нафсун –
ниет, тілек, қызығу, шабыт дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 1043). Нәпсі – жар, шайтан –
бөрі қорғалаған, Ойнаған – иман – жарға қозы-лақтай. Солардан саулығыңды
сақтанбасаң, Қоя ма аңдып жүрген бөрі шаппай?
(Ерімбет); Нәпсі шапты –
көңілі кетті, ықыласы түсті; Нәпсіқұмар –
көрінгенге қызыққыш, жеңіл жүрісті қанағатсыз адам ;
Нәпсісін тыйды –
қанағат етті. Жақанның тұл қатыны байға тимек,
Баласын қимай біраз шыдаса да. Кете алмай жүрсе дағы орнын қиып, Жас кісі
қалай тұрсын
нәпсі тиып (С. Торайғыров). І Нәубет − бәле, қырсық, бақытсыздық. Араб тілінде
наубатун –
бақытсыздық, кесел-кесапат дегенді білідіреді
(АРС., М., 1958, 1065). Әуелі
Адам сафи, Ідіріс өтті, Ерте-кеш, пенде болса,
нәубет жетті. Мәшүріп
Мағұрыппен толған адам – Көп қауымы Нух пайғамбарың − қайда кетті
(Ерімбет). Ажалым жақын таянып, Жетті ме енді
нәубетім («Қыз Жібек»); ІІ Нәубет − кезегімен келетін жақсылық, рақым, дәулет . Араб тілінде
наубатун –
кезек; рет-ретімен дегенді білдіреді
(АРС., М., 1958, 1064). Тәж
киіп, таққа отырып бұл төртеуі, Жөнелді
нәубет-нәубет қылапаттан. Әйелден
Хасан ғази тартып залал, Хұсейін опат болған шаһрадаттан
(Ерімбет) Қазаға
разы болмаған Тәңірі алдына барғанда Рахметтен
нәубет құр қалар
(«Қыз Жібек»);
209
Нәубет жаршысы – алдағы уақытта болатын жақсылықты жариялаушы (болжаушы) адам. Бұл құдайдың бізге жіберіп тұрған бір