ОТБАСЫ СОЦИОЛОГИЯСЫ
Орындағандар:Берікқызы Кәмшат, Ғалымқызы Бағлан, Әбжалиев Айбек, Әліғүл Бақжан, Акимнур Ернұр
Тобы: ИОК-211
Тексерген: Сайлаубекқызы А.
№5 Практикалық сабақ
Жоспары
Отбасы ұғымы
Отбасының негізгі типтері
Отбасының атқаратын функциялары мен құрылымы
Кіріспе
Неке ұғымы
Негізгі бөлім
Қорытынды
Отбасы
Социология ғылымының негізін салушы О.Конттың айтуы бойынша қоғамды танып-білу үшін ең алдымен отбасыға көңіл бөлу керек дейді. Отбасы О.Конттың пікірінше қоғамды құрушы негізгі элемент болып табылады және ол әлеуметтік өмірдің мектебі. Отбасы социологиясы жанұяны әлеуметтік институт ретінде қарайтын социологиялық бағыт болып табылады. Отбасы секілді әлеуметтік институтты тарихи дамудың қозғаушы күшіне жатқызуға болады.
Неке дегеніміз-отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу еріктілігі негізінде құралатын одағы, адамның әлеуметтік табиғи , сонымен қатар адамгершілік-эстетикалық қатынас.
Неке дегеніміз не?
Неке туралы
Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірілмейді, бірақ некеге тұрған адам неке заңдарына бағынуы тиіс.
Некеге тұру жасы біздің Конституциямызда 18 деп көрсетілген, Украина мен Өзбекстанда 17 жас.
Некеге тұру біздің елімізде (ЗАГС) тіркеуден өтеді. Ертеректе неке суын ішу мешіт арқылы да іске асырылған.
Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы.
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері
Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі.
Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.
Жеке отбасы –бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген топ.
Отбасының атқаратын қызметі
Отбасының бірінші міндеті –ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі , қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған., қазір де солай.
Отбасының екінші маңызды қызметі- материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді., себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты., әсірісе көп балалы отбасында.
Қорытынды
Жалпы қорытындылайтын болсақ, отбасы адамда бар ең асыл қазына. Адам өмірлік жолын, әлем тануын, әлеуметтік қарым-қатынасты осы отбасында бастайды. Отбасы әртүрлі болады, үлкен болсын, шағын болсын, бай болсын, кедей тұрсын, бәрібір де отбасының аты отбасы, олардан бас тартып ешкім жарытып өмір сүре алмайды не әлем тани алмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер