Отбасын жоспарлау,салауатты қартаю және денсаулық



Pdf көрінісі
Дата15.12.2023
өлшемі397,07 Kb.
#138490


Отбасын жоспарлау,салауатты қартаю және денсаулық
 
Жас ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы, ең алдымен, атаанадан, отбасы –ошақ 
қасынан басталмақ. Дана қазақтың «ұяда не кӛрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық 
сӛзі тегін айтылмаса керек.Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, 
соның ішінде отбасынан, атаанадан алған үлгі-ӛнеге балалардың тұлғалық қасиеттері мен 
отбасы, отбасылық қатынастар, отбасылық сыйластық пен үйлесімділіктің қалыптасуына негіз 
болады. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы болғандықтан, ол әлеуметтік дамуда маңызды 
рӛл атқаратын құрылымдардың бірі. «Отан отбасынан басталады» деген даналықты айтқан 
халқымыз үшін отбасының қоғам ӛмірінде алар орны ерекше. Отбасы – тек бала-шаға 
дүниеге келіп, оларды тәрбиелейтін қоғамдық және рухани ошақ емес. Отбасында бала әлем 
жайлы алғашқы білімді алады, оның мінезі, жүріс-тұрысы, қажеттіліктері, қызығушылықтары, 
құндылықтары, адамгершілік идеалдары мен түсініктері, ӛзгелерге деген қарым-қатынасы 
қалыптасады. Отбасы – бірліктің, берекенің, кіршіксіз тазалық пен адамгершілік қасиеттердің 
ордасы. Осындай береке мен бірлікке толы, құрметті де, сыйлы отбасының қалыптасуында 
жас ұрпақтың бойында қалыптасқан отбасы құндылығы жайлы түсініктердің маңыздылығы 
ерекше. Әрине, жастардың отбасы жайлы түсініктерінің қалыптасуы – олардың қажеттіліктері 
мен қызығушылықтарына, ой-түсініктері мен бағамдарына, ӛз отбасынан алған тәрбиесі мен 
дүниетанымына тікелей байланысты болып келеді. Жастардыңотбасы туралы түсініктері 
және болашақ отбасы ӛміріне дайындығы қай кезде де болмасын ӛзінің ӛзектілігін 
жоймайтын мәселе. Қазіргі таңда жастар әлеуметтенудің бір қиын кезеңінде ӛмір сүріп 
жатыр. Кейбіреулерінің отбасы шырқы бұзылып, ата-анасы болашақ отбасылық ӛмірге 
лайықты тәжірибе беріп жатқан жоқ. Осының салдарынан елімізде отбасы және отбасылық 
қатынастар құндылығының беделі тӛмендеуде, дүниеге бала әкелу саны азайып, ата-ана 
қамқорлығынан айрылған балалар саны артуда, толық емес отбасылар, баласынан бас 
тартушы аналар кӛбеюде. Бала тәрбиесіне жеңіл қарайтын, мойнына ӛз баласын азамат етіп 
қалыптастыру жауапкершілігін алмаған ата-аналарды, отбасындағы дау-жанжал, ұрыс-
керістерді кӛріп ӛскен балалар есейгенде отбасын құруға жасқанады. Отбасы қатынастары
отбасы үйлесімділігі сияқты құндылықтарды бала ӛз отбасынан меңгеріп, оны болашақта ӛз 
отбасына алып келетіндігі ғылыми дәлелденген. Ғалымдардыңзерттеулері бойынша қоғамда 
жастардың отбасы туралы түсініктеріне ықпал ететін факторларға мыналарды жатқызуға 
болады: отбасындағы рӛлдерді бӛлуге әсер етпей қоймайтын әйелдер эмансипациясы, еркін 
қатынастарға әлеуметтік тӛзімділік, азаматтық некеде тұруға тенденцияның артуы, «ӛмірге аз 
бала әкелуге» бағдарлану т.б. Бұл айтылғандардың барлығы қазіргі жастардыотбасылық 
ӛмірге даярлау, неке- отбасылық, бала-ата-аналық қатынастар мәселелерін қарастыратын 
отбасы психологиясын оқытудыңӛзектілігін дәлелдейді. Отбасы психологиясы – 
психологиялық білімнің қалыптасу үстіндегі жаңа саласы. Отбасы психологиясының ғылыми 
пән ретіндегі ерекшелігі – оның психологиялық тәжірибемен ӛзара байланыстылығы болып 
табылады. Отбасы тыныс-тіршілігін оңтайландыруға, ерлі-зайыптылық қатынастар мен бала-
ата-аналық қатынастар үйлесімділігін арттыруға, отбасында бала тәрбиесіне қатысты 
мәселелерді шешуге деген әлеуметтік сұраныс аталмыш пәннің қарқынды дамуына себепші 


болды. Жаңа ғылыми пәннің – отбасы психологиясының қарқынды дамуының ӛзектілігі – 
қазақстандық отбасылардың жалпы психологиялық атмосферасының нашарлауымен, 
отбасылық қызметтердің бұзылуымен, отбасылықдау-жанжалдың артуымен байланысты. 
Отбасының мұндай жағымсыз беталысы әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен: 
әлеуметтік жүйелердің тұрақсыздығымен, материалдық жағдайдың тӛмендігімен, 
Қазақстанның кӛптеген аймақтарындағы кәсіби жұмыссыздық мәселелерімен, отбасының 
дәстүрлі қалыптасқан рӛлдік құрылымының және ерлі-зайыптылар арасында рӛлдік 
қызметтердің ӛзгеруімен түсіндіріледі. Демографиялық жағдайдың ӛзгеруі – дүниеге бала 
әкелу санының азаюы – жалғыз бала тәрбиелейтін отбасылардың кӛбеюіне себепші болып 
отыр, мұндай отбасында жалғыз ӛскен баланың тұлғалық дамуында қиындықтар туындап, 
балада коммуникативті құзыреттілік жеткілікті дамымайды. Ажырасу санының күннен күнге 
артуы – некеге тіркелген 1/3отбасылардың кӛңілі жараспай, ажырасып кетуі бүгінгі таңда аса 
күрделі әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Ажырасу – маңыздылығы жойылмайтын 
аса қиын мәселе. Ажырасу – стрессогенділігі жағынан ӛмірдегі қиын жағдайлардың ішінде 
басты орынды алады. Ажырасу және отбасының ыдырау нәтижесі –жалғыз басты аналардың 
кӛбеюі. Кӛп жағдайда толық емес отбасылардың ауыртпалығын ана кӛтереді, осының 
салдарынан тәрбие де нашарлайды. Ажырасудың және толық емес отбасыларда бала 
тәрбиелеудің психологиялық салдары – Мен-концепциясының бұзылуы, жыныстық-рӛлдік 
иденттіліктің қалыптасуының бұзылуы, аффективті бұзылыстар, құрбықұрдастармен және 
отбасымен қарым-қатынастың нашарлауы. Келесі маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі – 
ресми емес (азаматтық) некелер санының артуы болып табылады. Азаматтық некені 
қалаудың басты себебі – ерлі-зайыптылардың отбасы, бала үшін жауапкершілік алуға дайын 
болмауы болып табылады. Осыған байланысты, азаматтық некеде тұратын отбасы кӛп 
жағдайда деструктивтілігімен, жанжалға бейімділігімен, қауіпсіздік деңгейінің тӛмендігімен 
ерекшеленеді. Тағы бір күрделі әлеуметтік мәселе – ата-ана қамқорлығынан айрылған 
балалардың, соның ішінде әлеуметтік жетімдердің (ата-аналары болғанымен) кӛбеюімен 
байланысты. Қазіргі таңда мұндай балалар саны 500 мыңға жуық. Отбасында қарым-
қатынастың аз болуы, эмоциялық жылылықтың тапшылығы, ата-аналардың баласының 
қажеттіліктері, қызығушылықтары мен проблемалары жайлы хабардар болмауы, отбасында 
ынтымақтастық пен ымыраластықтың жетіспеушілігі баланың дамуында едәуір қиындықтар 
тудырады. Ата-аналық қызметтерді тәрбиелік мекемелерге,(балабақша, мектеп) сонымен 
қатар, арнайы шақырылған қызметшілерге (бала күтуші) артып қоюға, бала тәрбиелеу 
үрдісінен алыстауға беталыс артып келеді. Отбасы психологиясының теориялық негізі 
әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, даму психологиясы, педагогикалық психология, 
клиникалық психология саласында жүргізілген зерттеу нәтижелері болып табылады. 
Психологиялықзерттеулердің түрлі салаларынан алынған ғылыми білімдер жүйесі, отбасына 
психологиялық кӛмек кӛрсету және отбасылық кеңес беру тәжірибесі қазіргі отбасылық 
психологияның теориялық негізін құрды. Отбасылық психологияның басты міндеті – 
отбасыныңжәне отбасымен жұмыстың практикалық тәжірибесі туралы білімдерді біртұтас 
психологиялық пәнге – отбасы психологиясына біріктіру болып табылады. 1ОТБАСЫ 
ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ Қазіргі отбасы және оның мәселелері 
психология, педагогика, әлеуметтану, демография, экономика сияқты бірқатар ғылымдардың 
зерттеу нысанына айналып келеді. Аталған ғылымдардың әрқайсысы отбасы қызметтерін 


және оның даму мәселелерін ӛз ерекшелігіне орай қарастырады. Экономика – бұл 
отбасының тұтынушы аспектілерін және оның ӛндірістегі материалды игіліктері мен 
қызметтерін қарастырады. Этнография – түрлі этникалық сипаттағы отбасылардың тыныс-
тіршілігі ерекшеліктерін зерттейді. Демография – халықтың ӛсу үрдісіндегі отбасы рӛлін 
қарастырады. Педагогика – отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындайды. Отбасын 
зерттеуде аталған бағыттардың бірігуі әлеуметтік құбылыс ретіндегі отбасы жайлы біртұтас 
түсінік алуға мүмкіндік береді. Отбасы психологиясы – отбасындағы тұлғааралық қатынастар, 
тұлғаның дамуына ықпал ету тұрғысында отбасы ішіндегі қатынастар (олардың тұрақтылығы) 
заңдылықтарын зерттеуге баса назар аударады. Заңдылықтарды білу – отбасылармен 
практикалық жұмыс жасауға, диагностика жүргізуге және отбасылық ӛзара қатынастарды 
қайта құруға кӛмектеседі. Тұлғааралық қатынастардың негізгі параметрлері – статусты-рӛлдік 
ерекшеліктер, психологиялық дистанция, қатынастар валенттілігі, динамикасы және 
тұрақтылығы. Отбасы психологиясының пәні – отбасының қызметтік құрылымы, негізгі 
заңдылықтары және оның даму динамикасы; отбасында тұлғаның дамуы. Отбасы 
психологиясының міндеттері: - ӛмірдің әртүрлі кезеңдеріндегі отбасының қалыптасу 
заңдылықтарын және оның қызметтік-рӛлдік құрылымының дамуын зерттеу; - некеге дейінгі 
кезеңді, некелік серіктесті іздеу және таңдау ерекшеліктерін зерттеу; - ерлі-зайыптылық 
қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу; - бала-ата-аналық қатынастардың 
психологиялық ерекшеліктерін зерттеу; - баланың әртүрлі жас кезеңдерінде дамуындағы 
отбасылық тәрбиенің рӛлін анықтау; - отбасының қалыпты емес дағдарыстарын зерттеу және 
оларды жеңу стратегияларын жасау. Отбасы психологиясы саласында практикалық 
білімдерді қолдану – отбасы психологы мен отбасына кеңес беруші қызметінің келесі 
түрлерін талап етеді: - неке, некелік серіктесті таңдау және некелесу мәселелері бойынша 
психологиялық кеңес беру; - ерлі-зайыптылық қатынастар мәселелері (диагностика, түзету, 
алдын алу) бойынша кеңес беру; - отбасына дағдарыстық жағдаяттарда және ажырасуда 
психологиялық кӛмек кӛрсету; - бала-ата-аналық қатынастарға кеңес беру, диагностика 
жүргізу, алдын алу және түзету; - балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелері 
(дамудағы бұзылыстар мен ауытқушылықтарға диагностика жүргізу, алдын алу және түзету) 
бойынша психологиялық кеңес беру; - «тәуекелдік топ» балаларын және дарынды 
балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру; - бала асырау және 
асыранды балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық кӛмек кӛрсету; - 
«отбасынсыз» (жақындарымен қарым-қатынас депривациясы жағдайындағы) тәрбиеленіп 
жатқан балалар мен жеткіншектердің дамуындағы ауытқушылықтар мен бұзылыстардың 
алдын алу; - нағылеттер жүктілігіне психологиялық кеңес беру және психологиялық қолдау; - 
ата-аналардың қалыптасуына психологиялық қолдау кӛрсету. Әлеуметтік институт ретіндегі 
отбасы қызметтерін анықтау кӛптеген ӛзгерістерге ұшырады. Қазіргі таңда отбасы – бұл 
шағын әлеуметтік топ, ерлізайыптылық одаққа және туыстық байланыстарға, яғни бірге 
тұрып, ортақ шаруашылықты жүргізіп жатқан ер мен әйелге, ата-ана мен балаларға 
негізделген жеке тұрмыс құрудың маңызды формасы. Туыстық байланыстардың үш түрі бар: 
қандас туыстық (ағайындар, апалы-сіңлілер, аға-қарындастар), туылу (ата-ана – бала), некелік 
қатынастар (ер мен әйел, ерлі-зайыптылар). Психологиялық-педагогикалық тұрғыда отбасы – 
бұл ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы 
мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи жүйесі болып табылады. Қазақ тілі 


түсіндірмелерінде «Отбасы – ӛзіне, неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ», – деген 
анықтама берілген. Отбасы, біріншіден, шағын әлеуметтік топ ретінде қарастырылады және 
оның қызметі тиімділігі топ ішіндегі коммуникация, яғни отбасы мүшелері арасындағы 
қарым-қатынас, билік және кӛшбасшылық мәселелеріне, жанжалдарды шешуге, әлеуметтік 
орталармен топаралық ӛзара әрекеттесулерге байланысты. Екіншіден, шағын әлеуметтік топ 
ретіндегі отбасының ерекше сипаты – жоғары аффективті қарқындылықпен және отбасы 
мүшелері арасындағы қатынастардың эмоциялық «қанықтылығымен», бір жағынан – 
махаббатпен, сүйіспеншілікпен, басқа жағынан алғанда – ӛшпенділікпен, жек кӛрушілікпен, 
шеттетілумен байланысты. Отбасы ұғымымен неке ұғымы қатар жүреді. Неке – айрықша 
әлеуметтік институт, ер мен әйел арасындағы қатынастарды, олардың құқықтарын және бір-
біріне және олардың балаларына қатысты міндеттерін әлеуметтік жағынан реттейтін, тарихи 
қалыптасқан қатынас түрі. Неке – отбасын құрудың негізі. Неке және отбасы –қандас 
байланыста тұратын адамдар арасындағы байланыстарды реттейтін қоғамдық қатынас түрі, 
алайда аталған ұғымдар бірбіріне жақын болғанымен, ұқсас ұғымдар болып саналмайды. 
Отбасы қызметтері. Отбасының маңызды қызметі – адамның қалайтын бақытын 
қанағаттандыратын фелицитивті ( лат. сӛзі felicio —бақыт) қызмет болып табылады. Отбасы –
тұлғаның эмоциялық саулығының маңызды факторы. Махаббат пен неке тұлғаның бақытты 
сезінуі мен ӛмірге қанағаттануын анықтайды. Қазіргі отбасы психологиясы мен отбасылық 
психотерапияда отбасын талдауға қатысты екі теориялық ұстанымды бӛлуге болады. Бірінші 
ұстаным бойынша отбасы – ортақ және әртүрлі қызығушылықтары бар индивидтер тобы, 
отбасылық контекст тұлғаны әлеуметтендіру және дамыту ортасы ретінде түсіндіріледі. 
Отбасын осылайша түсіндіру – отбасы психологиясының дербес сала ретінде қалыптасуының 
бастапқы кезеңіне тән және ол белгілі бір дәрежеде мінез-құлықтық тәсілдемеде және 
психоанализде кӛрініс табады. Екінші ұстаным бойынша отбасы біртұтас жүйе ретінде 
қарастырылады және талдау «бірлігі» отбасы болып табылады. Бұл ұстаным жүйелі 
отбасылық терапияға және отбасының аддитивті емес сипатына баса назар аударатын 
психологтарға тән. Отбасына жоғарыда берілген анықтамада отбасы құрылымының екі 
жүйесі – ерлі-зайыптылық және бала-ата-аналық жүйесі нұсқалған. Екі ұрпақ қазіргі 
нуклеарлы отбасы құрамын анықтайды: «отбасы архитекторлары» ретіндегі ерлі-зайыптылар 
[Сатир, 1992] және олардың балалары, яғни атааналар сияқты отбасының тең құқылы 
мүшелері және отбасының «құрылысшылары». Отбасы – кез келген жүйе тәрізді бірқатар 
қызмет атқарады, олар отбасы спецификасын, мәдени-тарихи дамуын, сонымен қатар 
отбасылық ӛмір циклдері кезеңдерін бейнелейді: - Экономикалық (материалды-ӛндірістік), 
шаруашылық-тұрмыстық. Индустриалды қоғамға дейін отбасы барлық негізгі материалды 
қызметтерді қамтамасыз ететін алғашқы топ ретінде қарастырылды. Қазіргі кезеңде 
отбасының экономикалық қызметі оның мүшелерінің табыстарының бірігуімен және бұл 
табыстарды отбасының әрбір мүшесінің қажеттіліктеріне сай тұтынуға бӛлуімен анықталады. 
Шаруашылық-тұрмыстық қызмет отбасы тұрмысын ұйымдастыру түрінде және отбасының 
әрбір мүшесінің жеке тұрмысында жүзеге асады.Үйде атқарылатын міндеттерді бӛлу және 
олардың мазмұны тарихи кезеңдермен, ӛмір жағдайларымен, отбасы құрамымен және 
ӛмірлік цикл кезеңдерімен байланысты. - Репродуктивті (бала туу және халықтың ұдайы ӛсіп-
ӛнуі). А.Г. Харчев бұл қызметті халықтың ӛсуін қамтамасыз ететін отбасының маңызды 
әлеуметтік қызметі ретінде санайды. Отбасының аталмыш репродуктивті қызметінің 


маңыздылығы Ежелгі Рим қоғамында Август императоры билік еткен кезде Рим 
азаматтарының дүниеге бала әкелуін арттыру заңы шыққанда мойындалды.Ӛмірге бала 
әкелуді жоспарлау және халықты ӛсіп-ӛндіру міндеттерін шешу кез келген елдің мемлекеттік 
саясатының маңызды қызметін құрайды.Бұл мәселе бала туу дағдарысымен және адам 
ресурстары «тапшылығымен» немесе керісінше дүниеге бала әкелу деңгейін шектеу 
қажеттілігімен ұштасып жатса да ӛзінің маңыздылығын жоймайтын мәселе болып табылады. 
- Бала тәрбиелеу қызметі. Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты. Ол қоғамның 
даму үздіксіздігін, адамзат ұрпағының жалғасын, заман байланысын қамтамасыз 
етеді.Отбасындағы тәрбиенің, баланың жақындарымен эмоционалды-жағымды толыққанды 
қарым-қатынасының, баланың ерте жаста үйлесімді дамуын анықтайтындығы белгілі. Бала 
қаншалықты бой жетсе де отбасының тәрбиелік қызметінің маңыздылығы жойылмайды, 
оның тек міндеттері, құралдары, желісі, ата-аналармен ынтымақтасу және келісім 
(кооперация) ғана ӛзгереді. Қазіргі уақытта бала тәрбиелеу отбасыныңмаңызды әлеуметтік 
қызметі ретінде қарастырылады. - Сексуалды-эротикалық қызмет. Дара әрі қайталанбас тұлға 
ретіндегі тұрақты серіктеспен таңдамалы, тұрақты сексуалды қатынастар ғана серіктестердің 
толық сексуалды үйлесімінеқол жеткізуді қамтамасыз етеді. - Рухани қарым-қатынас қызметі 
–отбасы мүшелерінің рухани дамуын кӛздейді; ақпаратпен алмасу; тұлға үшін аса маңызды 
әлеуметтік-саяси, кәсіби, қоғамдық ӛмір мәселелерін талқылау; әдеби және кӛркем 
шығармалар, музыка контексінде қарым-қатынас; отбасы мүшелерінің тұлғалық және 
интеллектуалды ӛсуіне жағдай жасау. - Эмоциялық қолдау және қабылдау қызметі немесе 
психотерапиялық қызмет қауіпсіздік сезімін, эмоциялық ӛзара түсіністікті және 
жанашырлықты қамтамасыз етеді. Қазіргі отбасында бұл қызметтің басқа аспектісі тұлға 
бойында ӛзін-ӛзі кӛрсету және ӛзін-ӛзі таныту қажеттіліктерін қалыптастыруды кӛздейді. - 
Рекреативті (қалыпқа келтіруші) қызмет – отбасы мүшелерінің нервтікпсихикалық 
денсаулығы мен психикалық тұрақтылығын қалыпқа келтіру жағдайларын қамтамасыз етеді. 
- Әлеуметтік басқару, бақылау және қамқорлыққа алу (отбасының кәмелетке толмаған 
жәнеәрекет ете алмайтын мүшелеріне қатысты) [Зацепин, 1991; Эйдемиллер, Юстицкис, 
1999]. Соңғы онжылдықта адамның аффилиацияға және махаббатқа мұқтаждығын 
эмоциялық қолдау мен қабылдау қызметінің маңызы айтарлықтай артты. Қазіргі қоғамда 
махаббат отбасындағы қатынастардың маңызды сипаттамасы болып табылады, некеге түсу – 
ең алдымен ерлізайыптылар арасындағы махаббатпен анықталады. Дегенмен де 
ажырасусебептері кӛп жағдайда ерлі-зайыптылардың эмоциялық-тұлғалық қатынастарынан 
туындап жатады: ажырасу кезінде ерлі-зайыптылар кӛбіне махаббат сезімінің және 
эмоциялық жақындықтың жоғалуына, эмоциялық қолдау мен ӛзара түсіністіктің болмауына 
шағымданып жатады. Отбасы қызметтері бірдей емес, олар иерархиялық құрылымды 
құрайды. Қызметтер иерархиясы әлеуметтік-мәдени институт ретіндегі отбасы тарихымен 
анықталады
Орындаған: Құрбан Теміржан
ПЭиСУ-165


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет