Отбасы тақырыбына сұхбат 1-тапсырма. Сұхбатты рольге қойып, айтуға дағдыланыңыздар


- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дағдыланыңыз



бет3/3
Дата15.11.2023
өлшемі21,16 Kb.
#123870
1   2   3
Байланысты:
каз яз 2 сабак

6- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дағдыланыңыз.
Менің отбасым туралы
Отбасы – шағын мемлекет. Біздің елімізде кәмелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы. Отбасы – адам өмірінің ең негізгі бастауы. Әр адам өз отбасын құрметттеуге, жоғары бағалауға міндетті.
Қазіргі таңда отбасы құрушылардың саны қанша көп болса, ажырасушылардың саны одан да көп. Қазақ халқы шаңырақты, отбасын жоғары бағалап, артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.
Мен 1986 жылы Көкшетау облысы Әулиекөл ауданында тудым. Менің атым Жасұлан. Біздің отбасымыз үлкен, отбасымызда бес адам бар. Олар : әкем, анам, апам, інім және мен. Отбасымыздың отағасы (иесі) және ең үлкені - әкем. Оның аты-жөні Ыбраев БекболатҚанатұлы. Мамандығы – инженер, лауазымы- бас инженер. Қазіргі уақытта Қазақстан Темір жолында жұмыс істейді. Жасы қырық екіде. Әкемнің келбеті: қараторы, шашы қалын, көзі қара және үлкен, кең иықты және денелі. Мінезі: қолы ашық, ақ көңіл, қарапайым Біз әкемізді өте сыйлап, құрметтейміз.
Менің анамның аты-жөні ИскаковаРаушанБағдатқызы. Ол тәрбиеші, балабақшада еңбек етеді. Анамның жасы елуде. Апайым институттың екінші курсында оқиды. Оның болашақ мамандығы – дәрігер. Жанар көп оқиды, керек кітаптарды кітапханадан алып, кейбір кезде тіпті кеш жатады.
Менің інімнің аты Еркін. Ол оныншы сыныптың оқушысы. Болашақ мамандығын әлі білмейді. Сурет салғанды өте ұнатады. Ал, өзім биыл мектепті бітіргенмін. Қазір С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ бірінші курс студентімін. Ата- анамыз бізге үнемі «Ақылды, тәртіпті болыңдар»,- дейді және бізге жақсы тәрбие берген адамдар. Сондықтан ата-анамызды тыңдауды міндеттіміз.
Біздің отбасымыз түрлі дәстүрлерді өткізуді өте жақсы көреді. Сондықтан біздің үйімізге үнемі қонақтар көп келеді. Отбасымыз өте қонақжай және тату – тәтті тұрады.
7- тапсырма. Отбасындағы сыйластық жайлы әңгіме құрастырыңыз.


Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп,қоштасуға, үлкенді сыйлап, құрметтуге үйрету. Отбасында үлкенге-құрмет, кішіге-қамқорлық жасауға баулу. Ойлау сөйлеу қаблеттерін дамыту. Инабаттылыққа, кішіпейілділікке , үлкенді сылауға тәрбиелеу. ... Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп,қоштасуға, үлкенді сыйлап, құрметтуге үйрету. Отбасында үлкенге-құрмет, кішіге-қамқорлық жасауға баулу. Ойлау сөйлеу қаблеттерін дамыту. Инабаттылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет