Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата29.12.2016
өлшемі2,81 Mb.
#702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. – СПб: «Питер». – 2000.  

25 
 
2.Акижанова  М.М.    Оқу  мотивтерінің  психологиялық  негізі// 
Вестник КАСУ- 2005. №1. 
3.  Дүйсебай  М. Жоғары  оқу  орындарындағы студенттердің 
оқу мотивациясының 
қалыптасу 
ерекшеліктері 
// 
Мектептегі 
Психология.- 2014.- №6. 
4.  Әмірова  Б.Ә. Оқу мотивациясы студенттердің  кәсіби  өзін-өзі 
анықтауының  көрсеткіші  ретінде  /  Б.Ә.  Әмірова;  Р.А.  Молдабаева// 
Қазақстан жоғары мектебі.- 2014, №1. 
5.  Кәрібаева  Г.  Студенттердің  оқу  іс-әрекет  мотивациясының 
ерекшеліктері // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2009, №3. 
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ 
ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
НАЗАРБЕК А.М. 
«Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті, Семей 
қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ. 
Ғылыми жетекшісі: ОРАЛКАНОВА И.А. 
PhD доктор, аға оқытушы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы 
мемлекеттік университеті, Семей қ. 
 
Елбасы  Н.Назарбаевтың  2014  жылғы  «Қазақстан  жолы  –  2050: 
Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  халыққа  Жолдауында 
дамуында  мүмкіндігі  шектеулі  адамдарға  қолдау  мен  көмек  көрсету 
мәселесіне  арнайы  тоқталғаны  белгілі.  Атап  көрсетсек,  «...мүмкіндігі 
шектеулі  азаматтарымызға  көбірек  көңіл  бөлу  керек.  Олар  үшін 
Қазақстан  кедергісіз  аймаққа  айналуға  тиіс.  Бізде  аз  емес,  ондай 
адамдарға  қамқорлық  көрсетілуге  тиіс  –  бұл  өзіміздің  және  қоғам 
алдындағы  біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады»  -  деген 
болатын.  Бүгінгі  бала  –  ертеңгі  азамат.  Сол  азаматты  болашақ  өмірге 
бейімдеу,  дені  сау  адамдардың  арасында  өздерін  жәйлі  сезіну  үшін 
қолайлы  атмосфера  қалыптастыру  –  білім  беру  ұйымдарының  міндеті 
болып табылады. 
Әр  дамыған  мемлекет  өзінің  азаматтарына  барлық  мүмкіндік 
жасауды  мақсат  етеді,  сол  себепті  шетелдік  білім  беру  жүйесінде 
мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  білім  алуына  толық  мүмкіндік 
жасалғанын көре аламыз. Біздің елімізде 2011 жылға дейін жалпы білім 
беру  мекемелері  қалыпты  балалардың  білім  беру  мәселесімен 
айналысса,  ал  арнайы  білім  беру  мекемелері  мүмкіндігі  шектеулі 
тұлғалардың оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырды. Алайда, 2011 жылы 
біздің  еліміздің  білім  беру  жүйесіне  жаңа  тенденция  берілді,  ол 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  алғашқы  рет 
инклюзивті  білім  беру  мәселесі  көтеріліп,  мүмкіндігі  шектеулі 

26 
 
балаларды  жалпы  білім  беру  үрдісіне  қосу,  оларға  қолайлы  орта 
қамтамасыз  ету  мәселесі  аталды.  2020  жылы  инклюзивті  білім  беруге 
жағдай  жасалған  мектептер  саны  70%-ға  дейін  жетуі  қажет  деген 
міндеттер қойылды [1].  
Білім  беру  субъектілерінің  арасында  инклюзивті  білім  беруді 
әртүрлі түсіну үрдісі байқалды. Біз өз зерттеу жұмысымызда инклюзивті 
білім берудің келесі анықтамасына сүйенеміз: «инклюзивті білім беру  - 
адамның  ұлысы  мен  ұлтына,  әлеуметтік  мәртебесі  мен  материалдық 
жағдайына,  білім  деңгейіне,  психо-физиологиялық  ерекшеліктеріне 
қарамастан  білім  алуды  барлығына  қолжетімді  етуді  ұйғаратын  жалпы 
білім берудің даму үрдісі» [2].  
Инклюзивті оқыту  негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық 
адамдарға  деген  теңдік  қатынасты  қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге 
ерекше  оқыту  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру 
идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен 
балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай 
балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті 
бағыт  мұндай  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы 
өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. 
Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен, 
жеткен  жетістіктерімен  анықталады.  Әрбір  адам  сезуге  және  ойлауға 
қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне 
қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық 
адамдар  құрбы-  құрдастарының  қолдауы  мен  достығын  қажет  етеді. 
Әрбір  бала  үшін  жетістікке  жету  –  өзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай 
алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын 
кеңейтеді.  Инклюзивті  оқыту  –  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын 
ескеретін,  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын 
қамтамасыз  ететін  жалпы  білім  үрдісінің  дамуы.  Инклюзивті  оқыту 
балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен 
сабақ  берудің  жаңа  бағытын  өңдеуге  талпынады.  Егер  инклюзивті 
оқытудың  оқыту  мен  сабақ  беруге  енгізілген  өзгерістері  тиімді  болса, 
онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. 
Инклюзивті  білім  беруді  дамытуға  үлесін  қосқан  шетелдік 
ғалымдар: D.L. Ferguson, G. Meyer, L. Jeanchild, L. Juniper, A. Galkiene, 
В.И.  Михалюк,  Е.Ю.  Колесникова,  Е.М.  Новикова,  А.С.  Федоров,  С.В. 
Алехина, В.В. Хитрюк. Аталған ғалымдардың еңбектерінде инклюзивті 
білім  беру  жағдайындағы  кәсіби  мамандарды  даярлау  мәселесі 
зерттелген.  
Біздің  елімізде  инклюзивті  білім  беру  жүйесін  зерттеген 
ғалымдар:  Р.А.Сүлейменова,  З.А.Мовкебаева,  А.А.Байтұрсынова.  Бұл 
ғалымдардың  зерттеулерінде  инклюзивті  білім  беру  мәселесі 

27 
 
дефектолог мамандарды даярлау және мүмкіндігі шектеулі балалардың 
бейімделуі қарастырылған. 
Әрине инклюзивті білім беру қоғамда әртүрлі сұрақтар туындауға 
итермеледі:  «Біздің  қоғам,  мектептер  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 
қабылдауға  дайын  ба?»,  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытуға 
мұғалімдерді  қалай  даярлау  қажет?».  ОСы  және  жалпы  білім  беретін 
мектеп  мұғалімдерің  инклюзивті  білім  беру  жағдайындағы  жұмысқа 
даярлығын  анықтау  мақсатында  біз  «Сіз  инклюзивті  білім  беруге 
дайынсыз ба?» деген сауалнама өткіздік. Сауалнама нәтижесі бойынша 
мұғалімдердің  71%  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жұмыс  жасауға 
дайын емеспіз десе, ал 29 % - дайынбыз деп жауап берді. Мұғалімдердің 
инклюзивті білім беруге не себепті дайын емессіз деген сұраққа  96 % - 
әдістемелік білімнің жеткіліксіздігі, 4 % - жеке тұлғалық даярлығының 
жоқтығын 
атады. 
Әрине, 
арнайы 
даярлық 
болмағандықтан 
мұғалімдердің әдістемелік  білімнің жеткіліксіздігі түсінікті,  бірақ  жеке 
тұлғалық  даярлығының  жоқтығы  бізді  алаңдатты.  Себебі  бұл 
мұғалімдердің жеке  тұлға  ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларды және 
инклюзивті білімді қабылдамайтындығын көрсетеді.  
Неміс  ғалымы  П.Шуман  өз  кезегінде  «Баланың  психикалық 
дамуы  төмен  болған  сайын,  мұғалімнің  білім  деңгейі  жоғары  болуы 
тиіс»  деген  ой  білдірсе,  ал  сауалнама  нәтижесі  соны  дәлелдеп  жалпы 
білім  беретін  мектеп  мұғалімдерін  инклюзивті  білім  беруге  арнайы 
даярлау  керектігін  көрсетті.  Сондықтан  біз  мұғалімдерді  даярлауда  екі 
бағытты  белгіледік:  психологиялық  және  кәсіби.  Психологиялық 
даярлық деп біз мұғалімнің тұлғалық даярлығын есепке алсақ, ал кәсіби 
даярлыққа білімін, дағдыларын жатқыздық. 
Психологиялық даярлық:  

 
педагогикалық білім алуға мотивацияның бар болуы; 

 
мүмкіндігі шектеулі балалар құқыларының теңдігін 
мойындау  

 
балаларды құндылық ретінде қабылдау  

 
толеранттылық деңгейінің жоғарлығы  

 
эмпатия деңгейнің жоғарлығы. 
Кәсіби даярлық:  

 
арнайы педагогика негіздерін білу  

 
инклюзивті білім беру ерекшеліктерін білу  

 
оқу бағдарламаларын бейімдей алу  

 
инклюзивті білім беру жағдайында сабақты жобалай алу  

 
мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жұмысты    
ұйымдастыра білу  

 
«Топта» жұмыс жасай алу. 
Инклюзивті білім беру өз субъектілеріне қолданылатын сөздерге 
өзгеріс ендіруді талап етеді:  

28 
 
-
 
мүгедек  балалар  сөзінің  орнына  мүмкіндігі  шектеулі  немесе 
арнайы білім қажеттіліктері бар балалар; 
-
 
дефектологияның орынына арнайы педагогика; 
-
 
дефектолог маманының орнына арнайы педагог
Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  психолог  оқушы,  мұғалім,  ата-
анамен  жұмыс  жасауда  тығыз  байланыста  болып,  өзінің  бағыттарын 
беріп отырады. Ал, инклюзивті білім беру жүйесінде бұл дәстүрлі білім 
беру аздық етеді. Бала - ата-ана, педагог, отбасы, тьюторлар және білім 
беретін  ұйымдар  арасындағы  сабақтастықтың  ойдағыдай  жүзеге  асуы 
тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ.  
Инклюзивті 
білім 
беру 
балалардың 
оқу 
үрдісіндегі  
қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ  берудің  жаңа 
бағытын  өңдеуге  талпынады.  Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен 
сабақ  беруге  енгізілген  өзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше 
қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті оқыту 
балаларды  жалпы  білім  беру  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік 
бейімделуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне  қарамай  балаларды 
айыратын  кедергілерді  жоюға  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға 
балалардың  түзету-педагогикалық  және  әлеуметтік  қажеттіліктерін 
арнайы  қолдау,  қоршаған  ортаның   балаларды  жас  ерекшеліктеріне 
бейімделуіне  жағдай  қалыптастыру,  яғни  жалпы  білім  беру  сапасы 
сақталған тиімді саясат. 
  Мемлекетіміздің  әрбір  азаматы  –  ұлттық  құндылықтарымыз,  әр 
баласы  еліміздің  ертеңі  екенін  ескерсек  әрбір  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың  сапалы  білім  алып,  азамат  болып  қалыптасуына  жағдай 
жасау  біздің  міндетіміз.  Инклюзивті  оқыту  –  мүмкіндігі  шектеулі 
балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, 
адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға 
мүмкіндік  береді.  Осы  бағытты  білім  беру  жүйесіне  енгізу  арқылы 
балаларды  адамгершілікке,  ізгілікке,  қайырымдылыққа  тәрбиелей 
аламыз.  Сонымен  қоса,  инклюзивті  оқыту  үрдісі  балаларды 
толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.  
Қолданылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  2016  жылғы  1 
наурыздағы №205 Жарлығы. 
2.  Мовкебаева  З.А.  и  др.  Инклюзивное  образование.  –  Алматы, 
2014. – 210 с. 
 
 
 

29 
 
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 
БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ  
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР 
ОБРАЗОВАНИЕ И НАУЧНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ В ОБЛАСТИ 
ДОШКОЛЬНОЙ ПЕДАГОГИКИ, ПЕДАГОГИКИ И 
ПСИХОЛОГИИ 
 
НӘРЕСТЕЛІК СӘБИЛІК КЕЗЕҢДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
АБДРАМАНОВА Г.М. 
Алматы университеті, психология мамадығының студенті 
Ғылыми жетекшісі: ДҮЙСЕНБАЕВА А.О. 
Алматы университетінің аға оқытушысы, пс.ғ.м. 
 
  Өмірге келген нәресте өзінің анасынан оқшауланады.  Ол бөтен 
жағдайға  тап  болады:  суық,  күшті  жарық,  ауа  ортасы,  көректену  типін 
өзгерту  қажеттілігі  т.б.  Бұл  жаңа,  бөтен  ортаға  бейімделуге  балаға  
тұқымқуалаушылық  арқылы  бекітілген  механизмдер  –  шартсыз 
рефлекстер  көмектеседі.  Бұл  ең  алдымен  тамақтану  рефлекстерінің 
жүйесі.  Сонымен  бірге  шартсыз  рефлекстер  қатарына  қорғану  және 
бағытталу  рефлекстері  жатады.  Есту  анализаторлары  2-3  аптада  пайда 
болады.  Қатты  дыбыс,  мысалы,  есіктің  жабылуы  бала  қимылының 
тоқтауына  әкеледі,  бала  қимылдамайды  және  үндемейді.  Кейінен,  3-4 
аптада мұндай реакция адам дауысына пайда болады. Бұл уақытта бала 
дауыс  шыққан  жаққа  басын  бұрады.  Зерттеу  нәтижелері  көрсеткендей, 
алғашқы  эмоцияның  пайда  болуы  айғайлау,  тырысу,  қызару,  әртүрлі 
қимылдардан  байқалады.  2-ші  айда  бала  адам  бетіне  көз  тоқтатып, 
күлімсірейді,  қол-аяқ  қимылдарын  жасайды,  дауыс  реакциялары  пайда 
болады. Бұл реакцияны жандану комплексі деп аталады [1]. 
Нағыз  адамзат  ерекшелігінен  тұратын  жандану  комплексі  күлу, 
алғашқа 
әлеуметтік 
қажеттілік 
қарым-қатынасқа 
қажеттліктің 
туғандығын айқындайды. Ал баланың қарым – қатынасқа қажеттілігінің 
қалыптасуы,  ол  өзінің  психикалық  дамуында  жаңа  кезеңге  өткендігін 
білдіреді. Нәрестелік кезең аяқталып сәбилік кезең басталады. 
Бала  өмірінің  2-ші  жылының  даму  жетістігі-  жүру.  Бұл  баланы 
дербестікке  жетелейді  және  кеңістікті  әрі  қарай  меңгеруге  жағдай 
жасайды.  Өмірінің  2-ші  жылының  соңында  балаларда  қимыл 
координациялары  жақсарады,  олар  күрделі  әрекет  комплекстерін 
меңгере  бастайды.  Бұл  жастағы  балалардың  затты  меңгеруі  алғашқы 
ойлау  формаларының  дамуына  шешуші  әсер  етеді.  Бұл  жастағы 

30 
 
баланың  ойлауы  көрнекі  -  әрекеттік  сипатта  болады.  Заттық  әрекетті 
жетілдіру  бала  тілінің  дамуына  әсер  етеді.  Бала  сөйлеуі    диалогты 
сипатта  болады,  сұрақ  және  үлкендердің  жауап  мазмұндарынан 
құралады.  2  жылдың  аяғында  бала  өз  тілінде  екі  сөзден  тұратын 
сөйлемді  пайдаланады.  Сөйлеуді  баланың  қарқынды  меңгеруі  фактісі 
ретінде  баланың  бір  сөзді  бірнеше  рет  қайталауды  ұнатуы.  Осының 
қортындысында  бала  сөзді  дұрыс  түсінеді  және  сөзді  дұрыс  айтады, 
сөйлем  құрады.  Бұл  кезең  баланың  қоршағандардың  тілін  жоғары 
қабылдауы.  Сондықтан,  бұл  кезеңді  бала  тілінің  дамуының  сензитивті 
(жағымды)  кезеңі  деп  атайды.  Бұл  кезеңдегі  тілдің  қалыптасуы 
психикалық дамудың негізі болады [2]. 
Сәбилік  жаста  адамгершілік  сезімнің  белгілері  қалыптаса 
бастайды.  Бұл  тек  үлкендер  балаларды  басқалармен  санасуға 
үйреткенде  болады.  Өмірінің  2-ші  жылында  балада  бірге  ойнайтын 
жолдастарына  жағымды  сезім  пайда  болады.Симпатияны  көрсету  
формасы әртүрлі. Бұл күлу, жылы сөздер, жанашырлық, басқа адаммен 
қуанышты бөлісуге ұмтылу. 
Үлкендермен  қарым-қатынаста  бала  өмірінің  2-ші  жылында 
мадақтауға  жағымды  эмоционалды  реакция  қалыптасады.  Бұл  өзін-өзі 
сүю,  өзін-өзі  бағалаудың  дамуына  ішкі  жағдай  жасайды.  Сәбилік 
кезеңде  баланың  еркінің  алғышарттарының  іргетасы  қаланады.  Бұл 
алғышарттар  даму үшін бала өмірінің жағдайын, қоршаған адамдармен 
өзара қарым-қатынас сипатын өзгерту қажет болады. 
Мектеп  жасына  дейінгілердің  психикалық  даму  ерекшеліктері. 
Мектепке  дейінгілердің  психикасының  дамуының  қозғаушы  күштері 
қарамақайшылықтар,  яғни  олар  баланың  қажеттіліктерінің  дамуына 
байланысты  болады.  Олардың  маңыздылары:  қарым-қатынасқа 
қажеттілік, сыртқы әсерлерге қажеттілік, қимыл қозғалысқа қажеттілік 
т.б.  
Үлкендермен  және  құрбыларымен  қарым-қатынасқа  деген 
қажеттілік  баланың  жеке  басының  дамуын  анықтайды.  Бұл 
жастағылардың  қарым-қатынасының  негізгі  құралы-  сөйлеу.  Кіші 
мектеп жастағылар «1000» сұрақтар қояды. Мысалы: жұлдыздар неден 
жасалған, сиыр неге мөңірейді, ит неге үреді т.б. Берілген жауаптарды 
тыңдай  отырып,  бала  үлкендердің  онымен  жолдас,  әріптес  ретінде 
санасуын 
талап 
етеді. 
Балалардың 
үлкендермен 
мұндай 
ынтымақтастығын танымдық қарым-қатынас деп атайды. 
Баланың жеке басының қалыптасуында маңызды рольді баланың 
құрбыларымен  қарым-қатынасы  алады.  Балалардың  арасында  өзара 
қарым-қатынасының  әртүрлі  формалары  пайда  болады,  кездеседі.  3 
жастағылардың  өзара  қарым-қатынасы  ойыншықтармен,  заттармен  

31 
 
әрекет  негізінде  қалып  тасады.Балалары  өзара  іс-әрекет  процесіңде 
басқа балаларға жетекшелік, бағыну тәжірибелерің менгереді . Қарым-
қатынастың  генетикалық  алғашқы  формасы  болып  еліктеу  алынады. 
А.В.Запорожец көрсеткендей, баланың ырықты еліктеуі оның қуғандық 
тәжірибені  меңгеруінің  алғашқы  жолы.  Баланың  іс  әрекетінің  әр 
түрлерін  меңгеру  деңгейінде  мәнді  рольді  оның  өмір  жағдайы  мен 
тәрбиесі  алады  мектепке  дейінгілердің  іс-әрекеті  әртүрлі  ойын,  сурет 
салу, құрастыру,еңбекпен оқыту элементтері, яғни бала белсенділіғінің 
көрінуі [3]. 
Мектеп жасына дейінгілердің жетекші  әрекеті –ойын. Ойынның 
жетекші әрекет ретіндегі мәні – ойында бала өмірінің әртүрлі жақтары 
бейнеленеді,  іс-әрекет  ерекшеліктері  және  үлкендердің  өзара  қарым-
қатынасын, қоршаған шындық туралы білімді алады және бекітеді, өзі 
тәуелді іс-әрекет субъектісінің позициясын меңгереді. 
Ойын  іс  -әрекеті  ырықты  зейін  мен  ырықты  естің  дамуына 
көмектеседі.  Зейінді  жинақтау,  есте  сақрау  және  еске  түсіру,яғни 
саналы  мақсат  балаға  ойын  үстінде  ертерек  және  оңай  ажыратылады. 
Қарым-қатынас  жасауға,  эмоциялық  мадақтауға  деген  қажеттілік 
балаларды  мақсатты  түрде  зейінді  жинақтауға  және  есте  сақтауға 
мәжбүр етеді.  
Тілдің дамуына ойын үлкен әсерін тигізеді. Ойын жағдайы оған 
енген әр баладан  белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала 
ойын  барысына  қатысты  өз  тілектерін  түсінікті  етіп  айта  алмаса,  еге 
ойын  үстіндегі  жолдастарының  сөздік  нұсқауларын  ұқпайтын  болса, 
онда  құрбылары  оны  жақтырмайды.  Бұл  жағдайдағы  эмоциялық 
қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады.  Ойын ақыл-ой дамуына 
да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, 
сөздің жалпылама мағынасын қолдануды үйренеді. Рольдік ойында ой 
жүзінде  іс-әрекетжасау  қабілеті  дами  бастайды.  Алғашқыда,  әрине, 
ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады [4]. 
Рольдік  ойынның  психикалық  іс-әрекеттің  басқа  формаларын 
дамыту  үшінде  үлкен  маңызы  бар.    Ойынмен  қатар  мектеп  жасына 
дейінгі  баланың  психикалық  дамуында  елеулі  рольді  сурет  салу, 
мүсіндеу, жапсыру, құрастыру алады. Оның әрқайсысы белгілі берілген 
сапалары бар нәтиже алуға бағытталуымен сипатталады. Нәтиже алуға 
бағыттылық іс-әрекетті игеру барысында біртіндеп қалыптасады. Міне, 
осы  бағыттылықтың  қалыптасуына  қарай  бала  қажетті  сыртқы, 
практикалық және ішкі әрекеттер түрлерін меңгереді, онда эстетикалық 
тебіреністер мен шығармашылық қабілеттер қалыптасады. 
Мектепке  дейінгі  шақ  –  баланың  сезімдік  тәжірибесінің  орасан 
зор  молайып,  ретке  келу,  қабылдау  мен  ойлаудың  адамға  тән 

32 
 
формаларын игеру, қияддың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы 
естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады. 
Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін А.В. 
Запорожец  пен  оның  қызметкелерінің  еңбектерінде  көрсетілгендей, 
балалардың  сенсорлық  эталондар  жүйесін  игеруінің  ерекше  маңызы 
бар.  Сенсорлық  эталондар  балалар  қабылдау  әрекеттерін  орындағанда 
қолданылып,  тексерілуге  тиісті  заттардың  ерекшеліктерін  анықтауға 
мүикіндік  беретін  өлшем  қызметін  атқарады.  Қабылдауды  дамыту 
әсіресе  арнайы  ұйымдастырылған  сенсорлық  тәрбие  болған  жағдайда 
тиімді  өтеді.  Сурет  салуға,үйреткенде,  музыка  сабақтарында, 
дидактикалық  ойындар  процесінде  мектепке  дейінгі  балаларды 
сенсорлық  эталондар  жүйелері  мен  жоспарлы  түрде  таныстырады, 
заттарды  тексеру  тәсілдеріне,  олардың  қасиеттерін  игерілген 
эталондармен  салыстыруға  үйретеді.  Бұл  бала  қабылдауының  толық, 
дәл және бөлшектенген болуына жетелейді [5]. 
Қабылдаудың  жетіле  түсуімен  байланысты  баланың  ойлауы  да 
дамып  отырады.  Егер  сәбилік  шақта  ойлау  заттық  іс  -  әрекет 
процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық  
әрекеттің алдын алады.Ойлауды қалыптастыруда шешуші рольді оқыту 
алады.  Оқытудың  тиісті  формаларында  балалар  ойлаулың  толық 
түсініктері мен тәсілдерін игереді. 
Мектепке дейінгі шақта ырықсыз зейін мен естің басым болатын 
шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналып, эмоциялар қоздыратын 
нәрсеге  зейінді  келеді  және  назарын  аударып  есінде  сақтайды.Сөздік 
пікірлерден  гөрі  көрнекі  бейнелер  оңай  есінде  сақтақталады.  Есті 
дамытудағы үлкен өзгеріс – бала алдына есте қалдыру мақсатын қойып, 
тиісті  тәсілдерді  қолдануды  бастайтын  арнайы  мнемикалық  іс  - 
әрекеттің  пайда  болуы.  Балалардың  мінез-құлық  нормалары  мен 
ережелерін  шын  мәнінде  игеруі  педегогтың  олардың  орындалуын 
тексерудің  жақсы  жетілген  әдістер  мен  тәсілдер  жүйесінің  бар 
екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережелерді айқын тұжырымдау, 
орындаушылықты  міндетті  түрде  мадақтау,  ұқыпсыздық  пен 
тәртіпсіздікке тиісті шараларды қолдану – кіші мектеп оқушыларының 
тәртіптілігі  мен  ұйымшылдығын  тәрбиелеудің  маңызды  шарттары. 
Балада  осы  жаста  қалыптасқан  осындай  моральдық  қасиеттер  жеке 
адамның ішкі табиғи жетістігі болады. 
Бастауыш мектеп оқушыларының санасы әзірше құрдастарының 
пікірі  өзін-өзі  шын  бағалаудың  критерийі  болатындай  деңгейге 
жетпейді.  Әрине  9  –  10  жастағы  балалар  оларға  бірге  оқитын  балалар 
ептілігі,  зеректілігі,  батылдығы  үшін  берген  бағаға  өте  ынталы  және 
егер бұл баға өз қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Бірақ 

33 
 
мұндай  қынжылыстар  ұзаққа  бармайды,  және  бастысы  оларды 
мұғалімнің  немесе  басқа  үлкендердің  тарапынан  берілген  бағалаумен 
алмастыру оңай [6]. 
Қорыта келе, бастауыш мектеп оқушысы үшін мұғалімнің пікірі 
мейлінше елеулі және үзілді-кесілді болып табылады. Бастауыш мектеп 
оқушылары 
мұғалімнің 
беделін 
сөзсіз 
мойындайды. 
Олар 
мұғалімдермен  әр  түрлі  кездейсоқ  та  қарапайымынан  бастап  өте 
маңызды  да  дара  себептермен  сөйлеседі.  Балалар  өздерінің  қам-
қарекетін,  қынжылыстарын,  үйдегі  оқиғаларымен  мұғаліммен  ашық 
сөйлеседі, бөліседі. Ренжіген жағдайда кіші мектеп оқушысы мұғалімге 
айтады,  өйткені  мұғалім  барлығының  адамгершілік  төрешісі  ретінде 
көрінеді. 
Пайдаланылған  әдебиеттер  
1.
 
Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М., 2007. 
2.
 
Возрастная  и  педагогическая  психология  /  Под  ред. 
Петровского А.В.- М., 2001. 
3.
 
http://www.izden.kz/kurstyk-zhumys/psihologiya-
pedagogika/694 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz 
4.
 
http://www.rusnauka.com/ 
5.
 
Л.С. Педагогическая психология. - М., 2005. 
6.
 
Зак А.К. Развитие  умственных способностей младших 
школьников.- М., 2004. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет