Өте үлкен екі күш ерекше



Дата28.07.2023
өлшемі106,04 Kb.
#104860
Байланысты:
Тақырыптың өзектілігі


Тақырыптың өзектілігі. Мəдениетті, ұлтшыл адам тəрбиелеуге өте үлкен екі күш ерекше ықпал жасайды, ол - өнер мен білім.
Ұлттық музыкамызды құрметтеп, оны түсінуге баулу, ұлттық салт – дəстүрімізді үйрету жəне сонымен қатар музыка тілі туралы түсінік беру. Балаларды əсемдік əлеміне жақындатып, өнерге баулитын кезең балабақша. Əсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының дамуына жəрдемдеседі.
Əр ұлт өз ұрпағына ұлттық тəлім – тəрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алады.
Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең ауқымды Ел болам десең, бесігіңді түзе деген мақал тегін айтылмағаны жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі – оқу – біліммен өнегелі тəрбиемен өлшенеді.
Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір – асыл мұрат. Əр отбасында дүниеге келген сəби, өсіп жатқан жас буын, ата – анасының
ғана емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы, төл ұлтының туын көтерер перзенті. Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып, жүрек қалауымен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет етуіне қамқор болу бір ғана ата – ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің биік борышы, абыройлы міндеті екені даусыз.
Бүгінде еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінде тəрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, əншілер, жазушылар, ақындар, қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай – талай мамандық иелері шығуы əбден ықтимал.
Сол тəрбиенің бір саласы музыкалық, эстетикалық тəрбие. Музыкалық эстетикалық тəрбие денегіміз – сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету,
сондай сұлулық пен көркемдікті тек көріп қана қоймай өз бойына қалыптастыра білудің əдет – дағдыларын меңгеру.
Зерттеудің мақсаты: эстетикалық тəрбие мектеп жасына дейінгі балалардың əсемдікті қабылдап, сезіну жəне түсіну, сондай – ақ сұлулықты тек көріп
қана қоймай өз бойына сіңіре білуді əдет – дағдыларына айналдыру. Осы маңызды мақсатты орындау үшін баланың жалпы музыкалық қабілетін дамыту керек.
Зерттеу міндеттері:
1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тəрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тəрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.
2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық əсерлерін байыта беру керек.
3. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, əн айту, музыкалық – ырғақ қимыл, балалардың музыкалық аспаптарда ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.
4. Эмоциялық əсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад – биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, əншілік дауыс пен қимылдарын əрлендіре түсу керек.
5. Əн айтудың қарапайым түріне жəне қимыл əдістеріне үйрете беру, бұл
істе музыкалық шығармалардың табиғи жəне əсерлі орындалуын қадағалау керек.
6. Алған əсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық
талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жəрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.
7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен хороводтарда характерлік образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын əндер мен қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек. Проблема. Бүгінгі таң ХХІ ғасырдың көш басы, бүкіл дүниежүзілік
прогрестің дамыған шағы. Осы кезеңде де бала тəрбиесі бір сəтте назарда тыс қалмауы тиіс. Біз қаншама дамып, басқа өмір саласындағы жетістіктерге
жетсек те, Бала – Ұрпақ - Өркен деген ұғым өз деңгейінде болуы тиіс. Бүгінгі күннің алға қояр мақсаты – жан – жақты бала тəрбиесі. Ал, бала тəрбиесіне қазір үкімет тарапынан тиісті қамқорлық қайта қарала бастады. Мектепке дейінгі мекемелердің біразы қайта ашылып жəне оған деген сұраныстар көбеюде. Бұл қоғамымыздың тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі нарық кезеңінің қиындығынан өтіп, өз - өзіне келіп, адамдардың əлеуметтік жағдайы жақсара бастағынының белгісі. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде уақыт талабына сай жұмыс атқаруға, ұлттық негізде тəрбиелеу мəселесі қолға алынуға талпыныс сезіледі. Алыс аудандар мен ауылдарға жетпей жататын əдістемелік оқу – құралдары мен бағдарламалары көбірек шығарылып, барлық мектепке дейінгі мекемелерге жетсе екен. Халқымыздың болашақ ұрпағы өз заманына сай тəлімді тəрбие алуы үшін, осы мəселелерге баса назар аударылғанын қалаймыз. Сондықтан болашақ ұрпақ, соның ішінде қазақ баласының болашағы бізді көп толғаныдары. Себебі, егемен еліміздің болашағы, ертеңі – ол бүгінгі өсіп келе жатқан бала екені бəрімізге
белгілі. Осы балалардың дұрыс тəрбие алуы білікті мамандарға, тəрбиешілерге тікелей байланысты. Тəрбиеші деген үлкен ұғым, сол ұғым өз деңгейінде
болып, ғасырмен қатар қадам басқаны дұрыс.
Зерттеу болжамы. Музыка баланың сезімдеріне тікелей əсер ете отырып адамгершілік бейнесін қалыптастырады, жалпы бейімделушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға деген əсерлі көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды мазмұны
əртүрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла əсерленуге баулимыз. Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы мəдениетінің алғашқы түп негіздерін қалайды.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі тəрбие процесі.
Зерттеу пəні: Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - əрекетін ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми – практикалық маңызы. Баланың дамуына педагогикалық процестің басты роль атқаратындығы дəлелденді. Бұл жұмысты оқығандар зерттеуден өздеріне қажетті мағлұматтар ала алады. Сондай – ақ мектепке дейінгі мекеме тəрбиешілеріне де пайдалы болмақ.
І - бөлім. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - əрекетін ұйымдастыру жолдары
1.1. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары
Мектеп жасына дейінгі педагогиканың теориясы мен практикасы музыкалық
қызметті ұйымдастырудың мынадай формаларын айқындап береді: сабақ, музыканы мерекелер мен ойын – сауықта, дербес жəне басқа қызметтерде пайдалану. Ұйымдастырылған оқу іс - əрекеті. Музыка ұйымдастырылған оқу іс -
əрекеті – белгілі бір жастағы балалардың бəрі бір мезгілде қатысатын оқу процесінің формасы. Олар ұжым болып əн айтады, ойнайды, билейді. Бəрі бірдей тебіреніс – толғанысқа бөленіп, ортақ іс атқаруға талаптанған балалар əрқайсысының ісінің сəттілігі мен сəтсіздігін – бүкіл ұжым ісінің сəттілігі мен сəтсіздігі деп біледі. Бұл, сөз жоқ, балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудың тиімдірек формасы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың музыкалық қабілеттері ересектермен жəне өзге балалармен бірлесе қызмет істеуінен көрінеді. Педагог əр баланың жеке басының жетілуіне дəйекті əдістемелік тəсілдерді қолдану, бүкіл ұжымға
ортақтандыру арқылы ықпал жасайды. Бұл ретте артта қалушының қиыншылықтарды жеңіп, тез ілгерілеуіне көмектесетін құрбы – құрдастарының үлгілі істері пайдаланылады.
Ұйымдастырылған оқу іс - əрекеттер музыкалық қызметтің барлық түрі
бойынша жасалған бағдарламаға сай жоспарлы жүргізіледі. Педагог материалды бірнеше сабаққа бөле отырып, олардың əрқайсысын əрі дербес педагогикалық, əрі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігін қамтитындай етіп
ұйымдастырады. Балаларды сонымен қатар келесі оқу іс - əрекеттерде не жайлы айтылатынына, онда қандай əнді үйренетіндігіне, мерекеге қалай əзірлену керектігіне т.б. оқу іс - əрекетінің қай – қайсысы болса да өткен жəне алда жүргізілетін оқу іс - əрекетімен байланысты болуы тиіс. Оқу процесін ұйымдастырудың мынадай кестесін белгілей кетуге болады: жаңа
материалмен таныстыру, ішінара меңгерілген шығарманы түгел үйрену, алған білімдерді тиянақтау.
Іс - əрекет алмасып отырады: балалар əн айтады, билейді, ойнайды, музыка тыңдайды. Бұл педагогқа белгілі қиыншылықтар туғызады, өйткені ол балалардың назарын музыка аспаптары əуендерінің ауысуына байланысты бағыттап отырады. Əр түрлі эмоциялық жəне қимыл арқылы орындалатын тапсырмаларды ұштастыра білу жетекшінің оқытуды білікті əрі алуан түрлі етіп жүргізуіне жəрдемдеседі.
Ұйымдастырылған оқу іс - əрекеттерді ұйымдастыру балалардың жас ерекшеліктеріне қарай белгіленеді жəне ересек адам мен бала арасындағы қарым – қатынастың өзгере бастауымен айқындалады. Педагог тапсырмаларды бірте – бірте күрделендіріп, əдістемелік əдістерді түрлендіре отырып, оқу
іс - əрекеттерді жоғары топтағы балалардың анағұрлым жəне өздігінен қызмет істей алатындай дəрежеде болуын ұйымдастырады.
Жұмыс барысында туатын талаптарды ескере отырып, педагог дербес оқу іс
- əрекет формасын қолдана алады. Кейде бала оқу іс - əрекетке ұзақ уақыт қатыспағандықтан өзін қалай ұстауын ұмытып, қысылады, ұжымдық қимыл – ырғақтан шет қалып қояды. Мұндайда жалпы оқу іс - əрекеттен кейін қысқа уақыттық жеке оқу іс - əрекеттер (2 – 3 минуттық) өткізген жөн. Педагог
баланың артта қалу себептерін анықтайды, əн айтудың, қимыл жасаудың кейбір тəсілдерін түсіндіреді жəне көрсетеді, оған белгілі бір тапсырманы орындау арқылы жаттықтырады. Артта қалған баламен 3 – 4 рет сабақ өткізгеннен кейін ол ұжымда белсенді бола бастайды. Бірақ солай бола тұрса да педагог оған назар аудара жүріп қажет болған жағдайда жеке сабақтарға тартады. Балалардың музыкалық аспаптарда ойнаудың қайсыбір тəсілін меңгеруіне, кейіннен мерекеде орындау үшін қайсыбір шығарманы басқалардан жасырын үйретуіне т.б. сондайларға көмектесу қажет болған жағдайда шағын топпен сабақтар өткізілуі мүмкін.
Шағын топтармен жəне жекелей оқу іс - əрекеттер өткізу сирек кездеседі, олар қажеттілік туғанда жəне бұған тиісті жағдай болғанда ғана өткізіледі.
1.2. Музыка – оқу іс - əрекетін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу іс - əрекеті жұмысының нəтижесі мен сапасын көтеру мəселесі – бүгінгі таңда алдыңғы қатарда тұрған маңызды істердің бірі.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында да түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп, оқыту мүмкіндіктері туды. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы – осының айғағы.
Мектепке дейінгі мекемеде оқу іс - əрекетін ұйымдастырудың түбегейлі мақсат – міндеттерін жүзеге асыруда музыка пəнінің де алатын орны ерекше. Балалардың эстетикалық талғамын, рухани байлығын, əсемдігін, терең сезімін, музыкалық сауатын қалыптастыруды шығармаларды тыңдау, музыканы айту, тыңдау арқылы жүзеге асыру үшін музыка жетекшісі мен тəрбиешінің алдына көптеген міндеттер жүктейді.
Мектепке дейінгі топтарда музыка оқу іс - əрекетін ұйымдастырудың басты міндеті жəне мақсаты – балаларды музыкалық тəрбиеде түрлі көрнекілік іс - əрекеттерге қатыстыра отырып, балалар жүрегіне халық дəстүрінің рухына толы, оны қабылдай алатын біртұтас көркемдік – эстетикалық мүмкіндіктер туғызу.
Балалар музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің əдемілігі мен сұлулығын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, музыка жетекшісі осыларға сəйкес музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дəстүрін таныта білетін тəрбиенің əдістемелік көздерін табуы қажет.
Өзін қоршаған өмір мен мектепке дейінгі мекемедегі музыка сабағын тығыз байланыстыра ұстау, оқу – тəрбие жүйесіндегі басты жəне негізгі міндет болуы керек. Өйткені, өзімізді қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халықтың материалдық – рухани мəдениеті (халықтың қолданбалы өнері, зергерлік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз əдебиеті, ойын сауық, салт – дəстүр, т.б. музыкалық білім беру мен тəрбиелеудің басты мақсаты болып табылады. Мектепке дейінгі мекемедегі тəрбиенің негізгі міндеті – баланы жан –
жақты əрі үйлесімді дамыту. Музыканың атқаратын міндеті де осы.
Осы тарауда баяндалған барлық қағидалар мектепке дейінгі мекемедегі музыкалық тəрбиенің міндеттерін айқындап беруге мүмкіндік туғызады, бұл қағидалар баланың жеке басын жан – жақты жəне үйлесімді тəрбиелеудің жалпы мақсатына бағындырылып, музыкалық өнердің өзгешелігі мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп құрылады:
1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тəрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тəрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.
2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық əсерлерін байыта беру керек.
3. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, əн айту, музыкалық – ырғақ қимыл, балалардың музыкалық аспаптарда ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.
4. Эмоциялық əсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад – биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, əншілік дауыс пен қимылдарын əрлендіре түсу керек.
5. Əн айтудың қарапайым түріне жəне қимыл əдістеріне үйрете беру, бұл
істе музыкалық шығармалардың табиғи жəне əсерлі орындалуын қадағалау керек.
6. Алған əсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық
талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жəрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.
7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен хороводтарда характерлік образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын əндер мен қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек. Сонда дербес, үйренген репертуарды күнделікті өмірде қолдануға деген инициатива мен талпыныс, музыкалық аспаптарда ойнауға, əн салып, би билеуге деген құлшыныс қалыптасады.
Музыка пəні мұғалімі осы ұсынылып отырған мақсаттар мен міндеттерді барлық сыныптардағы музыка сабағында жүзеге асыруда өз шеберліктері мен əдістерін, музыкалық білімін үнемі ізденіспен толықтыра отырып қолдануы керек.
1.3. Оқу іс - əрекетінің тəрбиелік маңызы
Балаларға білім беру жұмыстарының негізгі формасы – оның барысында
əрбір балаға жүйелі мақсатты жəне жан – жақты тəрбие беретін жəне олардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыратын музыкалық оқу іс - əрекеттері.
Оқу іс - əрекетін түсіндіру қызметтің сан алуан түрін (əн салу,
ритмика, музыка тыңдау, балалар музыка аспаптарында ойнау, музыка сауатының элементтерімен танысу) қамтиды, соның нəтижесінде балалардың музыкалық қабілеттерінің жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқу іс - əрекеті
баланың жеке басының көптеген жақсы қасиеттерін тəрбиелеуге ықпал жасайды. Ол балаларды қуаныш, эстетикалық толғаныс үстінде біріктіреді, жұмыла
əрекет етуге баулиды, тəртіп мəдениетіне үйретеді, байыпты көзқарасты, ой еңбегін, инициатива мен шығармашылықты талап етеді. Сонмен қатар оқу іс - əрекеті балаларды ұйымдастырудың басқа да формаларына əсерін тигізетіні сөзсіз. Балалардың оқу іс - əрекеті барысында алған білімі, іскерлігі,
дағдысы негізінде олардың дербес музыкалық қызметі белсенді де əсерлі болады. Егер балалар оқу іс - əрекетінде үйретілген əндерін, билерін, хороводтарын бейнелі жəне қысылмай орындаса, мерекелік салтанаттар, ойын – сауықтар тартымды, қызғылықты өтеді.
Музыкалық оқу іс - əрекеттері барлық топтармен бір мезгілде өткізіледі.
Олардың құрылымы, мазмұны оқу тапсырмалары мен балалардың жасына байланысты болады. Бір жастағы баланың бақшада болу кезі ересек пен балдырғанның
белсенді қатынаста болып, оқуға үйретудің дайындық кезеңі ретінде қарастырылады. Бір жарым жастағы балалармен оқу іс - əрекеті əуелі шағын топпен 10 – 12 минут, ал содан кейін бəрін қосып өткізіледі. Екінші топтан бастап жəне мектепке дейінгі мекеменің одан кейінгі топтарының барлығында да музыкалық сабақтар аптасына екі рет өткізіледі.
Оқу іс - əрекетінің мазмұны өлең айтуға үйрету, музыка тыңдау, ритмика сауатының элементтерін, балалар музыка аспаптарында ойнауды қамтиды. Қызметтің бұл түрлерінен қамтылған білімдер бағдарламада жəне мектепке дейінгі мекемедегі əр түрлі жастағы балдырғандарға музыкалық тəрбие беру міндеттерімен белгіленген.
Оқу іс - əрекеттерінің мазмұнын ашатын кейбір жалпы мəселелерге тоқталайық.
Музыкалық оқу іс - əрекеттерінде, басқа да оқу іс - əрекеттері сияқты
жалпы тəрбие беру жұмыстары жүзеге асырылады, арнайы қабілеттер дамытылады, оқу материалына шығармашылық, инициативалық қатынас қалыптасады. Меңгерілген дағдының сапасына деген талап топтан – топқа өткен сайын
күрделілене жəне жоғарылай түседі.
Айрықша айта кететін жай əдеттегі сурет, қол еңбегі, есеп сабақтарына қарағанда музыка сабағында балаларды біртіндеп музыка қызметінің бірнеше түріне (əн салу, қозғалыс жəне тағы басқа) үйрету қатарынан жүргізіледі.
Дене тəрбиесі сабағы да балалардың əр түрлі дене қимылы қызметін – гимнастика түрінде жаттығуды, ойындардың қайта құрылуын қамтиды, бірақ олардың барлығы тек қимылды дамытуға бағытталған.
Оқу іс - əрекетін қайта құрудың қиындығы сол, жетекші əр түрлі
тақырыптағы, көңіл күйдегі шығармалар орындалып жатқанда балалардың көңіл көтеріңкілігін бəсеңдетіп алмай, муызка қызметінің бір түрінен екіншісіне іскерлілікпен аударуы керек.
Ендігі бір қиындық – оқу материалын жаттауды жүйелілікпен жүргізу: алғашқы танысу, оқу процесіндегі дағдыларды меңгеруді қайталау, оны тиянақтау, жатталғанды орындау. Бір сабақта белгілі бір шығарманы жаттау кезеңдері сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, қолға алынған үш əннің біреуі
жақсы меңгеріледі жəне нақышымен орындалады, екіншісі тұңғыш рет тыңдаладығ ал үшіншісі жаңадан жатталады. Ритмикаға үйрету процесі де осыған ұқсас – балалар жаңа бидің жеке элементтерін меңгереді, ал таныс музыкалық
ырғақтарды қайталайды.
1.4. Оқу іс - əрекеті қызмет түрлерінің өзара байланысы
Ақыл – ой мен дене жағынан дамуды, адамгершілік тазалық пен өмірге деген эстетикалық көзқарасты үйлесімді ұштастыру - əр тарапты сомдалған жеке адамды қалыптастырудың қажетті шарты. Балаларға музыкалық тəрбие беруді дұрыс ұйымдастыру көп ретте осы мəртебелі міндетке жету ісіне көмектеседі.
Музыка – балаға эстетикалық тəрбие беру құралы. Эстетикалық тəрбие мектеп жасына дейінгі балалардың əсемдікті қабылдап, сезіну жəне түсіну,
жақсы мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп көркемдік қызметтің əр түріне қамтылу қабілеттерін дамытуға бағытталады. Эстетикалық тəрбиенің жарқын құралдарының бірі – музыка. Музыка осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек. ал жалпы музыкалық қабілеттің негізгі белгілері қандай?
Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі – музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естігеніне бірге қуану не күйіну, эмоциялық əсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті.
Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір – бірімен салыстырған ой (ассоциациялар) туғызады. Марштың ырғақты əуені оның көңіл күйін қуанышты, көтеріңкі етсе, ал науқастанып қалған қуыршақ жайындағы пьеса мұңайтады, жабырқатады. Бір баланың ересек адамның радио арқылы орындап тұрған мұңды əнін естігенде: Ағай өз қайғысы жайында əн айтып тұр дегені бар. Демек,
ол адамның ішкі тебіреністерін бейнелеген əннің сарынын сезген. Музыкалық қабілеттің екінші белгісі – тыңдау қабілеттілігі, неғұрлым
жарқын жəне түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыру, оларға баға бере білу қабілеті. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мəдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін талап етеді. Мəселен балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қасиеттерін (рояль мен скрипка тағы басқа аспаптардың жоғары жəне төмен тембрлік дыбысын) бір – бірімен салыстырады, музыкалық шығарманың ең қарапайым құрылымын (əннəі бастамасын, қайырмасын, пбесадағы үш бөлімді т.б.) бір – бірінен айырады, бір – біріне қарама – қарсы көркем образдардың
айқындылығын (өлең бастамасының биязы жұмсақ жəне созылыңқы сипаты мен қайырманың жігерлі тез сипатын) байқайды. Бара – бара балалардың өздері бар ынтасымен тыңдайды жəне орындайтын сүйікті шығармаларының қоры жинақталады, музыкалық талғамдарының алғашқы негіздері қаланады.
Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі – музыкаға шығармашылық көзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды əнді, ойынды, биді көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мəселен, бала сергек басып келе жатқан балаларға, маң – маң басқан аюға, үркек қоянға, т.б. тəн
бейнелі қимылды іздейді. Таныс би қимылдары жаңа құрылымдар мен түрлерде қолданылады. Балалар қарапайым əуендерді ойдан шығарып айта береді. Музыкаға жалпы бейімделушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға
деген эмоциялық көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Балалардың тебіреніс – толғаныстары өзіндік эстетикалық реңк алады.
Музыка – баланың моральдық бейнесін қалыптастыру құралы. Музыка баланың сезімдеріне тікелей əсер ете отырып, оның моральдық бейнесін қалыптастырады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нүсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды эмоциялық – образдық мазмұны əр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла əсерленуге баулимыз. Ұжым болып əн салу, билеу, ойнау көп ретте тəрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі, мұндайда балалардың бəрі ортақ əсерге бөленеді. Əн айту қатысушылардың бəрінің бірдей күш салуын қажет етеді. Əнді дəл айтпайтын адам əннің жақсы айтылып, орындалуына кедергі жасайды, ал ол бəрінің сəтсіздігі ретінде қабылданады. Көптің бірдей тебіренуі дербес дамудың қолайлы негізін қалайды. Жолдастарының үлгісі, бəрі бірдей шаттанып,
қуанышты түрде орындауы жүрексіз, батылсыз балаларды қанаттандырады. Басқа балалардың сəтті шыққан өнері ықылассыз, өр көкірек баланың жағымсыз қылықтарға бой ұруына белгілі кедергі болып табылады. Ондай балаға
жолдастық көмек көрсетуге, сөйтіп, кіші пейілділікке тəрбиелеуге жəне оның басқадай қабілеттерін дамытуға болады.
Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез – құлқына, мəдениетіне себін тигізеді. Түрлі тапсырмаларды, іс – қимыл түрлерін (əн
айту, музыка тыңдау, балалар аспаптарында ойнау, музыка ырғағына үйлесімді қимылдар жасау) алма – кезек ауыстырып отыру балалардың ықылас қоюын, тапқырлық көрсетуін, тез қабылдап, тез тауып қимыл жасауын, ұйымшыл болуын, жігерлі күш – қимылды: əнді дер уақытында бастап, дер кезінде аяқтауды;
биде, ойындарда тезірек жүгіріп кеткісі, əлдекімдерден озып кеткісі келген ықтиярсыз тілекке берілмей, музыкаға бағынып, қимылдай білуді талап етеді. Осының бəрі тежеу процестерін жетілдіреді, ерік – жігерді тəрбиелейді. Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы мəдениетінің алғашқы түп негіздерін тəрбиелейді.
Музыка – ақыл – ой қабілеттерін жандандыру құралы. Музыканы қабылдау ақыл – ой процестерімен тығыз байланысты, яғни зейінді, байқағыштықты, тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салады, ұқсас жəне бір – бірінен өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мəнімен танысады, көркем образдардың сипатты мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйренеді.
Баланы эстетикалық жəне ақыл – ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау жəне көз алдына елестету қабілетін жандандыратын, ой – қиялын оятатын кішкентай да болса шығармашылық көріністерін барынша демеп, қолдау керек.
Ересек адам балаға шығармашылық тапсырмалар берген кезде ақыл – ой белсенділігін қажет ететін ізденіс туады. Мəселен, əн айтқанда бала əуеннің
өзі тапқан түрін жанынан шығарып айтады, əдеби мəтіннің бейнелі интонацияға сəйкестініг табуға тырысады.
Музыкалық – ырғақ (ритмика) сəтінде балалар рахаттана əндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері, пантомима, əсіресе музыкалық – ойын түріндегі драма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы қайсыбір персонажды сипаттауға итермелейді. Бұл жағдайда белгілі бір жүйе байқалады; балалар алдымен музыканы тыңдайды, тақырыпты талқылайды, рольдерді бөліседі, содан кейін барып іске кіріседі. Əрбір кезеңде
ойлануға, қиялдауға тура келетін жаңа міндеттер туып отырады.
Əн айту дауысты жетілдіреді, дауыс желбезегін бекітеді, сөзді дұрыс
айта білуге үйретеді (логопед – дəрігерлер тұттықпаны емдегенде əн айтқызу тəсілін қолданады), вокальдық – дыбыс координациясын қалыптастыруға көмектеседі. Əн салушылардың өз тұлғасын дұрыс ұстауы тынысты реттеп, тереңдете түседі.
Музыка мен қимылдың өзара байланысына негізделген ритмикамен шұғылдану баланың тұлғасын, координацияны жақсартады, аяқты нық басып, жеңіл
жүгіретін қасиет қалыптастырады. Музыкалық шығарманың динамикасы мен екпіні тиісінше қимыл шапшаңдығын,оның ауырлығын, амплитудасын, бағытын да өзгертіп отыруды талап етеді.
Мектепке дейінгі мекемедегі музыкалық əрекеттің басты түрі əн айту
болып саналады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар есту арқылы əн айтудан нота бойынша айтуға көшетіндіктен, мектепке дейінгі мекемеде музыкалық оқу іс - əрекеттеріне белсенді түрде дайындалу үшін балалар үшін барлық жағдай жасалынуы керек. Есту арқылы əн айтудан нота бойынша əн айту
– дыбыс пен нотаны ұштастыра білуді талап етеді. Осыған ұқсас жағдайда
ауызша жəне жазбаша сөздердің байланысын еске түсіруге болады. Сондықтан да баланың бойында көтеріңкі дауыс шығарудың арақатынасы туралы музыкалық – есту түсініктерін қалыптастырудың маңыздылығының мəні де осында.
Жүйеге түскен əндердің (ансамбльдік) дағдылары коллектив болып əн айтудағы тұрақты жаттығулар арқылы қалыптасады. Мұнда бұкіл музыкалық реңктердің ерекшелігін айтып отырудың маңызы зор. Егер балалар осы ерекшеліктердің мəнін, көңіл күйін жете білсе, онда олар мерекелік əндерді не үшін салтанатты түрде, шаттық сезіммен, бесік жырын баяу, ерекше мейіріммен айту керектігін біледі. Ең бастысы – балалар əрекеттерінің
ынтымақта болуы, əрқайсысы өзін əн айтушы коллективтің қатысушысы екенін сезе білуі жəне өз даусын жалпы дауысқа, ырғаққа мүмкіндігінше теңестіре білуі.
Балаларды музыкалық – ырғақтық қимылдар жасауға үйрету алған дағдыларын бекітуге бағытталған жұмыстың белгілі бір қорытындысы болып табылады. Егер əн айтуға үйрету кезінде мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасында сабақтастық болуы белгіленетін болса, ырғақты меңгеру ісі басқаша. Ырғақ мектепте айтарлықтай орын алмайды (əр түрлі жағдайларға байланысты), жүйелі жүргізілуі де жеткіліксіз. Сол себепті үйрету барысында мектепке
дейінгі жəне мектеп жүйесіндегі сабақтастық туралы айтудың өзі де қиын. Алайда мектептегі сабақтарға қажетті эстетикалық, ақыл – ой қабілеттерін, адамгершілік – еріктік сапаларын дамытуда ырғақтың қосар үлесін де бағалаған жөн.
Билерді, қол ұстасып жүрумен əн айтуды мəнерлі, дəл орындау, шығармашылық əрекеттер жасау, белсенділікті арттыру, өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру жөніндегі жұмыс одан əрі жалғастырылады. Балалар музыкалық тапсырмаларды орындай отырып, қимылдар сипатын теңдестіре білуді: жүру кезінде мерекелік жүрістің салтанатты, көтеріңкі
көңіл күйін, орыстың қол ұстасып жүріп айтатын өлеңдерінде бір қалыпты салмақтылық жағдайды; секіру кезінде жеңіл, əсем, биікке көтерілуге, қимылдарды кеңінен жасауды үйренеді.
Қимылдардың, əсіресе би жəне гимнастикалық қимылдардың көлемі айтарлықтай кеңейтіледі.
Балалардың музыкалық – ойындық, би шығармасы олардың ойындарда өздігінен ойлап табушылығын, композицияларды, қол ұстасумен əн айтуды, би билеуді ойдан шығара білу мақсатын көздейді.
Балалардың өскелең мүмкіндігі, жинақталған музыканы түйсіну тəжірибесі
оған деген белсенділікті арттыра түседі. Балалар бұл жаста кейбір музыкалық ерекшеліктерді ажыратуға, алған білімінің негізінде өзінің əнге, пьесаға, олардың сипатты белгілеріне деген көзқарастарын айта алады.
Музыка тыңдау дағдысын күшейте отырып, педагог мектепке дейінгілердің эмоционалды ықыласы мен музыканы қабылдау қабілетін жетілдіре береді. Кейде оларды сөзбен айтып жеткізуге болмайтындай кең сипатты əсер беретін шығармалармен таныстырады.
Музыкалық – дидактикалық ойындар қолдану да балалардың есту қабілетін арттырады.Олардың оңтайлылығы сонда, ойынның ойдағыдай шығуы баланың орындаушылық сапасына байланысты болатындығында. Бұл əрекет балалардың: бейнелеуші құралдарды, соның ішінде дауыс жоғарылығын, ырғақтылық қатынасты, динамикалық реңкті, тембірлік бояуды өздерінше игерулеріне бағытталған.
Сонымен, музыка тыңдау процесіне жетекшілік ету əдістемесі алуан түрлі тəсілдермен ерекшеленеді, ойластырылған, шығармашылық қарым – қатынасты талап етеді. Жалпы рекомендация балалардың музыкамен танысу барысындағы əрбір шығармаға, жағдайға байланысты нақтылана түседі. Сондай – ақ əрдайым өзіндік ерекшелігімен көрінетін дербес əсерлену де ескеріледі.
Музыкамен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жəрдемдеседі. Тəрбиенің барлық жақтарының өзара байланыстылығы музыкалық қазметтің алуан түрлері мен формалары процесінде қалыптасады. Балалардың эмоциялық елгезектігі мен музыкалық есту қабілетінің жетулуі олардың ізгі сезімдер
мен іс – қылықтарға қолдарынан келетін формада жауап қайтаруға мүмкіндік береді, ой қызметін күшейтуге көмектеседі, мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл – қозғалыстарын ұдайы жетілдіре отырып, дене жағынан шыңдап шығарады. Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі. Балаларға эстетикалық тəрбие
беру міндеті өсіп отырған қазіргі жағдайда музыкалық ойыншықтар мен балалар аспаптарына айрықша рөл жүктеледі. Олар балалардың зор қызығушылығын туғызады. Сондай – ақ бұлар балдырғандарды музыка сферасына қызықтыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында отбасында да, мектепке дейінгі ұйымдарда да кеңінен қолданылады.
Мұндай музыкалық аспаптарды мектепке дейінгі балаларды тəрбиелейтін мекемелерде пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта музыкаға жеке əуестенушілік те, балалар оркестріндегі ұжымдық орындаулар да осындай мүмкіндік болып табылады.
Музыка жетекшісі əуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналысуына түрткі болуға күш салады. Балалар өздеріне таныс шағын əндерді ойнауды, жеңіл ырғақтарды немесе жеке интонацияларды ойдан шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс əуенді іріктеуді музыкалық
жаңғырықта ойнауды, əн айтуды жəне өз дауысына келтіруді, т.б. үйренеді. Бұлардан басқа, кейбір ойыншық аспаптар дидактикалық көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Олар музыка жетекшісінің мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық – сенсорлық қабілетін дамытуына, музыкалық сауаттылықтың жекелеген элементтерімен таныстыруына көмектеседі. Мектепке дейінгі ұйымда музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн.
Балалар аспаптарының дауысы таза, тембрі анық, көлемі мен салмағы
жағынан балаларға қолайлы, құрылымы қарапайым, мейлінше мықты болуы керек. Жөндеуді, жүйелі дыбысқа келтіруді қажет ететін музыкалық аспаптар сабақ басталмай тұрып ретке келтірілуі тиіс.
Балалардың музыкалық аспаптары көбінесе кəдімгі аспаптардың кішкентай көшірмесі болып табылады. Əрине, олар кəдімгі музыкалық аспаптар сияқты аталып, сыртқы көрінісі мен дыбыстауы жағынан ұқсас болғанымен, мейлінше қарапайым болғандықтан кəдімгі музыкалық аспап дыбысын толық бере алмайды. Музыкалық аспаптардың түрлері. Дыбысталуының тəсіліне жəне дыбыстың сипатына байланысты балалардың музыкалық аспаптары мен музыкалық ойыншықтарын белгілі бір түрлерге топтап бөлуге болады.
Дыбыссыздар. Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді, олар дыбыс шығармайтын клавиатуралы пианино, ойналмайтын шекті балалайка, жарғақты баян жəне т.б. дыбыссыздығына қарамастан, олардың сыртқы түрі тартымды, əрі ойынды құбылтуға мүмкіндік береді. Балалар көбінесе өздерін музыкалық жетекші дəрежесінде ұстап, үлкендерге еліктей отырып, музыка сабағын өткізеді, пианист, баян тартушы, балалайкашы болады, таныс əндерін құбылта орындайды, кейде оларды өңдеп немесе өз жандарынан шығарады. Бұл əрекеттің бəрі, сөз жоқ баланың музыкалық – есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіреді.
Барлық музыкалық аспаптардың белгілі бір тобы бар: олар шекті, үрмелі
жəне соғып ойналатын болып бөлінеді. Мұндай жіктеудің кейбір шарттылығына қарамастан, балалардың музыкалық аспаптарына пайдалануға да болады. Музыкалық аспапта ойнауды үйрету балаларды өте ерекше қызықтыратын ортада өтуге тиіс. Балалардың əуелгіде ересектер орындауындағы оркестрдің дыбысымен, ал соңынан дыбыстың сипатымен жəне əрбір музыкалық аспаптың айқындаушы мүмкіндігімен танысу қажеттігі де міне, осыдан келіп шығады. Балалар əуелі тыңдайды да, соңынан əр алуан образдарды – күннің
күркіреуін, жаңбырды, т.б. өздеріне қолайлы формада қайталап айта бастайды. Мұның өзі ойнау дағдысын бір мезгілде əрі ең қарапайым түрде игеру жəне музыкалық аспаптардың дыбысының мəнерлілігімен танысу болып табылады. Əуелден бастап балаларды дұрыс ойнауға, əсіресе ырғақты дəл орындауға үйрету қажет. Алғашқыда бір дыбысқа құрылған ырғақты əзіл, пьесалар жатталады, бұл балалардың ойнау əдістерін дəл орындауына мүмкіндік туғызады.
Аспаптардың түрлі топтары ойнау тəсілдеріндегі əр алуан қиындықты игеруді талап етеді. Музыкалық аспапта ойнауды оқыту əдістемесінде түрлі музыкалық тапсырмаларды орындауды жүйелендіру маңызды нəрсе. Ұжымдық жəне жеке жұмыста: жалпылама сабақ жəне музыканы дербес орындағанда, мерекелерде өнер көрсеткенде жəне ойын – сауықтарда бір ізділік болғаны жақсы.
Əрбір музыкалық аспап орындаудың алуан тəсілін қажет еткенімен іс
жүзінде кейде көптеген музыкалық аспаптарда ойнауды үйретуге бір мезгілде кіріседі немесе бүкіл пьесаны бірден жаттап алады. Əйтпесе басқалары үйренгенше балаға күте тұруға тура келеді. Мұның өзі баланы жалықтырып, ынтасын азайтады.
Үйрету əдістемесінің ерекшеліктерін мына міндеттер тұрғысынан
қарастырып көрелік: ойнаудың техникалық тəсілдерін игеру; жеке музыкалық аспаптарда ойнауды игеруге арналған тапсырмалардың жүйелілігі; кейбір шығармаларды жаттап алу.
Ойнау тəсілдері əрбір музыкалық аспаптың құрылымына байланысты. Ең
алдымен музыкалық аспапты дұрыс қойып, баланың ойнауына ыңғайлы ету қажет.
1.5. Музыкалық тəрбие берудегі музыка жетекшісінің ролі
Мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгілерді жалпы жəне музыкалық – эстетикалық жағынан жетілдіру ісін арнаулы білімі бар (музыкалық мектеп, колледждің немесе институттың музыка бөлімін бітірген), педагогикалық процестің теориясы мен əдістемесін жақсы меңгерген музыка
жетекшісі жəне педагогикалық колледждің жалпы музыкалық даярлығынан өткен (музыканың, сольфеджионың, хорда əн айтудың, ритмиканың, музыкалық аспаптарда ойнаудың элементарлық теориясының негізін білетін) тəрбиеші жүргізеді.
Педагогтардың (музыка маманы мен тəрбиешінің) жұмысы күрделі, сондықтан ол толық меңгеріліп, бір – бірімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.
Музыка жетекшісінің қызметін осы позициялар тұрғысынан қарастырайық. Музыка жетекшісінің қызметі мен міндеттері. Мектепке дейінгі мекемедегі музыкалық тəрбиенің жалпы ісіне музыка жетекшісі жауап береді. Ол мына істерді атқарады:
1. Жұмыс графигіне сай бүлдіршіндердің əр тобымен аптасына екі рет сабақ өткізеді. Бұл алдын ала үлкен əзірлікті, балалардың сауатты жəне əсерлі орындауы үшін музыкалық материалды іріктеп алып, үйретуді керек етеді. Бағдарламалық дағдыларды белгілеп, оның меңгерілуін қадағалайды, көрнекі материалды, құралдарды уақытылы əзірлейді, грамжазбаға жазылған
шығармаларды тыңдайды. Шағын топтармен немесе жеке балалармен егер қажет болса жеке – жеке сабақтар өткізеді.
2. Мерекелік сценарийлердің, ойын – сауық бағдарламаларының жасалуына, олардың əзірленуіне, өткізілуіне жауап береді.
3. Жеке кеңестер (консультациялар) беру жəне бірлескен сабақтар өткізу арқылы тəрбиешінің балаларды музыкалық жетілдіру саласындағы жұмысына басшылық етеді.
Кеңестер кезінде музыка жетекшісі тəрбиешіні жұмыс жоспарымен таныстырады, балаларға арналған шығармаларды үйретеді, əр бала меңгеруге тиісті шеберлік пен дағдыларға назар аударып, өткізілген сабақты талдайды (балалардың табысын жəне көмекті керек ететін қиыншылықтарын ескереді), таңертеңгі гимнастикада, басқа сабақтарда, сейіл кезінде ойналатын күйтабақтарды іріктеп алады жəне т.б. істер атқарады.
Бірлескен сабақтарда музыка жетекшісі тəрбиешілердің əн айту мен қимыл саласындағы дағдыларын дамылсыз жетілдіре отырып, оларды жүйелі түрде оқытумен болады. Мерекелер мен ойын – сауықтарда жеке жəне ұжым болып орындауға арналған шығармаларды бірге үйренеді. Мұндайда əр баланың қабілеті ескеріледі: бірінің жақсы даусы болса, екіншісі тамаша билейді,
үшіншісі жаттығуларды əдемі орындайды, ал төртіншісі мəнерлеп тақпақ айтады əрі мерекенің белсенді жүргізушісі болып шыға келеді.
4. Мезгілімен үзбей педагогикалық кездесулер өткізіп тұрады, оларда əдістемелік мəселелер шешіледі, мерекелік ертеңгіліктер мен ойын – сауықтардың бағдарламасы талқыланады. Оқу процесін жетілдіру мақсатындағы қосымша міндеттер белгіленеді.
5. Балаға музыкалық тəрбие берудің жалпы процесіне ата – аналарға
балалармен отырып қандай радио жəне телевизия хабарларын тыңдауға болатыны, отбасында қандай əн репертуарын пайдалану қажеттігі жайлы ақыл – кеңестер береді.
Музыка жетекшісі балалардың дербес музыкалық қызметінің дамуына белсенді түрде ат салысады. Ол сабақтардағы тиісті репертуардың, музыка қызметі тəсілдерінің игерілуін қамтамасыз етеді, тəрбиещшіге өлең айту, би, аспаптарда ойнаудың сапасын арттыруына көмектеседі. Олар жұмыс жоспарын ақылдаса отырып жоспарлайды, балалардың топ ішінде музыкамен айналысу орындарын ұйымдастырады. Ол топқа келіп, балаларды бақылайды. Өйткені балалардың іс - əрекеттерін көріп тұрып, көп жағдайды басқаша бағалауға, бастысы, оларда музыкамен дербес шұғылдану қажеттілігі қай дəрежеде пайда болғанын аңғаруға болады. Мұның өзі музыка тəрбиесінің дұрыс құрылғанын көрсететін басты көрсеткіштердің бірі. Сөйтіп, музыка жетекшісі мен
тəрбиешінің біріге отырып, бірегей істеген жұмыстарының нəтижесінде ғана балалардың алғашқы табыстарының ұшқынын көруге болады.
Тəрбиешінің əр баламен күнделікті жұмыс істеп, оның ынта – ықыласын, қабілетін білуі музыка жетекшісімен бірге барлық баланың көркемдік дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Музыка жетекшісі педагогқа қажетті ақыл – кеңестер береді, мектеп жасына дейінгілердің дербес музыкалық қызметіне басшылық жасауға тəжірибелік көмек көрсетеді.
1.6. Тəрбиешінің іс - əрекеті
Тəрбиешінің қызметтері мен міндеттері. Тəрбиеші балаларды музыкаға баулуда көптеген мүмкіндіктерді пайдалана алады:
1. Балалардың музыка сабақтарындағы оқу процесіне белсене қатысады. Мəселен, кіші топтарда тəрбиеші балалармен қосылып əн айтады (даусын балаларда асырмай). Орта жəне ересек топтардың əн үйренулеріне көмектеседі əрі музыка жетекшісімен біріге отырып, үйреніп болған шығарманың орындалуына баға береді. Сондай – ақ ол фортепианоның сүйемелдеуімен (егер тəрбиеші əнді таза əрі əсерлі айтатын болса) жаңа əнді айтып бере алады.
Кіші топтағы балаларға музыкалық – ырғақ қимылдарды үйрету кезінде тəрбиеші бөбектердің белсенділігін көтере отырып, қозғалыстың барлық түріне қатысады. Ал, ... жалғасы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет