Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Назарбаев Н.Ә. «Жаңа онжылдық – жаңа тарихи белестер:
жетістіктер, мәселелер және стратегиясы» ҚР Президентінің Қазақстан
халқына жолдауы // Егеменді Қазақстан. – 2010, ақпан – 28.
2.Мажитов С.Ф. Формирование исторического сознания в
Республике Казахстан: реалии и перспективы // Современное состояние
и перспективы развития исторической науки Казахстана и России:
сборник
материалов
международной
научно-практической
конференции. – Алматы: Тарих тағылымы, 2008. – 424 с.
3.Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и
Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы ХІХ - 1917 г.). – М.; Наука,
1986. – 245 с.;
4.Тәтімов М.Б. Демография - халықтану. – Алматы: Қазақстан,
1975. – 104 б.;
5.Көші-қондық үдерістерді зерттеудің кейбір мәселелері // Қазақ
тарихы. – 2004. – №1. – Б. 113-119.
6.ХХІ ғ. басындағы Қазақстанның демографиялық дамуы //
ҚазҰПУ хабаршысы. – 2008. – №3. – Б. 26-31.
341
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ "ТАРИХИ РАШИДИ"
АТТЫ ЕҢБЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН ДЕРЕК КӨЗІ
РАХЫМ М.
Педагогикалық мамандықтар кафедрасы 4- курс студенті
Ғылыми жетекшісі: АСТЕМЕС Г.К.
Алматы университетінің аға оқытушысы, т.ғ. магистрі
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) - қазақтың есімі әлемге
мәшһүр тұңғыш тарихшы
ғалымы,
кемеңгер
ойшылы,
әдебиет
зерттеушісі, этнограф. Ташкентте дүниеге келіп, Үндістандағы Кашмир
уәлаятында қайтыс болған. Ғалым Жетісудағы Дулат тайпасы
әмірлерінің ұрпағы. Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы
жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашиди»,
«Джаһаннама» дастандарының авторы. Ата-бабалары Моғолстан
мемлекеті құрамындағы Оңтүстік-шығыс Қазақстанның, Қырғызстан
мен Түркіменстанның саяси өмірінде белгілі адамдар болған. Дулати —
өз заманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама адам.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің әкесі Мұхамед Хусейн Шайбани
ханның қолынан қаза табады. Әкесі қайтыс болған соң 1509 жылы
Хайдар Дулати сол кезде Кабул уәлаятын билеп тұрған өзінің туған
бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. Ал Бабыр өзінің атақты
«Бабырнама» атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидың ақындық
талантын, білімділігін, садақ жебесін жасаудағы шеберлігін аса жоғары
бағалаған. Сұлтан Саид хан Қашқар елінің билік тағына отырған кезде
Хайдар Дулати осында келіп, Қашқар билеушілерінің бірі болады.
Ғалым-тарихшы, ойшыл мемлекет қайраткері, түркі өркениетінің
өкілі Мұхаммед Хайдар Дулати тек отандық тарихты ғана емес,
сонымен қатар біртұтас Орталық Азия аймағының халықтары мен біздің
халықты жақындастыра түсетін Орта Азия, Шығыс, Түркістан, Тибет,
әсіресе Үнді елдерінің тарихи зерттеулеріне өлшеусіз үлес қосқан
ғұламалардың бірі.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі — түркі
тектес халықтар тарихынан, соның ішінде қазақ қауымының көне
шежіресінен аса құнды деректер беретін бірден-бір туынды. «Тарих-и
Рашиди» 1541-1546 жылдар аралығында Кашмир қаласында парсы
тілінде жарық көрді. “Тарих-и Рашидида” қазақ хандығы құрылғанға
және одан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақтағы оқиғалар,
Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, сыртқы жауға қарсы
қазақтардың қырғыздармен және өзбектермен достық одағының
қалыптасуы т.б. жайлы көптеген мағлұматтар берілген.
342
Мұхаммед Хайдар Дулатидің бұл еңбегін тұңғыш рет Англияның
аса көрнекті тарихшысы Денисон Росс (1871–1940) ағылшын тіліне
аударып, оны 1895 жылы Лондонда бастырып шығарған. Осы кітап сол
күйінде ешбір өзгеріссіз қайтадан 1972 жылы Лондонда жарық көрген.
Шығармада Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы,
қала мен егіншілік мәдениеттері, Жетісудың тарихи географиясы
туралы, Орта ғасырлардағы Қазақстан жайлы құнды деректер бар.”
Тарихи Рашидиды” 16-19 ғасырлардағы көптеген авторлар (Амин
Ахмад Рази, Махмуд бен Вали, Мұхаммед Азам т.б.) өз
шығармаларында
пайдаланды.
Мұхаммед
Хайдар
Дулатидың
шығармасы түрік тіліне аударылды. Орта Азияда, Үндістан мен
Персияда бірнеше рет қолмен көшірілді. “Тарих-и Рашидидің”
үзінділерін орыс тіліне алғаш рет В.В.Вельяминов-Зернов аударды,
Д.Россоны ағылшын тіліне аударып бастырды. Шежіренің кейбір
бөлімдерін кезінде қазақтың көрнекті ғалымы С. Асфендияровта
аударған. Қазақ тарихына қатысты жерлері 1969 жылы орыс тілінде
жарық көрген. Өзбек ғалымдары «Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен
орыс тіліне аударып, 1996 жылы Ташкентте бастырып шығарған.
500 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде кеңінен аталып өткелі
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың тарихта мәңгілік із
қалдырған еңбегі “Тарихи Рашидиге” қызығушылық ерекше зор болып
отыр. Бұл еңбектің қашан және қайда жазылып біткені туралы Мырза
Мұхаммед Хайдар Дулатидың өзі былай дейді: “Осы “Рашидтер
тарихының” аяқталуы тамаша Кашмирде 952 жылдың Зу-л-Хиджа
айының соңғы күнінде (1546-ның 3 наурызы) болды” (қараңыз:“Тарихи
Рашиди”, 185 б.).
Бұл даңқты еңбек Шыңғыс ханның баласы Шағатай тұқымынан
тараған Тұғлық-Темір үйінің тарихын баяндай келіп, Моғолстанның
соңғы ханы Рашид ханның алғашқы билік ету жылдарымен аяқталады.
Сондықтан еңбек осы соңғы ханның есімімен аталған.
Бұл кітапты жазудағы өзінің мақсатын автор былай деп
тұжырымдайды: “Менің мақсатым-ғалымдығымды көрсету емес, өткен
моғол қаһандарының есімдері уақыт беттерінен мүлде жойылып
кетпеулері үшін естеліктер жазу. Егер моғол қаһандары өздерінің ата
тектері туралы және өздерінің бабаларының істері туралы білгілері
келсе, олар бұл туралы осыдан біле алады”.
Ал енді Моғолстан тарихы бүгінгі Қазақстан, Өзбекстан,
Қырғызтан және Шығыс Түркістан өлкелерінің бұрынғы өткен тарихы
болып табылатыны белгілі. Сонымен қатар, “Тарихи Рашиди” ішінара
Ауғанстанның, Тибеттің, Индияның тарихын да әңгімелейді. Онда орта
ғасырлардағы (ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы) қазақ, өзбек, қырғыз, ойрат
343
(қалмақ), ұйғыр халықтарының өздерінің мемлекеттігінің қалыптасуы
және өзара қарым-қатынастары тарихи ұғымға жеңіл, жатық, көркем
тілмен баяндалады [1].
Бұл шығарманың басты құндылықтары мынада:
Біріншіден – автор өзі жазған оқиғалардың кейбіреуіне тікелей
қатысқан, енді біреулерін сол оқиғаға қатысқан адамдардың аузынан
жазып алған немесе естіген кісіден сұрап жазған.
Екіншіден - мұнда жазылған оқиғаларды сол дәуірдегі
деректердің бірде біреуі қайталамайды.
Үшіншіден – Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанның
солтүстігіне келіп орналасып дербес тәуелсіз мемлекет болып
қалыптасуын баяндайтын басты деректердің бірі.
Өзбектің
шығыстанушы
ғалымдары
А.Урунбаев,
Р.П.Джалилова, Л.М.Епифанова 1996 жылы “Тарих-и-Рашидиді” орыс
тіліне аударып басып шығарды. Әсіресе, қазақ ғалымы Ә.Дербісәлінің
зерттеуін ерекше атау керек. Сол зерттеулерден кейін барып Мұхаммед
Хайдар Дулатидің тарихи мұрасын таныту мүмкіндігі құлашын кеңірек
жайды. [2].
Тарихшыларымыз Тараз мемлекеттік университетінде
ұлы бабамыздың туғанына бес жүз жыл толу мерейтойы қарсаңында 2-3
рет халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Еліміз ұлы
ғұлама бабамыздың сүйегі жатқан Үндістанға, Кашмирге ғалымдардан,
қаламгерлерден, кәсіпкерлерден жасақталған ресми делегация да
жіберіп алды. Мұхаммед Хайдар мырзаның есімі Тараз мемлекеттік
университетіне беріліп, осы іргелі оқу орны ғимаратының алдына еңселі
ескерткіші де тұрғызылды. Осыған орай республикамыздың белгілі
мемлекет қайраткерлері қатысқан үлкен салтанатты жиын да өткен еді.
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың да келіп, игі тілектер білдіргені де
белгілі.
Енді, міне, сол ұлы ғұламамыз дәуіріндегі парсыша жазған
“Тарих-и Рашидиді” ана тілімізде оқудың сәті биыл түсіп отыр. Оны
парсы тілінен қазақ тіліне тікелей аударған - белгілі шығыстанушы
ғалым, қандасымыз Ислам Жеменей. Жалпы редакциясын және алғы
сөзін жазған - филология ғылымының докторы, профессор Әбсаттар
Дербісәлі. Ал, бұл еңбектің қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларын
салыстырып, әдеби өңдеп, толықтырған әрі ғылыми редакциясын
жасаған - Мұхтар Қазыбек. Кітаптағы өлеңдерді жолма-жол
тәржімасынан қазіргі қазақ тіліне Қадыр Мырза Әли аударған. Бұл
кітапты Мұхаммед Хайдар Дулати қоғамдық қоры Алматыдағы
“Тұран” баспасынан жарыққа шығарды. [3].
344
Жоғарыда айтқандай " Тарихи Рашидиді " көптеген
зерттеушілер пайдаланды. Бірақ онымен тікелей айналысқан ешкім
болмады. "Тарихи Рашидиді" тарихи дерек ретінде пайдаланғандардың
ең алғашқысы белгілі Шығыс зерттеушісі В.В. Вельяминов-Зернов
болатын [4]. Кейіннен Түркістан мен Жетісудың тарихын зерттеген
кезде В.В. Бартольд те одан бірқатар үзінділер аударды. Соғыс
жылдарының алдында бұл мәселемен белгілі тарихшылар С.Д.
Асфендияров пен П.А.Кунте де айналысты [3].
Одан кейін Академик Ә.Х. Марғұлан да осы тақырыпқа арнайы
мақала жазды [4]. Одан кейін бір топ авторлар XV-XVІІІ ғасырлардағы
қазақ хандығының тарихына байланысты жазба деректерді аударған
кезде " Тарихи Рашидиден " де үзінділер аударды [5].
Сонымен қатар Мұхаммед Хайдар Дулати мен оның
шығармасы "Тарихи Рашиди" жайлы бірқатар мәліметтерді
Р.Г.Мукминованың,
С.А.Азимжанованың,
Х.Хасановтың
және
Н.Н.Мингуловтың жұмыстарынан қарауға болады [7].
"Тарихи Рашидидің" тағы бір құндылығы мұнда қазақтар
туралы хабардан басқа Дешті Қыпшақ, Моғолстан хандары және
олардың арасындағы өзара саяси-әлеуметтік қарым-қатнастар жайлы
мәліметтер өте көп.
Атап
айтқанда жоғарыда көрсетілген белгілі Шығыс
зерттеушісі Вельяминов-Зерновтың Қасым хан мен оның ұрпақтарының
тарихын жазған кездегі аударған үзінділерін, сонымен қатар Қазақ
хандығының XV-XVІІІ ғасырлардағы тарихы жайлы жазылған
деректерден қысқаша аударылып топтастырылған жинақтың "Тарихи
Рашидиге" байланысты тарихы пайдаланылды. Қажетке жараған
әдебиеттердің бірі, ол К.А.Пищулинаның "Оңтүстік Шығыс Қазақстан
тарихына" арналып жазылған монографиясы. [8]. Бұл еңбек негізінен
Қазақ хандығының құрылуындағы саяси-әлеуметтік және экономикалық
аспектілерге арналған.
Академик В.В. Бартольдтың ойынша “Тарихи Рашиди” - ХҮІ
ғасырдағы мұсылмандық тарихи әдебиеттің ең ғажап ескерткіші деуге
жақын тұрған және Шығыс Түркістан тарихы бойынша аса маңызды
деректердің бірі. Орта Азияны зерттеуші П.П. Ивановтың ойынша
“Тарихи Рашиди” – ХҮ-ХҮІ ғасырдағы Моғолстан өмірі туралы
мәліметтерге негіз болатын жалғыз дерек. Белгілі шығыстанушы В.В.
Вельяминов-Зерновтың пікірінше “… Бұл-шағатайлықтардың кейінгі
тарихына арналған жалғыз дерек. Оның әңгімелері барлық жерде адал
ниетті және айқын. Дегенмен мұндай құндылықтарды “Тарих-и
Рашиди” авторынан күтуге де болатын еді. Оның өзінің қоғамдық
345
жағдайы оған оқиғаларды білуге және оларды қаз-қалпында бейнелеуге
мүкіндік берді”.
Белгілі
шығыстанушы-тарихшылар С.Г.Кляшторный мен
Т.И.Султанов “Тарихи Рашидиді” “жинақтап айтқанда ортағасырлық
мұсылман тарихнамасындағы қазақ хандығының ерте тарихын
баяндайтын жалғыз” шығарма ретінде бағалады.
Осы ойды одан әрі өрбіткен қазақстандық шығыстанушы
Ә.Дербісәлі “Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіпті
түрік тектес халықтардың мәдениетін зерделеген Еуропа ғалымдарының
да ешқайсысы сол себепті күні бүгінге дейін “Тарихи Рашидиге”
жүгінбей, оған соқпай кете алмайды… Осы күнгі қазақ, өзбек, қырғыз,
ұйғыр, ауған, үнді, тибет халықтарының тарихын зерттеушілер “Тарихи
Рашидиді” аттап кете алмайды. Еңбек осымен де құнды, әрі бағалы.
"Тарихи Рашиди" негізінен екі бөлімнен тұрады. Оның екінші
бөлімі, біріншісінен бұрын жазылған. Біріншісі, 1546 жылы 3-ші
наурызда аяқталса, екіншісі 1541-1542 жылдары жазылған [9]. Еңбек
Кашмирде жазылды және көптеген түркі тілдеріне аударылған.
Сонымен қатар басқа да Европа елдерінің тілдеріне /ағылшын/
аударылған. Атап көрсетер болсақ, бұл еңбектің түркі, парсы, шағатай,
араб және ағылшын тілдеріндегі көшірмелері еліміздің көптеген
кітапханаларында сақталуда [10].
Бұл еңбек орыс тіліне толық аударылмаған. Пайдаланған
зерттеушілер негізінен араб және ағылшын тілдеріндегі нұсқасын
қолданған. Өкінішке орай бұл нұсқаларды толық игеру үшін тіл білу
керек. Ол көпшілік қауым тұрмақ, арнайы мамандар үшін де қол жетпес
құрал болып отыр. Оның көбінесе орыс тіліне аударылған үзінділері
ғана пайдаланылуда. Бұл әрине жеткіліксіз. Мұхаммед Хайдар
Дулатидің "Тарихи Рашиди" атты еңбегі бұл күнде әлі де болса толық
зерттелмеген, өз зерттеушісін ғасырлар бойы күтіп сөреде жатқан құнды
шығармалардың бірі деп айтуға әбден болады.
"Тарихи Рашиди" Қазақстанның ортағасырлық тарихы мен
мәдениетін зерттеуде археология ғылымы үшін де құнды мәліметтер
бере алады. Бұнда көне Тараз /Талас/, Барсыхан, Баласағұн, Қиялық,
Алмалық, Көк-Кесене секілді қалалар мен елді мекендер жайлы құнды
мәліметтер бар.
"Тарихи Рашидидің" алғы сөзінде бұл еңбектің "Рашид тарихы"
деп аталуының үш себебі дәріптелген. Олар:
Тұғлық - Темірді мұсылман еткен Аршад ад-Диннің құрметіне;
Тұғлық - Темірдің өз халқын соңынан ерткен дұрыс жолының
құрметіне;
346
Сол кезде Қашқарды билеген Әбд-л-Музаффар Әбд ар-Рашид
ханның құрметіне арналған [10].
"Тарихи Рашидидің" негізгі тілі Орта Азиялық фарсы. Кейбір
зерттеушілер, фарсы тілі Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің туған тілі
болмағандықтан, оның шығармасының стилі онша көркемдік ала
қоймаған деген пікір айтады.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі Моғолстан мен
Қашқарды билеген шағатай хандары мен дулат тайпасынан шыққан
Шығыс Түркістанды билеуші әмірлер жайлы да жазылған құнды дерек.
"Тарихи Рашиди" Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ
халқының қалыптасуынан көп мәлімет беретін алғашқы дерек ретінде
құнды материал болып табылады. Сондықтан да, бұл еңбекті жоғары
білім беретін оқу орындарында пайдалану, жас тарихшыларды жазба
деректермен таныстыруда қолдану, олардың білімін ұстауда және
ізденіске үйретуде таптырмайтын құрал екендігі сөзсіз. Мұхаммед
Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы
хандары және олардың көрші елдермен қарым-қатынасы кең көлемде
сөз болады. Сондай-ақ мұнда Керей ханның баласы - Бұрындық хан,
Жәнібек ханның баласы - Қасым хан, т. б. туралы құнды деректер бар.
Хайдар Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалар
жайында егжей-тегжейлі жаза келіп, тайпалық тартыстардың тарихта
сан рет қанды қақтығыстарға соқтырғанын, ел ішіндегі алауыздықты
сыртқы жаулар қалай пайдаланып кеткенін нақты деректер негізінде
әңгімелейді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Азимжанова А. "К истории Ферганы второй половины XV в."
Ташкент, 1957 жыл, 93 бет.
2.Вельяминов-Зернов В.В. "Исследование о Касымовых царях и
царевичах" И.И. СПб., 1864.
3.Марғұлан Ә.Х. "Мұхаммед Хайдар Дулатидің түпкі тарихы"
Әдебиет және искусство. N4, Алматы,1941 жыл, 78-87-беттер.
4."Материалы по истории Казахских ханов. XV-XVІІІ веков"
Алматы,1969 жыл, 185-231-беттер.
5.Захар ад-дин Мұхаммед Бабыр "Бабыр-нама" Алматы, 1990
жыл, 320 бет.
6.Мингулов Н.Н. "Мухаммед Хайдар Дуглат. Великие Ученые
Средней Азии и Казахстана" Алматы, 1965 жыл, 190-200-беттер.
7.Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб. І. М.,
Алматы, 1935 жыл.
8.Хасенов Ә.Х.Қазақ хандығы қай жылы құрылды // Қазақ
тарихы 1993 жыл, N1, 40 бет.
347
9.Кәрібаев Б.Б."Қоғамның - тарихи дамуының нәтижелері".
Қазақ тарихы. Алматы 1993 жыл, N3, 31-33 беттер.
10.Дулати М.Х. “Тарихи Рашиди” Алматы “Санат” 1999ж.
(История Казахстана исследование документы).
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ТҮРКИЯ
АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
ОРНАУЫ
САГДАШЕВ С.
Педагогикалық мамандықтар кафедрасы 4- курс студенті
Ғылыми жетекшісі: АСТЕМЕС Г.К.
Алматы университетінің аға оқытушысы, т.ғ. магистрі
Дипломатиялық қатынастар – «Халықаралық құқық ережелеріне
және тәжірибесіне сай, мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды
ұстаудың негізгі нысаны» [1].
Дипломатия-дегеніміз ол Мемлекеттің сырқы саясатын жүргізу
тәсілі, яғни ол әскери емес тәжірибелік іс-шаралардың жиынтығы,
белгілі бір мәселелерді шешуге арналған қабылдаулар мен әдістер шет
елдегі мемлекет және Үкімет басшыларының, сыртқы істер
министрлерінің, сырқы істер ведомстволарының, дипломатиялық
өкілдіктерінің, ресми қызметі: мемлекеттің сырқы саяси мәселелерін
және мақсаттарын жүзеге асырушы халықаралық конференциялардағы
делегациялар, сонымен қатар мемлекеттің шетелдегі азаматтардың
және мекемелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметі.
«Дипломатия» ұғымын, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
және тереңдетумен, сонымен қатар қалықаралық қатынастарды
болдырмау не реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер өнерімен
байланыстырады.
Тәжірибедегі ең негізгі және ең кең тараған дипломатиялық
тәсілдер мыналар: жоғарғы және жоғарғы деңгейдегі ресми және басқа
визиттермен келіссөздер: дипломатиялық конгресстер, конферециялар,
кеңестерімен кездесулер, екі жақты және құжаттарды бекіту,
халықаралық ұйымдар және олардың өкілдегі, дипломатиялық хат
алысу, дипломатиялық құжаттардың құрылуымен көп жақты
дипломатия аса маңызды мәнге ие болды.
1990 жылы сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССРО-інің
Президенті болып сайланды. Н.Назарбаев Қазақ КСР Конституциясы
мен 1995 жылы 25 қазан айында қабылданған Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туалы
348
Декларацияға сәйкес жұмыс істеуді қазақ КСР сырқы істер Министірлігі
де негізгі бағыт етіп ұстанып Декларацияның 14-бабында былай
делінген: «Қазақ КСР-інің халықаралық қатынастардың дерьес
субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүддесіне Біріккен ұлттар
ұйымының және мамандандырылған мекемелердің қызметіне қатысуға
құқығы бар.
Республика шет мемлекеттермен экономикалық және сауда
байланыстарын еріктілік пен тең құқылық принциптерінсақтай отырып,
өзара шаттар негізінде құрады, сыртқы экономикалыққызмет мәселелері
дербес шешеді».
1991жылы 4 наурызда Алматыдағы Қазақ КСР Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт
Озал арасында келіссөз болды, «тұңғыш рет екі елдің өзара
экономикалық
сауда,
ғылыми-техникалық
және
мәдени
ынтымақтастығын кеңейту жөнінде 11 баптан тұратын келісім-шартқа
қол қойылды».
Қазақ КСР сыртқы істер министірі А.Х.Арыстанбекова мен
Түркия Республикасының сырқы істер министірі, А.Куртджебе
Альптемочин арасындағы екі министірліктің өзара кеңестер жасауы
туралы хаттамаға қол қойылды. «Кезінде Қазақстан Үкіметі 1994
жылдан бері республикада сыртқы істер министірлігі құрылғалы
мынадай хаттамаға бірінші рет қол қойып отыр» [1].
Екі ел сыртқы істер министірліктері Қазақ КСР-і мен Түркия
Республикасы арасындағы екі жақты келісімділіктің жүзеге асыруымен
қол қойылған хаттамалардың орындалуы жайлы бір-бірін үнемі
хабардар етіп отыр. Сол сияқты екі ел мекемелері өзара қарым-
қатынастық жағдай туралы, сонымен қатар екі жақтың да мүддесіне сай
келетін
халықаралық
өзекті
проблемалар,
сыртқы-саясаттық,
экономикалық және қаржылық мәселелері туралы кеңес жүргізіп
отыруға келісті.
Хаттаманың 4-ші бабында: екі ел сыртқы істер министірліктері
екі республика арасында елшілік қызмет орнатуға екі жақты тиімді
негізде елшілік өкілдіктер ашуға, сонымен қатар екі министірліктің
елшілік қызметтері арасында кеңестер жасап отыу жайлы ниеттері бар
екендігін мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының 1991жылы 16 желтоқсан күні
жариялаған тәуелсіздігін дүние жүзінде алғаш таныған мемлекет
Түркия болды.
Түркияның бұл дипломатиялық белсенділігі Қазақстанда үлкен
бір қуанышпен қабылданды.
349
«Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасының
арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнауына байланысты
хаттамаға 1992 жылдың 2 наурызында Алматыда қол қойылды және ізін
суытпай артынан ашылған Түркия Республикасының Алматы төтенше
елшілігі Қазақстандағы алғашқы төтенше елшіліктердің бірі болды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында осы жылы іске қосылған
Анкарадағы төтенше елшілігімен сыртқы өкілдіктерінің бірісін
Түркияда ашқан болып табылады» [2].
Қазақстан Республикасы біріші Дуайені Алматыда Түркия
елшісіне
берді.
Дуайені
дегеніміз-қабылдаушы
мемлекеттің
дипломатикалық корпусы әріптестерінің арасында бірінші болып сенім
грамотасын тапсырылған дипломатиялық өкілдіктің басшысы.
1992 жылдың қазан айының 30-31-ші күндері Анкара қаласында
Түркі
тілдес
мемлекеттердің
бас
қосуы
болды.
Түркия
Республикасының сол кездегі Президенті Тұрғыт Озал, Әзірбайжан
Республикасының сол кездегі Президенті Абулфайз Елчибей, Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан
Республикасының
Президенті
Асқар
Ақаев,
Өзбекстан
Республикасының Президенті Ислам Каримов және Түркіменстан
Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязовтар кездесуі болды.
Бұл кездесуде Түркия Республикасы Орта Азиядағы Түркі
мемлекеттерге экономикалық және мәдени саласында қолдау жасайтын
ниеттерін аңғартты, өзара қатынастардың орындалуына қанағаттанып
отырғандарын білдірді және ары қарай ынтымақтастық пен іс-
қимылдарды үйлестіріп отыруға шақырды. Кездесуге қатысушылардың
аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен тұтастай алғанда Азия
құрлығындағы қатынастардың жарастығы жолында осы бағытты
жалғастыра беру туралы ұйғарымға келуілері түркі тілдес
мемлекеттердің бүгіні үшін ғана емес, болашағы үшін де аса маңызды
болды.
1993 жылы 9 сәуірде Алматыда ресми түрде Түркия
Республикасының Президенті Тұрғыт Озал келді. Тұрғыт Озалдың
Қазақстанға екінші рет ресми сапарымен келуі.Тұрғыт Озал Түркия
Республикасы делегациясын таныстырды. Онда Вице-президент Ерік
Асанбаев болды, премьер-министр орынбасары Қуаныш Сұлтанов т.б.
болды.
Қазақстан мен Түркия Республикасының делегациясының
арасында даму шеңберінің белестерінен басталған еді, екі жақ
кездесулердің
қажеттілігін
желеуін
және
Түркия
деңгейде
координацияларды кеңейту, беймасштабта қарау керектігін көрсетті.
Н.Назарбаев және Т.Озал айрықша атап көрсетудегі сауда
350
экономикасындағы
байланыс экономикалық әріптестік ұйымы
шеңберінде әңгіме қозғады.
Түркия Президенті Тұрғыт Озал 1993жылы қаңтар айында
тәуелсіз Қазақстанның 1-ші конституциясын жоғары дәрежеде екендігін
атап өтті
1
. Екі ел басшылары келісім барысында екі жақ барлық
маңызды, алғашқы үкімет аралық келісімдерге келісті. Әсіресе сауда
экономикасы саласына, ғылыми-техникалық, мәдени байланыс кадр
дайындау.
Түркия
делегациясы
өз
шарттарын
Қазақстанға
экономикалық көмектің бағытталуын түсіндірілді. Сонымен қатар
парламент аралық байланысты нығайту көзделді [3].
Тұрғыт Озал Қазақстан Президентінің инициативасын қолдады.
Инициативасында Азия құрлығында бейбітшілікті сақтау мақсаты
қарастырылды. Келіссөзге Вице-президент Ерік Асанбаев, премьер-
минестр сол кезде Сергей Терешенко, оның орынбасары Асхат
Жабагин, Президент апаратының жетекшісі және министр кабинетінің
жетекшісі Нұртай Абызаев, және т.б. министрлері қатысты. Нұрсұлтан
Назарбаев пен Тұрғыт Озал екеуі түстен кейін Парламент үйіне барды.
Осы Парламент үйінде Түркия Президент Тұрғыт Озал парламент
алдында сөз сөйледі: Түркия халқы Қазақстан Реформаларына жақсы
көзқараста екендігін атап айтты.
Біздің айрықша қуантатын жәй сіздің республикадағы
тұрақтылық, бұл демократиялық қоғам көмек береді тағы нарықтық
экономикаға өту, негізгі принциптер жаңа конституцияға әлем
елдерінде қалыптасқан Қазақстанға осыдан екі жыл бұрын келдім деді.
Президент дана саясатшы Н.Назарбаев басқарған ел ұлы мемлекет
болуына сенемін. Түркия осы жолда жан-жақты қолдау, ұсыныс беруге
дайын деді. Өйткені 15 жыл ішінде Түркия үлкен тәжірибе жинақтады,
дін
қиыншылықтарымызды
түрлі
жолдармен
шығу
жолын
қарастырамыз [4] деді.
1994 жылы қазанның 17-де Анкарада Түркия мен Қазақстанның
арасында достық және ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Түркия Президентінің Анкарадағы резиденциясында салтанатты
қол қою рәсімінде сөз сөйлеген Н.Назарбаев: «Екі елдің арасында
«туысқандық, жақындық» қатынастар бар екенін айтты. Түркия
Қазақстанның тірегі болып табылады деп атап көрсетті. Біз сіздерге
сенеміз деп атап көрсетті. –Біз үшін Түркияның күшті болғаны өте
маңызды. Құрамында Түркия мен Орталық Азияның түркі тілдес
республикалары кіретін ұйымды құратын уақыт келді деп атап көрсетті
Н.Назарбаев. Бұл ұйымның әлде кімге қарсы бағытталмайтындығын
351
және әскери болмайтындығына, оның мақсаты бейбітшілікті және
халықтардың әл-ауқатын нығайту нығайту болып табылатындығына
сенім білдірді» [5].
Осы кездесуде екі елдің сыртқы істер мин истрліктері
арасындағы саяси кеңестер туралы хаттамаға қол қойылды. Ал 18-19
күндері Стамбул қаласында Түркі мемлекттері басшыларының екінші
бас қосуы өтті.Оған Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен
Демирел, Әзербайжан Республикасының Президенті Гайдар Әлиев,
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев,
Қырғызстан Республикасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан
Республикасының
Президенті
Ислам
Каримов,
Түркіменстан
Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязов қатысқан жоғары
дәрежелі екінші басқосу басталды. Негізінде екінші басқосу Әзібайжан
мемлекетінде Баку қаласында жоспарланған болатын. Бірақ Ресейдің
Әзербайжанға жасаған қастаңдығы және осы елдің өз ішіндегі
қайшылықтар кездесу мезгілін, орнын өзгертуге әсерін тигізді.
1995 жылы 15-ші тамыз күні Алматыда Түркияның Премьер-
министірі Танссу Чиллер ресми сапарымен келді.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Премьер-министрі Танссу
Чиллер Президенттінің резеденциясында оңаша ұзақ әңгімелесіп,
Қазақстан мен Түркияның кеңейтілген құрамындағы мемілекеттік
делегацияларының келіссөзі жүргізілді. Келіссөз әдеттегідей дәстүрге
достық ахуалды өтті.
Екі жақ бірі-бірін өз елдеріндегі саяси және экономикалық
жағдаймен таныстырып, өзара тиімді негіздегіекі жақты қарым-
қатынастарды одан әрі дамытудың болашағы туралы, аймақтық және
халықаралық көкейтесті проблемалар жөнінде пікір алмасты.
1997 жылы 3-7 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының
премьер –министрі Әкежан Қажыгелдиннің Түркияға алғаш ресми
сапары болды. Бұл сапар екі ел үшін де пайдалы болды. Ең бастысы
экономиканың
келешегі
тұрғысынан
маңызды
шешімдермен
нәтижеленді. Қажыгелдиннің бұл сапарының Қазақстан үшін
маңыздысы –елдің пайдалы қазбалары жайында Түркия іскерлеріне
кеңінен мәлімет берілгендігі. Түркияның премьер министрі Нежметтин
Ермакан мәр тебелі мейман құрметіне берген қонақасына Түркияның
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен үлкен холдингтердің
иелерін шақырған еді.
Осы бас қосуда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының
премьер –министрі Әкежан Қажыгелдин бауырластық қатынастар мен
қатар экономикалық байланыстарды да нығайту керектігін айта келіп
былай деді:Байлық қажет десеңіз, еліміз қазба байлықтарға бай,
352
туысқандық қажет болса Қазақстан өз ата мекеніңіз, жаңа іс салалары
керек десеңіз алдыңызды жан-жақты жаңадан құрылып жатқан және
жаңа астана Ақмоланы қазіргі заманға сай шарттарға сай құруды
жоспарлаған еліміз бар» [6] - деді.
«1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен
Демирелдің екі рет кездесулері болды. 1-шілде айында Қазақстан
Республикасының Президентінің Түркияға жасалынған сапар кезінде
екінші қараша айында Стамбұлда өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық ұйымы саммиті болды».
Екі елдің басқа деңгейдегі байланыстары ды үдемелі түрде
дамып, нығаюда.Мұның бәрі көп жағдайда бауырлас екі ел
мүдделерінің тоғысуын көрсетіп отыр.
Анкара Каспий аймағының көмірсутегі шикізатын әлемдік
нарықтарға тасымалдауға бағытталған. «Баку-Жейхан» экспорттық
құбыр тарту жобасына үлкен мән беруде. 1999 жылы 18-19 қарашада
Стамбулда өткен ЕҚЫМ саммитінің жұмысына Президент Н.Назарбаев
бастаған Қазақстан делегациясының қатысуы және оның барысында
осы
мұнай
құбыры
бойынша
Қазақстан-Түркия
қарым-
қатынастарындағы маңызды болып саналады. Түркияның саяси
басшылығы аталмыш жобаның жүзеге асырылуындағы Қазақстанның
шешуші ролін ерекше атап өтуде.Қазақстан мамандарының мойындауы
бойынша, Қазақстанның мұнайсыз «Баку-Жейхан» құбырының
тиімділігі болмайды, өйткені Әзірбайжанда өндірілетін мұнайдың
мөлшері құбыры 60-пайызға ғана қамтамасыз ете алады-деді.
2000
жылдың 12-ші маусымда Президент Н.Назарбаев
Астанадағы өзінің резиденциясында Қазақстан жұмыс бабындағы
сапармен келген Түркия Респкбликасының сыртқы істер-министрі
Исмайл Джемді қабылдады.
«Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тәуелсіздігі жарияланған сәттен
бастап жоғары деңгейдегі тығыз қарым-қатынас орнату нәтижесінде
Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы барлық ауқымды экономикада,
саясатта, әлеуметтік және гуманитарлық салаларда ойдағыдай дамып
отырғанына айрықша тоқталды
2
».
Мемлекет басшылары өзара мүдделі халықаралық проблемалар
төңірегінде де бөлісіп, аймақтық қауіпсіздік ауқымында Орталық
Азиядағы саяси ахуал жайында пікір алысты. Екі ел басшылары
терроизм қатеріне, есірткі тартуға діни және саяси экстермизмге жол
бермеу ынтымақтастық қажет екендігімен келісті.
353
Н.Назарбаев пен А.Сезер сондай-ақ Еуразия кеңістігінде
тұрақтылықты нығайту жөнінде Астанамен Ақмоланың көзқарасы ортақ
болып табылатын қуаттады.
«Президенттердің екеу ара кездесуінен кейін делегациялады
кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті. Келіссөздер барысында
аймақтың
қауіпсіздік
саласындағы
ынтымақтастық
өркендету
үкіметаралық комиссияның жұмысы, сауда-саттықпен инвестициядағы,
энергетикадағы, техника мен жабдықтар жеткізудегі өзара іс-қимылды
одан әрі жанжандыру мәселелері қаралды.
Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер аяқталғаннан кейін екі жақты
құжаттарға қол қою режимі болды. Президент Н.Назарбаев Президент
А.Н.Сезер терроризмге қарсы, күрес саласындағы ынтымақтастық
туралы бірлескен деклорацияға қол қойды».
Қазақстанның тәуелсізлігін ең алғаш таныған туысқан Түркия
мемлеке ті екендігін тілге тиек етіп, екі жақты қарым қатынастарға
ауқымды сипаттама берді. Атап айтқанда екі ел арасындағы саяси
ынтымақтастықтың, экономикалық, байланыстардан тұратын дамып
келе жатқандығын мәләмдеп, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени
гуманитарлық қарым -қатынастарға айрықша тоқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |