ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ АНА МЕН
ӘКЕНІҢ РӨЛІ
БАОӨЖ 6
Айбергенова Д
Достанова А
Шәмші Б
•
Əрбір ата-ана өз перзетінің əдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының
сүйікті жəне кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің
жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тəрбиелеудің
нəзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен
жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында
ғана ата-ана жəне олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тəрбие
сенімді жəне негізді.
•
Ата-ана тəрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, əдет-ғұрпында
жүргізілген үлгі-өнегесінің мəнісі зор. Отбасы тəрбиесінде əкенің де,
ананың да орны бөлек. Əке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат
баласы ананың мейірлі мейріне қанып, əке өсиеттерін тыңдап өссе ғана
тəрбиелі отбасынан шыққаны көпке таңытыды.
•
Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала
тəрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш
болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім
болатыны баршымызға мəлім. Ата-ананың үйіндегі əрекеті
балаларныың көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман əдетіміздің
бала тəрбиесіне ықпалы зор. Əрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға
пайдалы, өіне мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп
тəрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-
бір ата-ананың бала тəрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде
ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық
жейтіні, өкінішке ұрынатына ешбір дəлелдеп жатуды қажет етпейтін
ақиқат.
•
Бала тəрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының
басындағы тəрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана»,
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі
шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп
баулыған жөн.
•
Отбасынадағы тəрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол –
адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек
көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Өйткені, ежелгі Рим
философы Горациий айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.»
Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тəрбиеде
балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге
тəрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері
арасындағы қарым-қаиынаста əдеп-инибат, адалдық пен ақпейілдік
үстем бола алады.
•
Барлық балаларға, соның ішінде ұл балаға оның қалыпты дамуына
анасының да, əкесінің де, яғни екеуінің де маңызды да мəнді тəлім
тəрбиесі қажет. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына
үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлейді.
Ал ұл бала əкесіне жақын жəне олардың мінезі-құлықтары мен қарым-
қатынасында көптеген ұқсастықтар анықталады, сондықтанда ұл
баланың қабілеттілігі əкенің ықпалына байланысты деп айтып
жататыны осыдан.
•
Осы бағытта отбасы тәрбиесімен қатар оқу орындарының,
ондағы ұстаздардың ықпалы мен орны қашанда да айрықша.
Ата-ана мен әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген
жағдайдың нәтижесінде ғана тәлім-тәрбиедегі көргенділік
пен жарасымдылық, үйлесімділік пен бірізділік орын табатын
үрдіс болып шығады. Сайып келгенде, баланың қоғамдық-
әлеуметтік дамуы отбасында өз орнын алуынан басталады.
Бүгінгі қоғамда да жастар тәрбиесіне деген көзқарас өте
ерекше, олардың тағдыры болашақпен, қоғамның дамуымен
тығыз байланысты екендігі анық.
БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ
•
1.Отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай?
•
2.Бала психологиясы үшін отбасыда не маңызды?
•
3.Ата-ана бала үшін неге жауапты?
•
4.Ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі дегенді қалай түсінесіз?
Достарыңызбен бөлісу: |