Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


қосыныма?! (Нұртуған).  Кешегі кеткен  қосынға



Pdf көрінісі
бет271/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   393
қосыныма?!
(Нұртуған). 
Кешегі кеткен 
қосынға 
Жетемін деген 
Қобыландының Жоқ еді тіпті есінде 
(«Қобыланды батыр»). 
 
Құда 

 
діни. құдай, алла, тәңір. 
Парсы тілінде 
хода 
– 
құдай, тәңір 
деген 
сөз 
(ПРС., М., 1960, 188).
Алты жыл көрмегелі азаматым, Болған соң рауасы 
қадыр 
Құда
.
Деген соң: «Әмірім солай!» бізге міндет,
 
Бәлеге сабыр қылмақ 
қазақ о да 
(Нұртуған).
Ашытқан зәһар бағанадан, Інінен шығып ол жылан, 
Тілге келіп сөйлейді Рұқсат болып 
Құдадан 
(Ерімбет).
Мен сізден қашамын ба 
бөтен жаққа, 
Құданың 
асығыс жоқ бұйрығына 
(«Айман – Шолпан»).
«Ата-
анам, ел-жұртым, Тапсырдым енді 
Құдаға»
(«Қобыланды батыр»). 
 

Құй
– 
мейлі (кезектестік жалғаулығы).
Құй
патша бол, 
құй 
бек бол, 
Жүру керек бұрынғы Ата пішкен үлгімен! 
(Нұртуған).
Өзіңнің қарамағыңнан 
үміт етіп, Мен келдім аулақтағы сонау Сырдан. Патшаға 
құй
ұстап бер, 
құй


196 
алып қал, Деп келдім тұтылайын босағаңнан 
(Нұртуған). 
Құй
балта қыл, 
құй
қылыш, Яки қанжар қыл пышақ. Сұғар қоңыр таппенен Осқылар болса жаяның, 
Төгінді қара тұзбенен 
(Ерімбет)

Құл, қыл, хілл 

 
1) рұқсат етілген, ерік берілген; 2) заңды әрекет, 
қимыл, жүріс. 
Бұл сөз 
бақұл, дақыл
сияқты сөздерде кездеседі. 
Бахілл 
арабтың 
хілл
 
сөзі мен парсының 
бә
демеулігінің қосылуынан пайда болған 
(Л. Будагов).
«Қара көз, қызыл түкті жүз нар берсін, Бермесе Атымтайды деймін 
бақыл!
Бұлайша ақыл таптым» дейді-дағы, Елшіден нама жазып қылды 
дақыл
(Ерімбет). 
«Сүйікті сұрағанға сөйлемеген,− Хадисте деп айтады 
бақұл
болмас!» Ереке, егес сөзге қойма қадам, Тұтылып тұзағына, мысалы, ханнас! 
(Ерімбет).
 
Құл-құтан 
− 
құл мен қотан (қора) маңындағы жұмыста жүретін 
жарлы жақыбайлар. Құл
– 
басында еркі жоқ, біреу үшін қызмет істейтін 
басыбайлы ер адам.
Қырғыз тілінде 
қутан –
жалшы дегенді білдіреді. 
(КирРС., 
М., 1940, 404).
Қотан − 
көптеген түрлі тілдерде қора, мал жататын орын 
дегенді білдіреді. 
Осы сөз өзбек тілінде 
қутон
– бір қора қой, қой жататын 
қоршалған ашық қора дегенді білдіреді 
(УзРС., М., 1959, 638).
Еріксіз 
жорғалайды тіл мен жағым. Сендерді бұрынғыдай күйде көрсем, Бір сергіп 
қалар еді шыбын-жаным. Досың кім, дұшпаның кім жазбай танып, Қорғайық 
құл-құтанның
келген бағын! 
(Нұртуған).
Құл-құтан
мен кедейдің, 
Арылмаған қашанда Маңдайына біткен сор, қайғы. Байлардан тепкі көрген соң, 
Аштықтан өле берген соң, Барымта, ұрлық зорайды. Қашып шыққан шаруалар, 
Құл-құтан
мен қаралар, Аулаққа салды кетегін 
(Нұртуған). 
Орынбор деген 
қалаға. Жеті күннің ішінде, Сырға хандық құрмаққа Алып келді қағазын 
Осындай бір жобада. Бай менен хан үлгіріп, 
Құл-құтан
жүрді тобада 
(Нұртуған).
Етікші, үйші, темірші, Заводшы, жалшы, көмірші. Жарлы-жалшы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет