Отбасының екінші маңызды қызметі – материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынғ көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Ана ерінің – күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында.
Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметтерін ерлі-зайыптылар атқаруы қажет. Қазақта «Үйлену – оңай, үй болу – қиын», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген мақал сөздер бар. Оның мәнісі отбасылық өндірісті қйымдастыру керек, отбасылық меншікті, үй шаруашылығын жүргізу қажет деген сөз. Табыс табу, отбасы экономикалық-материалдық жағынан қамтамасыз ету ерлі-зайыптылардың ортақ парызы, отбасының беріктігі де осыған байланысты.
Отбасы ғылымында отбасы функцияларының анализіне көп назар аударылған. Психологтер көбінесе отбасына келесі функцияларды сипаттайды:
Отбасы ғылымында отбасы функцияларының анализіне көп назар аударылған. Психологтер көбінесе отбасына келесі функцияларды сипаттайды:
Балалардың дүниеге келуі және оларды тәрбиелеу;
Қоғамның құндылықтары мен салт-дәстүрін, әлеуметтік-тәрбиелеу потенциалының жүйелілігі мен реализациясын сақтау, дамыту және оны келесі ұрпақтарға беру;
Адамдардың комфорт және эмоционалды қолдау, қауіпсіздік сезімі, құндылықты және өзінің «Мен» мағынасын, эмоционалды жылулық пен махаббат сияқты психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Отбасының барлық мүшелерінің дамуына жағдай жасау;
Бос уақыттарын бірге өткізу қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Әкелік және аналық сияқты индивидуалды қажеттіліктерін, балалармен өзара контактілерін, оларды тәрбиелеу қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Отбасының әрбір жеке мүшелерінің мінез-құлықтарына әлеуметтік контроль жасау;
Отбасын қаржы жағынан қамтамасыз ету іс-әрекетін ұйымдастыру;
Рекреативті функция – отбасы мүшелерінің денсалығын, оларға демалыс ұйымдастыруын, стресстік жағдайды түсіруін қадағалау;