Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы



бет4/5
Дата12.03.2022
өлшемі20,23 Kb.
#27719
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортас-emirsaba.org

3. Тұрмыстық-экономикалық қызметі – жалпы тұрмысты, бюджетті басқару. Ерте заманнан-ақ отбасы адамның тұрмыс-тіршілік мекені болып келеді. Егіншілік, мал-шаруашылығы, аңшылық, қол өнерімен шұғылдану – отбасының басты тірегі. Сондай-ақ қазіргі жағдайда әрбір жас отбасы өз бетінше күн көріп, ешкімге бағынышты болмауға ұмтылады. Әрине, бұл отбасының тұрмыстық-экономикалық қызметін белгілейді.

4. Рекреативті қызметі – іс-әрекет ұйымдастыру. Өмірдегі құбылыстар тез өзгерістерге ұшырап, соның салдарынан әр түрлі әлеуметтік және психологиялық тұрғыда ықпал ету арта түскен бүгінгі таңда стрестік жағдайлар саны біршама көбейіп, отбасы бұдан кейінгі ерекше терапиялық рөл атқару міндеттерін өз мойнына алды. Өйткені әрбір отбасы жан тыныштығын, өзара сенімнің қалыптасуын, қауіпсіздік сезімі мен психологиялық тұрғыдағы оңды ортаны қалайды, әрі соны орнықтырады. Аталмыш қызмет өзіне рухани- эстетикалық сәттерді, сонымен қатар, отбасылық демалысты ұйымдастыруды да өз құзырына қосып аады.

5. Әлеуметтендіру қызметі – әр түрлі қоғамдық құбылыстарды біліп, соған бейімделіп өмір сүру, оқып білім алу, кәсіп таңдау, мамандыққа ие болу сияқты әлеуметтенудің басты мақсатын меңгерту. Бала отбасында қоғамдық өміріне қажетті қасиеттерді, қарым-қатынасқа ену тәсілдерін, әр түрлі байланыстар орнату жолдарын іздестіреді. Сондай-ақ, әлеуметтік жүріс-тұрыс ережелерін, қоғамдық қарым-қатынас нормаларын сақтау мен қоғамда өмір сүруіне бейімдеу, ұлттық әдет-ғұрыптарды мәдениетті танып-білу және меңгеру, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы жағдай жасау керек.

6. Психотерапиялық қызметі. Бұл баланың үйде өзін емін-еркін де қолайлы сезініп, ата-анасының қасында жеке басына зиян келтіретін барлық жат көріністерден қорғалып «отбасы – менің панам» жанымен түйсіну қызметі. Бала үшін отбасы мықты сүйеніш, әр түрлі сыртқы күштердің теріс ықпалынан сақтайтын қорған, ақыл-кеңес беретін, басына түскен қиыншылықтарды бірге көтеріп, одан шығарып алатын жәрдемшісі дегенді білдіреді. Отбасы бала үшін оқудан не жұмыстан соң үйіне келіп дем алып, ата-анасымен, бауырларымен бірге уақыт өткізіп, ертеңгі күнге даярланып, күш-жігер жинайтын жылулық мекені болуы керек.

Отбасы осы келтірілген қызметінің барлығын толық немесе кейбіреулерін ғана орындауы мүмкін. Бұл қызметтер орындалмаған жағдайда баланың отбасынан алған қуаты да, көрген тәрбиесі де жартылай болады. Отбасы ұғымы неке ұғымымен тығыз байланысты. Неке дегеніміз – отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, ер адамдар мен әйел адамдардың арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы. Некенің формалары: моногамия – бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке және полигамия – бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке болып бөлінеді. Некелік серік таңдаудың эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия (неке белгілі бір топтан тыс) сияқты екі түрі бар. Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Отбасының құрылымдық типтері – ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рөлдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Отбасы адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ежелге формаларының бірі. Ол дін, мемлекет сияқты әлеуметтік институттардан әлдеқайда бұрын пайда болған. Отбасы шағын топ бола тұрып, индивидтердің мүдделерін қоғамдық мүдделермен байланыстырады. Мұнда жеке мүдделер қоғам тарапынан қабылданған әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен тәртіп үлгілері негізінде ретке келтіріліп отырады. Отбасы құрамына қарай нуклеаралық, күрделі және үлкен деп бөлінеді. Нуклеаралық отбасы толық та толық емес те болуы мүмкін. Әкесі, шешесі және балаларынан тұратын отбасы толық, ерлі-зайыптылардың біреуінсіз, көбінесе, балалы аналар, кей кездері балалы әкелер болып келетін отбасы толық емеске жатады. Күрделі отбасы бірнеше ұрпақ өкілдерінен құралады.

Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - сол тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастырының өмірмен, сол сәттегі адамның көңіл- күйімен, материалдық, әлеуметтік жағдайымен ұштаспай қарқаусыздануынан болып отыр.


  • Отбасындағы өктемдік баланың өзін-өзі басқарудан, билеуден айырады. Ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігері төмендейді, сезімді мақұлдайды.

  • Баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік ата-ананың баласына деген сүйіспеншілігі. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет