З.Сейітжанұлы, У.Қалижанұлы, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Хронологиялық кесте ұсыну. 2-топ. 5 минут.
3. Ақылбек ибн Сабал, Шәді Жәңгірұлы әдеби мұраларын «INSERT» әдісі арқылы сараптаңыз. (3 топ) 7 минут.
4. Жүсіпбек Шайхұсламұлы, Мәулекей Жұмаш әдеби мұрасына сараптама жасау. Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асыру. 5-7 минут. (4 топ).
5. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығының ғылыми тұрғыда зерттелуі. 4 бет(жазбаша нұсқада), (5 топ), 7 минут.
6. Кашафуддин бек Шахмардан, Мақыш Қалтай, Ақмолда шығармаларын саралай талдау. (6 топ). 10 минут.
Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. «Рефлексия пирамидасы».
Достарыңызбен бөлісу: |