Отбасының ҚҰрылымы және функциялары



бет4/5
Дата03.11.2022
өлшемі388,6 Kb.
#47237
1   2   3   4   5
Байланысты:
Социология

Отбасының екінші маңызды қызметі – материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынғ көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Ана ерінің – күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында.

Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметтерін ерлі-зайыптылар атқаруы қажет. Қазақта «Үйлену – оңай, үй болу – қиын», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген мақал сөздер бар. Оның мәнісі отбасылық өндірісті қйымдастыру керек, отбасылық меншікті, үй шаруашылығын жүргізу қажет деген сөз. Табыс табу, отбасы экономикалық-материалдық жағынан қамтамасыз ету ерлі-зайыптылардың ортақ парызы, отбасының беріктігі де осыған байланысты.

Отбасы ғылымында отбасы функцияларының анализіне көп назар аударылған. Психологтер көбінесе отбасына келесі функцияларды сипаттайды:

Отбасы ғылымында отбасы функцияларының анализіне көп назар аударылған. Психологтер көбінесе отбасына келесі функцияларды сипаттайды:

  • Балалардың дүниеге келуі және оларды тәрбиелеу;
  • Қоғамның құндылықтары мен салт-дәстүрін, әлеуметтік-тәрбиелеу потенциалының жүйелілігі мен реализациясын сақтау, дамыту және оны келесі ұрпақтарға беру;
  • Адамдардың комфорт және эмоционалды қолдау, қауіпсіздік сезімі, құндылықты және өзінің «Мен» мағынасын, эмоционалды жылулық пен махаббат сияқты психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • Отбасының барлық мүшелерінің дамуына жағдай жасау;
  • Бос уақыттарын бірге өткізу қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • Әкелік және аналық сияқты индивидуалды қажеттіліктерін, балалармен өзара контактілерін, оларды тәрбиелеу қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • Отбасының әрбір жеке мүшелерінің мінез-құлықтарына әлеуметтік контроль жасау;
  • Отбасын қаржы жағынан қамтамасыз ету іс-әрекетін ұйымдастыру;
  • Рекреативті функция – отбасы мүшелерінің денсалығын, оларға демалыс ұйымдастыруын, стресстік жағдайды түсіруін қадағалау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет